Яһудиді құтқарған дәретИмам Жафар Садық хазіреттері жолда кетіп бара жатып бір яһуди ғибадатханасын көрді. “Бәлкім мұсылман болар” деген оймен насихат айту үшін ғибадатхананың есігінің алдына келді. Есік жабық еді. Дауыстап еді яһуди жауап беріп, біраз күттіріп барып ашты. Имам Жафар Садық хазірет ішке кірген соң яһудиден былай деп сұрады: - Жауап бергеніңде неге есікті дереу ашпадың? - Сенің дауысыңды естігенімде көңілімде бір қорқыныш пайда болды. Тұрып алдымен дәрет алдым. Өйткені Таураттан: “Бір адамнан немесе бір нәрседен қорыққан адам дәрет алсын, оған ешнәрсе зиянын тигізбейді. Оған ешкім жамандық жасай алмайды.” деп оқыған едім. Сондықтан есікті кешіктіріп аштым. Жафар Садық яһудиден бұл сөздерді естігенде таң қалды. Оған Исламды түсіндірді. Яһудидің көңіл көзі ашылыды мұсылман болу қалауы көбейіп сол мезетте Шаһадат Калимасын айтып мұсылман болды. |