Дұғалардың нәтижесіБір күні бір шәкірті Ибраһим Әдхәм хазіреттен былай деп сұрайды: “Аллаһу та’ала: «Ей құлдарым! Менен сұраңдар! Қабыл етейін, берейін!» деп бұйырған. Бірақ қанша сұрасақ та қабыл болмай жатыр?” Сонда Ибраһим Әдхәм: · Аллаһу та’аланы шақырасыңдар, бірақ Оған бағынбайсыңдар! · Пайғамбарын танисыңдар, оған ұйымайсыңдар! · Құран кәрім оқисыңдар, көрсеткен жолымен жүрмейсіңдер! · Құдайдың ниғметтерінен пайдаланасыңдар, бірақ шүкір етпейсіңдер! · Жәннаттың ғибадат еткендер үшін екенін білесіңдер, дайындығын істемейсіңдер! · Жаһаннамды әмірлерге қарсы шығушылар үшін жаратқанын білесіңдер, одан сақтанбайсыңдар! · Бабаларыңның, аталарыңның не болғандарын көріп, ғибрат алмайсыңдар! · Өз айыптарыңа қарамай, басқалардың айыптарын іздейсіңдер! Мұндай адамдар, үстілеріне тас жаумағанына, жер жұтып кетпегеніне, көктен от жаумағанына шүкір етсін! Тағы не сұрайды? Дұғаларының нәтижесі, тек осы болса, жетпей ме? |