19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Мешіт әдебі

Мешіт әдебі

Сұрақ: Мешітте сөйлесу жақсы емес деп естідім, бірақ біреу бізге сөйлегенде жауап бермесек тағы болмайды. Ондай кезде не істеуге болады?

Жауап: Мешітке кірерде итикафқа ниет ету керек. Сол кезде сөйлесудің зияны болмайды. (“Ибн Абидин” намаздың мәкрухтарының соңы, Фатх-ул-қадир 1-том, 367-бет)

 

Сұрақ: Мешіттің ішінде дүние сөзін сөйлеу, адамның жақсылықтарын кетіретініне қарағанда, қажеттілік болғанда, мәселен суық келіп жатыр, терезені жауып жібересіз бе? алдыңғы қатарда, балконда бос орындар бар сол жерге өтесіз бе? деген секілді сөздер айту дүние сөзіне жата ма?

Жауап: Мешітте малаяни (бос сөз) емес сөздер айту дүние сөзі болып саналмайды. Яғни қажеттілік кезінде сөйлесудің зияны жоқ. Ең абзалы мешітке кірерде итикафқа ниет етілсе әрі ғибадат еткен адамның, әрі намаз оқыған адамның сауабын алады. Итикаф деп бір мезгіл мешітте қалып ғибадат етуге ниет етуді айтады. Итикаф - өзін бір мезгіл мешітке қамау деген сөз. (“Ибн Абидин” намаздың мәкрухтарының соңы, “Фатх-ул-қадир” 1-том, 367-бет)

 

Сұрақ: Мешітте ішіп-жеудің, ұйықтаудың және әңгімелесудің дұрыс еместігін, ал итикафқа ниет еткен адамның бұларды жасауына болатынын айттыңыз. Итикаф деген не? Итикафқа қалай ниет етіледі? Итикафтың маңыздылығы жөнінде айтасыз ба?

Жауап: Итикаф деп мұсылман адамның ниет етіп, аз немесе көп уақыт мешітте қалуына айтады. Әрдайым итикаф ету сүннети муаккада. Рамазан айының соңғы он күнінде итикаф ету өте абзал. Итикафты тәрк ету бес уақыт намаздың сүннеттерін тәрк еткенмен тең. Мешітке кірген адам итикафқа ниет етіп кіруі және “тахийатул мәсжид” намазын да оқуы керек. Мешітте оқылған кез келген намаз тахийатул мәсжид намазының орнына өтеді. Мәселен ақшам намазының парызын оқығанда тахийатул мәсжидке де ниет етілсе, ақшам намазының парызымен тахийатул мәсжидті де оқыған болады. Тахийатул мәсжидке де ниет етілгені үшін сауабы да көп болады.

Итикафтың ең аз мөлшері яғни “мешітте болу мерзімі” имам Мұхаммед бойынша қысқа ғана бір уақыт. Шафии мазһабы бойынша “калимаи тауһид”-ті айтатындай уақыт. Әрдайым мешітке кіргенде итикафқа ниет ету керек. Қаза намазын оқыған кезде тахийатул мәсжидке де ниет ету керек. Итикафқа ниет еткен адам жеп-іше алады және сөйлесе алады.

Пайғамбарымыз рамазан айының соңғы он күнін итикафпен өткізетін еді. Итикаф еткен адам мешітте қалған уақытынша намаз оқығандай сауап алады.

Ислам ғұламалары айтады:

Итикафқа кірген адам әулие кісінің есігінің алдында отырып: «Сұрағанымды бермейінше бұл жерден кетпеймін» деп жалынып-жалбарынған адамға ұқсайды. Итикаф еткен адам Аллаһу та’аланың мешітінде: «Мені кешірмейінше бұл жерден кетпеймін» дегенді білдіреді.

Сондықтан мешітке кіргенде итикафқа ниет етуді ұмытпау керек. Мешітке үнемі барып тұрудың құндылығы осы жерден де аңғарылады. Жер бетінде ешбір заман әулиесіз өтпейді. Тақуа ғалыммен намаз оқу пайғамбарымызбен бірге намаз оқығандай құнды екені хадис шәрифтер арқылы білдірілген. Мешітке және жамағатқа баруды үзбейтін адам осындай сансыз ниғметтерге қауышады. “Бөлінгенді бөрі жейді. Бірлік бар жерде береке бар” демекші мұсылмандардың бір-бірлерімен танысуы, бір-бірлерін жақсы көруі, қол алысуы үлкен ниғмет болып табылады. Мешітте білмейтін нәрселерімізді үйренгеніміздей білмейтін адамдарға да үлгі болуымыз мүмкін. (“Хадиқа” 1-том, 318-бет. “Ибн Абидин” 1-том, 445, 456-беттер. 2-том, 128, 135-беттер. “Бәриқа” қол апаттары)

 

Сұрақ: Мешітте аяқкиімдерді арт жаққа қою мәкрух болғандықтан, пакетке салып, өз тұрған сабымның алдына қоюдың діни тұрғыдан зияны бар ма?

Жауап: Мешітке тек мұсылмандардың аяқкиімдерін ұрлау үшін келетін адамдардың бары ақиқат. “Аяқкиімімді ұрлап кетпей ме” деп алаңдаумен намаз оқу да мәкрух. Сондықтан аяқкиімдерді алдыңғы жағымызға және оң жағымызға қоймай, сол жағымызға қоюдың сүннет екендігі “Бәриқа” кітабының соңында жазылған. Мешіт қызметкерлерінің рұқсат етпеген жерлеріне де аяқкиімімізді қоймау керек.

Сұрақ: Жұмыс орнымыздағы бір бөлмені мешіт ретінде қолданамыз. Дәретсіз мешітте отырудың діни тұрғыдан зияны бар ма?

Жауап: Мешіт ретінде қолданылатын бөлмелерге де дәретсіз кіріп отыру жаиз емес. Бірақ бір шұғыл нәрсе үшін дәретсіз кіріп шығуға болады. (Дүрәр)

 

Сұрақ: Мешітте арт жақтан дауыстап Құран кәрім оқылса, алдыңғы қатардағылардың артқа қарап бұрылып отыруыкерек пе? Қыблаға қарсы отырып тыңдаудың діни тұрғыдан зияны жоқ па?

Жауап: Екі түрде де жаиз. Бірақ Құран кәрім оқып жатқан адамға қарай бұрылып отырып тыңдау абзалырақ болады.

 

Сұрақ: Біздің қаладағы бір мешітке диспенсер (суды салқындататын тоңазытқыш) қойылыпты. Кірген шыққан адамдар су ішуде. Тағы мәуліт кезінде мешіттерде тәтті тағамдар, сусындар береді. Мешіттің ішінде ішіп-жеуге және әңгімелесуге бола ма?

Жауап: Итикафқа ниет етілсе болады. Итикафқа ниет етілмесе, мешітте ішіп-жеу және әңгімелесу жаиз емес. (“Ибн Абидин” намаздың мәкрухтарының соңы, “Бәриқа” соңы)

 

Сұрақ: Мешітке кіріп біраз отырған соң немесе отырмастан парыз немесе сүннет намаздарын оқығанда “тахийатул мәсжид” намазын да оқыған болып санала ма? Оған қосымша тахийатул мәсжидке деп ниет ету қажет па?

Жауап: Мешітке кіргенде екі рәкат намаз оқу сүннет. Ол намаз тахийатул мәсжид деп аталады. Мешітке кіргенде парыз немесе нәпіл намазы оқылса, тахийатул мәсжид намазы да оқылған болып саналады. Оқылған намазға тахийатул мәсжидке деп бөлек ниет етіп отырудың қажеті жоқ. Мешітте оқылған кез келген намаз тахийатул мәсжид намазының орнына өтетіні үшін парыз намазын оқыған кезде тахийатул мәсжид намазына да ниет етудің ешқандай зияны жоқ. (“Ибн Абидин” 1-том, 445, 456-беттер. 2- том, 128,135-беттер. “Бәриқа” қол апаттары)

 

Сұрақ: Жамағатқа үлгеру үшін мешітке жүгіріп барудың діни тұрғыдан зияны бар ма?

Жауап: Жамағатқа үлгеру үшін де мешітке жүгіріп бару дұрыс емес.

 

Сұрақ: Мешітте намаз оқып жатқан адамдардың алдынан кесіп өту жаиз ба?

Жауап: Далада, үлкен немесе кіші мешіттерде намаз оқып жатқан адамның алдынан жақыннан немесе алыстан, әйел-еркек немесе ит т.б. нәрсе кесіп өтетін болса, ол адамның намазы мүлдем бұзылмайды. Далада және үлкен мешітте намаз оқып жатқан адамның аяқтары мен сәждеге баратын жерінің арасын, ал кіші мешіттерде және бөлменің ішінде аяқтарымен қыбла дуалының арасын кесіп өткен адамға күнә болады. Қыбла дуалымен артқы дуалының арасы 20 метрден аз болған мешіт кіші мешіт үкімінде болады.

Осыдан қорыта айтқанда егер де мешітіңіз кіші мешітке жататын болса, намаз оқып жатқандардың алдынан кесіп өту күнә болады. Ал үлкен мешіттерде тек аяқпен сәждеге баратын жердің арасынан кесіп өту күнә болып табылады. (“Ибн Абидин” 1-том, 467, 468-беттер)