21 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     23 - Қараша, 2024 жыл.   


Бұлбұлдың арманы

Намруд деген залым патша Ибраһим алейһиссаламды отқа тастаған кезде бүкіл періштелер, жануарлар және құстар жылай бастады және айналасына жиналып Ибраһим алейһиссаламға бір көмек берудің шарасын іздей бастады. Бұлардың ішінде кішкентай ғана бұлбұлдың балапаны да бар еді. Өзін отқа тастайын деп тұрған мезетте Аллаһу та’ала Жәбірейіл алейһиссаламға әмір етіп, былай бұйырды:

- Ол құсты ұста және қандай тілегі барын сұра.

Жәбірейіл алейһиссалам құсты ұстап не қалайтынын сұрағанында:

- Халилуллаһты отқа тастап жатыр. Оны құтқару қолымнан келмейтінін біліп тұрмын. Ең болмаса онымен бірге жанайын.

Жәбірейіл алейһиссалам құстың жауабын Аллаһу та’алаға айтқанында былай бұйырды:

- Ол құстың менен қандай тілегі бар?

Сонда әлгі бұлбұл тілегін былай білдірген екен:

- Менің дүниеде Аллаһу та’аланы зікір етуден (еске алудан) басқа тілегім жоқ. Мың бір аты бар деп естідім. Жүз бір есімін білемін. Тоғызжүз есімін де білгім келеді.

 Хақ та’ала құстың тілегін орындайды. Қазір бау бақшаларда сайрап жүрген бұлбұл Хақ та’аланың есімін айтуда.

 Намрудтың оты Ибраһим алейһиссаламға гүл бақшаға айналғанда бұлбұл келіп гүл ағашына қонып сайрай бастады. Сол кезден қияметке дейін гүл ағашына ғашық болды.