19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   


Хазреті Әлидің дәрежесі

Бір күні Сахабалар хазреті Әлидің мәртебесін білу үшін Пайғамбарымыздан былай деп сұрады:

-    Ей Расулаллаһ! Хазреті Әлиге деген мұншалықты сүйіспеншілігіңіздің себебін айтасыз ба?

    Пайғамбарымыз:

-    Олай болса Әлиді шақырыңдар!- деді.

    Біреуі Хазреті Әлиді шақыруға кетеді. Қалғандарынан пайғамбарымыз былай деп сұрайды:

-    Бір адамға жақсылық жасасаңдар, ал ол адам сендерге жамандық жасаса, не істейсіңдер?

-    Жақсылықпен жауап береміз.

-    Қайталап жамандық жасаса, тағы жақсылық етесіңдер ме?

-    Йә, Жақсылық етеміз.

-    Сендерге үшінші рет жамандық етсе не істейсіңдер?

    Үшінші рет сұрағанында ешкім жауап бермеді. Үнсіз бастарын төмен қаратты.

    Хазреті Әли келгенде Пайғамбарымыз одан да дәл осы сұрақтарды сұрады:

-    Ей Әли! Бір адамға жақсылық етсең, ол саған жамандық жасаса не істейсің?

-    Жақсылық жасаймын.

    Пайғамбарымыз жеті рет сұрағанында да осы жауапты алды.

-    Бәрібір жақсылық етемін Ей Расулуллаһ! Әуре болмаңыз, қанша сұрасаңыз да берер жауабым осы.

    Сахабалар бұл жауапты естігеннен кейін қайран қалып пайғамбарымызға былай деді:

-    Ей Расулуллаһ! Хазреті Әлиге неліктен мұншама сүйіспеншілік артуыңыздың себебін енді түсіндік. Біз де оны қатты жақсы көреміз...