19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Жамандықтардан құтылудың жолы

Жамандықтардан құтылудың жолы

Сұрақ: Үлкен күнәлардан құтылудың жолы қандай?

Жауап: Әр түрлі күнәлардан құтылудың бір ғана жолы бар. Бұл жол Құран кәрімде ашық білдірілген. Бұл шараны қолданған әрбір мұсылман әдетке айналған үлкен күнәларды жасаудан міндетті түрде құтылады. Анкебут сүресінің 45-ші аятында «Дұрыс оқылған намаз адамды мүнкәр және фахшадан (әдепсіздіктен, ақылға және дінге қайшы болған нашақорлық, арақ, зина, ливата секілді әр түрлі жамандықтардан) сақтайды.» делінеді.  

 

Бір жас жігіт намаз оқитын еді және әр түрлі күнәларды да жасайтын еді. Бұл жігіттің жағдайы Расулуллаһ алейһиссаламға білдіріледі. Пайғамбарымыз: «Бір күн келер, намаз – оны басқа күнәлардан сақтайды.» деп бұйырады. Арадан көп уақыт өтпестен жас жігіт күнәларына тәубе етеді де салих құлдардан болады. Сондықтан да міндетті түрде намаз оқу керек!

 

Намаз оқудың құндылығы өте зор. Хадис шәрифтерде былай делінген:

 

«Жаннаттың кілті – намаз.» (Дарими)

 

«Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны секілді.» (Табарани)

 

«Намаз оқыған адам қияметте азаптан құтылады, ал оқымағандар қатты қиналады.» (Табарани)

 

«Намаз – Аллаһу та’ала разы болған амалдардың ең құндысы, сират көпірінен найзағайдай өткізуші, иманның басы және жаһаннамнан құтқарушы.» (Мифтаһ-ул-Жәннә)

 

«Ең құнды амал – уақытында оқылған намаз.» (Әбу Дауд)

 

«Аллаһу та’ала бес уақыт намаз оқуды парыз қылды. Намазын кемшіліксіз, дұрыс оқыған адамды жаннатқа кіргізетініне уәде берді. Намаз оқымайтын адамға ешқандай уәде бермеді. Мұндай адамға қаласа азап береді, қаласа жаннатына кіргізеді.» (Әбу Дауд)

 

«Намаз оқыған кезінде мұсылманның күнәлары басының үстіне қойылады. Сәжде еткен сайын басынан күнәлары төгіле береді. Намазын бітірген кезде ешқандай күнәсі қалмайды.» (Табарани)

 

«Мүмін Аллаһу та’аланың разылығы үшін намаз оқыған кезінде ағаштың жапырақтары төгілгені сияқты, күнәлары да төгіледі.» (И. Ахмед)

 

«Әр намаздың уақыты келген кезде періштелер “Ей адамдар, жасаған күнәларыңның салдарынан пайда болған отты намаз оқып өшіріңдер!” дейді.» (Табарани)

 

 Бір кісі «Иман келтірсем, намаз оқысам, зекет берсем, ораза ұстасам және қалған ғибадаттарды да жасасам кімдердің қатарынан боламын?» деп сұрағанда пайғамбарымыз алейһиссалам «Садық (сенімді) және шәһидтерден боласың» деп жауап берді. (Бәззар)

 

Намазды тәрк еткен адамның жазасы

Намаз оқу үлкен ғибадат болғандықтан тәрк ету де үлкен күнә. Ханбали мазһабында бір намазды үзірсіз (себепсіз) тәрк еткен адам күпірлікке түскені үшін, ал Шафии және Маликиде үлкен күнә жасағаны үшін жаза ретінде өлтіріледі.

 

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат – намаз. Намазы дұрыс болса, қалған амалдары да қабыл болады. Намазы дұрыс болмаса, ешбір амалы қабыл болмайды.» (Табарани)

 

«Қиямет күнi намаз оқымағандарға Аллаһу та’ала ашулы, қаһарлы түрде мәмiле жасайды.» (Бәззар)

 

«Намазын тәрк еткен адамның ғибадаттары қабыл болмайды және намазын бастағанға дейін Аллаһтың қамқорлығынан ұзақта болады.» (Әбу Нуайм)

 

«Бес уақыт намазын әдейі, үзірсіз тәрк еткен адам Аллаһу та’аланың қамқорлығы мен мейірімінен махрұм қалады.» (Ибн Мажә)

 

«Намаз – діннің тірегі, ал намазды тәрк еткен адам дінін құлатқан болады.» (Бәйһақи)

 

«Намаз оқымайтын адамның діні жоқ.» (Ибн Наср)

 

           «Бізбен кәпірдің арасындағы айырмашылық  – намаз. Намазын тәрк еткен адам кәпір болады.» (Нәсаи)

 

Жоғарыдағы хадис шәрифтерді әһли сүннет ғұламалары былай ашықтаған:

Дінімізде ең үлкен күнәні істеген адам кәпір болмайды. Сондықтан намаз оқымайтын адамға кәпір делінбейді. Бірақ намаз өте маңызды ғибадат болғандықтан намаз оқымайтын адамның иманмен өлуінің ықтималы өте аз. Намаз оқымайтын адамның көңілі (жүрегі) қараяды және басқа күнәларды жасаудан тайынбайды. Кейбір ғалымдар намаз оқымайтын адамның кәпір болатындығын білдірген. Сондықтан қандай жағдайда болсақ та міндетті түрде намаз оқу керек!