19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ғибратты оқиғалар / Пайғамбарлар өмірінен / Яһуди дінбасының мұсылман болуы

Яһуди дінбасының мұсылман болуы

Пайғамбарымыз өмір сүрген кезеңде Шам (Дамаск) қаласында бір яһуди дінбасы бар болатын. Бір күні Тәуратты оқып отырып, 4 бетте пайғамбарымыздың есімін кездестіреді. Ол Ислам дініне қас болатын. Өшпенділікпен бұл беттерді жыртып тастайды.

Екінші күні Тәуратты оқуға кіріскен кезде 8 беттен тағы да пайғамбарымыздың есімін оқиды. Ол беттерді де жыртып тастайды.

Үшінші күні тағы 20 бетте пайғамбарымыздың есімін кездестіреді. Бұл жолы ойланады. Өзіне-өзі «Оның есімі кездескен барлық беттерді жырта беретін болсам кітап таусылады. Мұнда бір даналық болуы керек» дейді.

Ол кезде пайғамбарымыздың Ислам дінін уағыздап жатқан хабары оның еліне дейін жетіп келген болатын. Ұзақ сапар шегіп, Мәдинаға барады. Бірақ, пайғамбарымыздың қайтыс болғанына 4 күн болған еді. Дінбасы мұны естігеннен кейін жылай бастайды. Сонда хазреті Әли сұрайды:

- Ей, жолаушы. Сен кімсің? Неге жылайсың?

- Мен бір яһуди дінбасымын. Шамнан (Дамаск) келдім.

- Тәураттан пайғамбарымыздың есімін көрген кезде парақтарды жыртқан сенсің бе?

- Иә, оны қайдан білесің?

- Сенің келетініңді пайғамбарымыз айтқан болатын.

Бұл сөздерден кейін дінбасының Ислам дініне ешқандай күмәні қалмайды. Кәлимаи шаһадатты айтып, сол жерде мұсылмандықты қабылдайды.