19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / Салауат айту

Салауат айту

Сұрақ: Намаздан кейін салауат айтудың сауабы көп дейді және салауат қалай оқылады?

Жауап: “Салат” - дұға деген сөз. Ал “салауат” дегеніміз “салат” сөзінің көпше түрі, дұғалар дегенді білдіреді. Салауат қысқаша: “Аллаһүммә салли ала Мухаммәд уә ала али Мухаммәд” деп айту. Пайғамбарымыздың аты айтылғанда “алейһиссалам”, “алейһиссалату уәссәләм” немесе ”саллаллаһу алейһи уәсәлләм” деп айтумен де Пайғамбарымызға дұға етілген, яғни салауат етілген болады. 

            Бір аяти кәримада былай делінеді:

            «Аллаһ және періштелері расулуллаһқа салат етеді. Ей иман келтіргендер! Сендер де шын көңілден беріліп оған салат етіңдер, салауат айтыңдар.» (Ахзаб 56)

            Аллаһтың салат етуі рахмет етуі, періштелердікі дұға етуі, мұсылмандардікі болса оның шапағатын сұрауы деген сөз.

           Көргеніміздей расулуллаһқа салат, яғни салауат айтуымызды Аллаһу та’ала тікелей өзі Құран кәрімде әмір етуде. Сондықтан Расулаллаһ алейһиссаламға өмірде бір рет салауат айту парыз. Есімі аталған кезде яғни оқығанда, жазғанда, естігенде ең алғашында бір рет салауат айту уәжіп, кейінгілерде айту мүстаһаб болады.

            Хадис шәрифтерде былай делінеді:

            «Маған бір рет салауат айтқан адамға Аллаһ және періштелері жетпіс салауат айтады.» (И. Ахмед)

            «Шапағатыма ең лайықты болғандарың – маған ең көп салауат айтатындарың.» (Тирмизи)

            «Маған көп салауат айтқан адамның дерттері кетеді, күнәлары жойылады.» (Тирмизи)