19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Адамның емес Аллаһтың ұнатқаны маңызды

Адамның емес Аллаһтың ұнатқаны маңызды

Адам – Аллаһу та'аланың жаратқан махлұқтарының (жаратылыстар) бірі. Өзіне ақыл, қалау еркіндігі және рух берілу арқылы өзге махлұқтардан үстем етілген. Сонымен қатар жоғарылауы, төмендеуі үшін және дүниеде өмір сүре алуы үшін, өзіне өзге махлұқтарға берілмеген нәпіс те берілген. Адам баласы өзіне ихсан етіліп берілген бұл ерекшеліктерімен өзге махлұқтардан үстем етілсе де, бұларды әмір етілгеніндей қолданбаса жануарлардан да төмен халге түседі. Өйткені Араф сүресінің  жүз жетпіс тоғызыншы аяти кәримасында: «Олар жануар сияқты. Бәлкім жануардан да азғын. Нағыз ғафилдер – солар.» делінген.

Адамның жаратылу мақсаты Иесіне, Жаратқанына құлшылық ету. Құлшылық ету дегеніміз әмір етілгендерді орындау және тыйым салынғандардан сақтану деген сөз. Бұл жағдай Зарият сүресінің елу алтынша аяти кәримасында былай деп білдірілген: «Адамдар мен жындарды тек Мені біліп мойынсұнулары үшін, ғибадат етулері үшін жараттым.»

Ғибадат етуден мақсат – Аллаһу та'аланың әмір еткен, Оның Расулы болған Мұхаммед алейһиссаламның ашып түсіндірген, хабар берген, Сахабалардың нақыл еткен және мүжтәһид ғұламалардың кітаптарында жазып білдіргендеріне мойынсұну. Бұл айтылғандарға мойынсұнылса Аллаһу та'алаға құлшылық етілген және үстем болып жаратылған адамдық мәртебеге қауышылған болады. Кері жағдайда бұл мәртебеден махрұм қалып, жануарлардан да төмен дәрежеге түскен болады.

Иман және ғибадат – қалай әмір етілген болса, дәл солай сену және орындау деген сөз. Өз ақылымыздың ұнатқандарына, өз пікіріміз бен көзқарастарымызға иман-ислам, ғибадат деп сенуіміз,  орындауымыз, насихаттауымыз және кітапқа, журналға жазуымыз – бұл Аллаһқа қарсы шығу, Оны жекпе-жекке шақыру және Оны сауатсыз орнына қою болып табылады. Кім осындай опасыздыққа бел байласа, жануардан да төмен дәрежеге түседі.

Олай болса, өзіміз ұнатып мақұлдағандарды емес, Жаратушымыздың ұнатып разы болғандарын орындау маңызды. Неге десеңіз біздің ұнатқандарымыз, жақсы көргендеріміз және істегендеріміз біз үшін зиянды, тіпті пәлекетімізге себеп болуы да мүмкін. Өйткені Бақара сүресінің екі жүз он алтыншы аяти кәримасында: «Сендердің ұнатып, жақсы көрген көп нәрсе бар, бұлар негізінде сендер үшін зиянды.» делінген.

Сондықтан ғибадаттарға енгізілетін өзгеріс аз болса да, пайдалы болып көрінсе де, мұндай өзгерістер мен жаңалықтар енгізуден және оларды істеуден өте аулақ болу керек.

Ислам діні мен мұсылмандарды жойғысы келетіндер ғасырлар бойы мұсылмандарды христиан қылуға, мешіттерді шіркеуге айналдыруға тырысып келеді. Бұл арам ойларын сездірмей іске асыра алу үшін өздері де мұсылман болып көрінуде. Келешекте мешіттерге шіркеудегі секілді қатар қатар орындық кіргізе алу үшін, сәжде етілетін жерлерді біршама көтерейік деген ұсыныспен шығуда. Аяқ басатын жерге сәжде етуге болмайды, ауру пайда болады деген ұран тастап, сәжде етілетін орындарды жылдар бойы көтере-көтере столға айналдырамыз деп ойлауда. Стол болғаннан кейін орындық та болады. Онсыз да бүгін мешіттерде табуреткада отыратындар сабының пайда болғаны сыр емес. Мешіттердің бір бұрышында шіркеулерде болғанындай, сазды аспап құшақтаған әншілер тобын көруді армандаған бұл арам ойлылар мешіт жамағатының көзін музыкалық аспаптарға үйрету үшін, тірлікті мешітке микрофон алып кірумен бастаған. Арадан өткен отыз-қырық жылдың ішінде мешіттерге микрофонның артынан магнитофон, әр түрлі диск оқитын аспаптар, тіпті теледидарлар да кіріп келді. Айт және жұма күндері сияқты қасиетті күндерде жамағат жиналып болғанша сол аспаптардан үнтаспаға жазылған қырааттар есіттіру әдетке айналды. Кейбір мешіттерде муаззиндердің мұнараға шықпауларын есепке алмағанда тіпті азан айтуға да ерініп, азанды үнтаспадан оқытып жатқандар күзетілуде. Ондайлардың негізгі мақсаттары ғибадаттарды музыкалық аспаптармен орындайтын халге жеткізу. Микрофон, магнитофон секілді құралдармен ғибадат ету сырттан қарағанда пайдалы болып көрінсе де, негізінде бидғат болып, ғибадаттардың көп тұстарының өзгеріске ұшырауына себеп болып жатқандықтан, ондай құралдарды ғибадат етілетін мекендерге кіргізбеу керек. Ислам дұшпандарының жоспарларына, тұзақтарына ілігіп қалудан абай болу керек.

Дінімізде күнә болмаған мубах бір нәрсенің, егер адамдардың санасына ғибадаттың бір түрі екен деген ой әкелу қауіпі болса, ол істі істеудің харам, үлкен күнә болатыны фиқһ кітаптарында жазылған. Сондықтан мұслымандардың зерек, ояу, ғибадаттарын сахабалар секілді, мүжтәһид ғалымдардың кітаптарында білдірілгендей етіп орындауға қатты мән берулері керек. Сахабалардан Әбу Хурәйра хазіреттерінің риуаят еткен бір хадис шәрифінде: «Сондай заман келеді, мұсылмандар бір-бірінен ажырап, бөлініп кетеді. Исламды тастап өз ойларымен көзқарастарына еріп кетеді. Құран кәрімді музыкалық аспаптармен әнге ұқсатып оқитын болады. Аллаһ үшін емес, өздерінің зауқы үшін оқитын болады. Бұлай оқығандармен тыңдағандарға ешқандай сауап берілмейді. Аллаһу та'ала оларға лағнет етеді. Азап береді.» делінген.

Кабул-Ахбар хазреттері былай дейді:

“Аллаһу та'алаға ант етемін, сендердің біреуің шығыста болып, жаһаннам оты батыста болса, сосын сол жаһаннам оған көрсетілсе, ол адам жаһаннамның ыстықтығына мүлдем шыдай алмас еді. Ей адамдар! Аллаһу та'аланың ұнатқан нәрселерін орындау өте оңай. Сондықтан Аллаһу та'алаға мойынсұныңдар. Бұл отқа түспеңдер, өйткені шыдай алмайсыңдар.”

Хазреті Әбу Абдуллаһ Туруғбади: “Аллаһу та'аланың разылығына қауышу үшін Оның ұнатқан нәрсесінен басқа нәрсені істемеген адамға сүйінші болсын. Өйткені Оған қауышу үшін Оның разы болған нәрселерінен басқа уәсилә (себеп, жол) жоқ.” деген.

Бәкір Сыдқи Уисали хазреттері де шәкірттеріне жиі-жиі: “Дүниенің ақшасына, мал-мүлкіне көңілдеріңді байламаңдар. Бір күні барлығы жоқ болып қолдарыңнан кетеді. Тек Аллаһу та'ала және Оның ұнатқан, жақсы көрген амалдары ғана қалады.” деп айтатын еді.