19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Бойдақ күйде өлу

Бойдақ күйде өлу

Сұрақ: Жаман адаммен тұрмыс құрмаймын деп ант еттім. Салих, жақсы адамды табу қиын. Бойдақ болып өлу үлкен күнә деп естідім, осы дұрыс па?

 

Жауап: Жоқ, дұрыс емес. Бойдақ күйде өлу кіші күнә да емес. Тіпті ақыр заманда бала-шағалы болмау жақсырақ болатыны білдірілген. Хазреті Имам Ғазали былай деген:

 

Пайғамбарымыз бір хадис шәрифте «Екі жүз жылдан кейін сендердің ең жақсы болғандарың хафифулхаз болғандарың» деді. Хафифулхаз деген не деп сұралғанда «Әйелі және баласы болмаған адам» деді. (Әбу Яла)

 

Бишри Хафи, Баязид Бистами, Әбул-Хусейн Нури және Рабия Адуийа секілді ұлы ғұламалар бойдақ еді. Хижраттан екі жүз жылдан кейін келгендер арасында осылардың және осылар сияқты болғандардың мәртебесімен үстемдігін осы хадис шәриф білдіруде. (Ихия)

 

Имам Ғазали хазреттерінің осы білдіргендеріне мойынсұнып салих адам шықпайынша үйленбеген жөн. Бойдақ болып өлуден де қорқпау керек. Рабия Адуийа хазреттеріне Хасан Басри хазреттері секілді әулие кісілер үйлену ұсынысын білдіргенімен бұл әйел үйленбеген, бойдақ болып өлуді таңдаған.

 

Жаман адаммен үйленсеңіз антыңызды бұзған боласыз.