19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ешкімнің тірлігіне араласпау керек пе?

Ешкімнің тірлігіне араласпау керек пе?

Ешкімге араласпау екі түрде болатыны білдірілген. Біріншісі адамның өз міндеттерін атқаруы, өзгелердің ақыларына мән беруі, олардың істеріне, халдеріне араласпауы, олар туралы өсек-әңгіме айтпауы. Ал екінші түрі иманы, сенімі, амалдары қате болып пәлекет жолында адасқандарға араласпау. Бірінші түрді дініміз әмір еткен. Бірақ екінші түрдің дұрыс еместігін білдірген. Өйткені дінімізде, “мен құтылдым, басқалармен жұмысым жоқ, оларға не болса о болсын, отқа түссе түсе берсін” деген үкім, әмір, тіпті ондай кеңес те жоқ. Керісінше дініміз барлық мұсылманның «Ешкім отқа түспесін, ешкім азап көрмесін, ешкім опат болмасын» деген ойда болуына кеңес берген, әмір еткен. Өйткені Имран сүресінің жүз оныншы аятында «Сендер адамдар үшін қайырлы үмметсіңдер! Жақсы нәрселерді әмір етіп, жаман нәрселерден тыясыңдар» деп бұйырылған.

 

Пайғамбарымыз да «Айнала шатасып, өтіріктер жазылып, әдет-ғұрыптар ғибадатқа араластырылып, сахабаларыма тіл тигізілетін болса, ақиқатты білетіндер, адамдарға білдірсін! Аллаһу та’аланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағынеті, ақиқатты біліп, күші жете тұра ешкімге айтпағандарға болсын! Аллаһу та’ала ондай ғалымдардың парыздарын да, басқа ғибадаттарын да қабыл етпейді.» деп бұйырған.

 

Кейбір адамдар «Ей иман еткен құлдарым! Өздеріңе мұқият болыңдар! Дұрыс жолды тапсаңдар, өзгелердің адасуы сендерге зиян бермейді» деген Маида сүресінің жүз сегізінші аятын көрсетіп, бұл жерде ешкімге араласпаңдар делінген деп айтуда. Ал негізінде Ислам ғұламалары, тәфсиршілер бұл аяти кәриманы ашықтағанда «Бұл жерде білдірілген дұрыс жолды табу үшін, әмри маруф (діннің әмірлерін, жақсылықтарды үгіттеп) және нәһи мункәр (күнәлардан, жамандықтардан тыйылуды насихаттау) да керек. Яғни аяти кәриманың мағынасы “Ей мүмин құлдарым! Әмір еткен істерді, ғибадаттарды орындап және әмри маруф және нәһи мункәр ететін болсаңдар, басқалардың жолдан таюы сендерге зиян бермейді” деп бұйырылған. Бұл аяти кәриманың қашан және не үшін келгендігі туралы және бұдан кейін де әмри маруф және нәһи мункәр туралы көптеген аяти кәрима және хадис шәрифтер білдірілгені кітаптарда жазулы» деп бұйырылған.

 

Сәйид Абдулқадир Гәйлани хазреттері «Бір адам күнә істеп жатқан адамды көріп, оны тоқтатқанда өзіне зияны тиюі мүмкін болса да насихаттап күнәдан тоқтатуы жаиз бола ма? Бізге қалса болады. Тіпті өте құнды болады. Аллаһу та’ала үшін кәпірлермен жиһад еткендей сауап беріледі. Әсіресе залымдардың қолынан мазлұмды құтқару және елді кәпірлік қаптаған кезде иманды жаю үшін болса мұндай замандарда нәһи мункәр жасалуын ғалымдар да айтуда» деген.

 

Пайғамбарымыздан бастап бүкіл пайғамбарлар, сахабалар, табеин және сәләфус-салихинның барлығы әмри маруф және нәһи мункәр жасаған және бұл жолда көп тер төккен, қиыншылықтарға, азаптарға төзген. Ешкімге араласпау дінімізде дұрыс болғанда көңілдің бір күнәны қабылдамауы, иманның белгісі делінбес еді. 

  

Егер әмри маруф жасамау жақсы болғанда, күнә істеген бір қауым опатқа ұшырағанда бұларға әмри маруф жасамаған ғибадат етуші құл да бұлармен бірге опат болмас еді. Хадис шәрифте «Аллаһу та’ала Жәбрейіл алейһиссаламға, пәлен қаланы жердің түбіне батыр деп әмір етті. Жәбрейіл алейһиссалам Йа Рабби! Бұл қаладағы пәлен адам саған бір мезет те қарсы шықпады. Үнемі мойынсұнып, ғибадат етуде дегенде, оны да қосып батыр! Өйткені күнә істеп жатқандарды көргенде бір рет те жүзін өзгертпеді» делінген. 

 

Не де болса, Исламды білдіру жастарға үйрету, пайдаларын ашықтау, дін дұшпандарының өтіріктеріне, жалаларына жауап беру әлбетте керек. Білгендер білдірмесе жазадан, азаптан құтыла алмайды. Бұл міндетті жасағанда фитна шығармауға мұқият болу керек. Мұқият еңбек етіп жүріп өзіне қиыншылық келсе мұны ниғмет деп білу керек. Пайғамбарлар Аллаһу та’аланың әмірлерін білдіргенде көрмеген қиыншылықтар, тартпаған азаптары қалмаған еді.

 

Әмри маруф, яғни Аллаһу та’аланың әмірлерін адамдарға білдіру, екі жолмен жасалады: Біріншісі  сөз, жазу және әр түрлі ақпарат құралдарымен болады. Мұны істегенде ілім аз болса және адамға, әдет-ғұрыптарға, заңға мән берілмейтін болса фитнаға себеп болуы мүмкін.

 

Екінші жол халмен болады. Исламның көркем мінезімен безеніп адамдарға үлгі болу. Адамдарға жылы сөз, күлімдеген жүзбен, ешкімді ренжітпеу, ешкімнің мал-мүлкіне, ар-намысына көз салмау, заңға бағыну, құл ақыларын өтеу ең әсерлі, ең пайдалы насихат жасағандық болады. Өйткені әл-әрекеттеріміз сөзге қарағанда көбірек әсер етеді. Яғни халімізбен, жүріс-тұрысымызбен үлгі болу сөзбен түсіндіруден де үстем болады.  

 

         Қорыта айтқанда Исламның көркем мінезіне сәйкес өмір сүру және дұрыс жазылған кітаптарды адамдарға беру әмри маруф және нәһи мункәр жасаудың яғни Исламды түсіндірудің ең көркем жолы.