3 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     4 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Фаридуддин Гәнжи-Шекер

Үндістанда жетілген әулие ұлыларынан болған. Негізгі аты Фаридуддин Масуд. Туылмай тұрып кереметтері байқалатын. Рамазанның басталғанын білдіретін жаңа ай көрінбей, халық ертеңіне ораза тұтарын не тұтпасын білмей тұрған еді. Гәнжи Шекердің әкесі Жемаледдин Сулейманнан фәтуә сұрауға келеді. Сол мезетте бір кісі шығып “неге абыржып жатсыңдар? Бүгін түнде Жемаледдин Сулейманның үйінде бір бала туылды. Егер бала бүгін түннің жартысынан кейін анасын ембеген болса, онда ай көрінді дегенді білдіреді” деді. Сәре уақытында Жемаледдин Сулейманның үйіне барып анасынан түн ортасынан кейін баланың ембей қойғанын сұрап білген жұртшылық ауыздарын бекітті. Рамазан айы бойынша бұл бөпе күндіз анасын ембеді. Тек қана ауыз ашатын уақытпен сәре уақыттары арасында ғана еметін.

 

Неге Шекер Гәнж деп атаған?

 

·   Бір күні қатты шөлдейді. Құдықтан су тартатын шелегі болмағандықтан  не істерін білмей тұрғанында екі киік келіп, құдықтағы судың көтерілгенін көреді. Киіктер су ішіп ол жерден алыстап кетеді. Гәнжи Шекер құдыққа жақындағанда суы қайтадан төмендеп кетеді. Бұған таңданып “Ей Раббым, бұның хикметі не?” дейді. Мындай дауыс естиді: “Жануарлар рахметіме сеніп, суға қауышты. Сен шелекке сенгенің үшін судан мақұрым қалдың.” Бұған қатты өкінеді. Тәубе етіп, истиғфар айтып, 40 күн ораза тұтады. Содан кейін аузына салғандары шекерге айналады.

·   Мешітке келе жатып аяғы тайып лай толы шұңқырға құлап түседі. Аузына кірген балшықтар шекерге айналып кетеді. Ұстазы Құтбиддин Бахтияр былай деген екен: “Лай аузыңда шекерге айналғанына қарағанда Аллаһу та’ала сені тәтті адам қылады. Жағымды тәтті сөйлейтін боласың.”  Осы оқиғадан кейін адамдар оны Шекер Гәнж (бала) деп атай бастаған.

·   Көп ораза тұтатын және кейде ауыз ашарда жейтін нәрсе таппай қалатын. Бір түні қарны аш кезінде аузына кішкентай тастарды салады. Бұлар шекерге айналып кетеді. Ұстазы оны: “Гәнжи Шекер” (шекер қазынасы) деп атайды.

·   Түйелеріне қап қап шекер тиеген саудагерге не алып бара жатқанын сұрағанында саудагер қалжыңдап “Тұз” деп айтқан. “Жарайды тұз болсын” деп бұйырады. Саудагер Дели қаласына келіп шекерлерінің тұзға айналғанын көріп аң-таң болады. Артқа қайтып Гәнжи Шекерден кешірім сұрады. Ол “жарайды шекер болсын” дегенде тұздары қайтадан шекерге айналады.