Имам Ағзамның хадис ілімі
Сұрақ: Жаңадан пайда болған кейбір топтар Имам Ағзам жайлы «Әбу Ханифаның хадис ілімі заиф» деп жиі айтатын болды. Бұлардың мақсаты не? Жауап: Имам Ағзам Әбу Ханифаны әдетте мазһабсыздар “Имам Ағзам” деп айтқысы келмегендіктен “Әбу Ханифа” деп атайды. Олардың сөздеріне мән бермеу керек. Хадис ілімін білмеген адам фиқһ ілімін қалай білсін? Бұл екі ілім бір-біріне тығыз байланысты. Фиқһ ғалымы - өзге ілімдермен бірге хадис шәрифтерді де жақсы білген адам деген сөз. Мәулана Мұхаммед Абдулжәлил былай дейді:
«Имам Ағзам Әбу Ханифа уәра және тақуа иесі еді, хадис нақл ету үшін өте ауыр шарттар қойған. Тек осы қойған шарттарына сай хадистерді ғана алатын. Сондықтан, аз хадис риуаят етуі оның мадақтауға тұратын бір қасиеті. Үлкен бір мазһаб құру және жүзмыңдаған мәселені аяттардан, хадис шәрифтерден дәлел тауып шешу, тәфсир мен хадис ілімдерін жетік білмейтін адамның қолынан келетін іс емес. Ұқсасы жоқ, тек өзіне тән бір мазһаб құруы, Имам Ағзамның тәфсир мен хадис ілімдеріндегі дәрежесін айдан-анық көрсетіп тұр.”
Имам Зәһәби былай дейді: “Имам Ағзам Әбу Ханифа хадис ғалымы еді. Төрт мың ғұламадан хадис үйренді. Бұл ғұламалардан үш жүзі Табиин дәуірінің хадис ғалымдары еді.” Шафии мазһабының асқар тауларының бірі болған – Имам Шарани хазреттері былай дейді: «Имам Ағзамның мүснәдтерінің үшеуін зерттедім. Барлығы Табииннің мәшһүр ғұламаларынан риуаят етілген.»
Тағы да Шафии мазһабының мәшһүр ғалымдарының бірі болған Ибн Хажәр Мәкки хазреттері де былай деген: «Ұлы хадис ғалымы Амәш, Имам Ағзам Әбу Ханифадан көптеген мәселені сұрады. Имам Ағзам хазреттері сұрақтарының әрбіріне хадис шәрифтер оқып жауап берді. Амәш Имам Ағзам хазреттерінің терең ілімін көріп: “Ей фиқһ ғалымдары! Сендер дәрігерге, біз – хадис ғалымдары болсақ дәріханашыға ұқсаймыз. Хадистерді және риуаятшыларын біз айтамыз. Біздің айтқандарымыздың мағыналарын сендер түсінесіңдер.” деді. Убәйдуллаһ бин Амр да ұлы хадис ғалымы Амәштің жанында еді. Біреу келіп бірнәрсе сұрады. Амәш бұл сұрақтың жауабын ойлана бастады. Сол уақытта Имам Ағзам келіп қалды. Амәш бұл сұрақтың жауабын Имам Ағзамнан сұрады. Имам Ағзам дереу жауабын айтты. Амәш бұл жауапқа қайран қалып: “Ей Имам! Мұны қай хадистен шығардың?” деді. Имам Ағзам бір хадис шәриф оқып: “Осы хадистен шығардым. Мұны сенен естігенмін.” деді.»
Мазһабсыздардың ислам ғалымдарының көркемдіктерін, үстемдіктерін қорқпай жоққа шығаруларына қарағанда, Сәләфус-салихинге дұшпандықтарымен мужтәһид ғалымдарға және бұлардың ең алдында тұратын Имам Ағзам хазреттеріне деген күншілдігі, көңілдерін соқыр қылып, ар-ождандарын улап тастағанын көрсетеді. Бұлар өздерінде болмаған ұлы қасиеттердің өзге салих адамдарда болуын да қаламайды. Сондықтан дін имамдарымыздың үстемдіктерін жоққа шығаруда. Мұндай жалаларды тек дін дұшпандары ғана айта алады. Олардың бұл жалалары Имам Ағзамның кемелдігіне куә болуда. Өйткені надандардың жамандаулары ғалымдардың кемелдігін көрсетеді. (Сәйф-ул-муқаллидин) |