Жан деген осылай құрбан етіледі!
Бір дәрігердің басынан өткерген оқиғасы: Біраз жыл бұрын емханаға ауыр халдегі бір қыз түсті. Өмірін сақтап қалудың бір ғана амалы болды. Ол 5 жасар інісінен жедел қан құю еді. Кішкентай бала бұрын дәл осындай аурумен ауырып өлім аузынан қалған болатын және қанында бұл аурудың микроптарын жоятын антиденелер пайда болған еді. Оған ол түсінетіндей тілмен жағдайды түсіндірдім және әпкесіне қанын беретінін әлде бермейтінін сұрадым. Кішкентай бала бір мезет үнсіз тұрып ойланды. Кейін терең дем алып “Егер әпкем бұл ауруынан жазылатын болса, мен қанымды қуана қуана беремін” деді. Қан құйып жатқанда әпкесінің көздеріне қарап күлімдеп жатты. Қыздың беттерінен қан жүгіріп бозарған түсі қалпына келе бастады. Ал кішкентай баланың жүзі барған сайын солып күлімдеуі де азайып қала берді. Дірілдеген үнмен менен сұрады: - Дәрігер ағай, әпкем тұрмай жатып, оның жазылғанын көрмей жатып өлемін ба мен? Сөйтсем бұл бала қанын бергенде әпкесі тірі қалып, өзі өлетінін ойлаған екен.
|