3 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     4 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Шайтанның айласы

Атақты әулиелердiң бiрi Баязид Бистами бiр күнi қатты ұйқы басып, таң намазына тұра алмайды. Бұған қатты қайғырып, тәуба етіп, жылап жатқан кезінде бiр дауыс естидi: «Ей, Баязид, бұл кемшiлiгiңдi кешiрдiм, осы көз жасымен жасаған тәубаңның берекетi үшiн саған тағы да жетпiс мың намаздың сауабын бердiм». Бiрнеше ай өткен соң тағы да таң намазында ұйықтап қалады. Шайтан келiп: “Тұр, намазың қазаға қалып қояды, тұр”- деп оята бастайды. Сол кезде хазреті Баязид: “Ей, лағынеттелген шайтан, сен бұл iстi қалайша iстеп тұрсың? Сен әркiмнiң намазын оқымауы үшiн, қазаға қалдыруы үшiн тырысатын едiң, менi қалайша оятып тұрсың?”- дейді. Шайтан былай жауап береді: “Сен өткенде, таң намазын қаза етiп қойған күнi, жылап жетпiс мың намаздың сауабын алған едiң. Бүгiн соны ойлап, бiр-ақ уақыт намаздың сауабын алсын деп сенi ояттым, оның орнына жетпiс мың намаздың сауабын алып қоймасын дедiм.”