19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   


Ихлас сүресінің қасиеті

Сұрақ: Ихлас (Қул һуаллаһу ахад...) сүресін оқудың қандай қасиеттері, құндылықтары бар?

Жауап: Ихлас сүресін оқудың қасиеті өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

         «Ихлас сүресін оқу, Құран кәрімнің үштен бірін оқығанмен бірдей» (Бұхари)

«Он рет Ихлас сүресін оқыған адамға жаннаттан бір сарай беріледі.» (И.Ахмед)

«Жатарда жүз рет Ихлас сүресін оқыған адам жәннатқа кіреді» (Тирмизи)

«Таң (бамдат) намазынан кейін 11 рет Ихлас сүресін оқыған адамға жәннаттан бір сарай беріледі.» (Хараити)

«Таң намазынан кейін 12 рет Ихлас сүресін оқыған адам, Құран кәрімді төрт рет хатм еткендей сауапқа қауышады.» (Бәззар)

«Азанда кешке үш рет Ихлас және муауиззәтәйн (Фәлақ, Нас) сүрелерін оқу бәле-жаладан және қиыншылықтардан қорғайды.» (Тирмизи)

«Үйге кірер кезде Ихлас сүресін оқыған адам кедейшілік көрмейді.» (Т. Куртуби)

«Ихлас сүресін оқыған мұсылманға жәннат уәжіп болады.» (Нәсаи)

«Кімде-кім сапарға шығарда 11 рет Ихлас сүресін оқыса, Аллаһу та’ала сапардан қайта оралғанға дейін оның үйін қорғайды.» (И. Нәжжар)

«Арапа күні (барлығын бисмилләһпен айтып) мың рет Ихлас сүресін оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі және барлық дұғасы қабыл болады.» (Әбушшәйх)

«Мың рет Ихлас сүресін оқыған адам өзін Аллаһу та’аладан сатып алған болады.» (Рафии)

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адам бір апта қазадан, бәле-жаладан және жаман істерден қорғанған болады.» (Ибн Сүнни)

«Жатарда Фатиха және Ихлас сүрелерін оқыған адам өлімнен басқа барлық нәрсенің зиянынан амандықта болады.» (Ибн Абдилбәрр)

«Үш нәрсені істеген адам жәннатқа қалаған есігінен кіреді: Құл ақысын өтеген, әр намаздан кейін 11 рет Ихлас сүресін оқыған, жанына қас қылған дұшпанын кешіріп өлген адам.» (Бәриқа)

«Ешкімнің жанына, мал-мүлкіне, ар-намысына тимей, арақтан сақтанып, Ихлас сүресін жүз рет оқыған мұсылманның елу жылдық күнәлары кешіріледі.» (Бәйһақи)

«50 рет Ихлас сүресін оқыған мұсылманның 50 жылдық күнәлары кешіріледі.» (Дарими)

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адамды Аллаһу та’ала келесі жұмаға дейін жамандықтардан қорғайды.» (Ибн Сүнни)

Расулуллаһ алейһиссалам бір жері ауырған кезде Фәлақ пен Нас сүрелерін оқып үстіне үрлейтін және ауырған жерін сипайтын. (Бұхари)

 

Ескерту: Жоғарыдағы хадис шәрифтер шартсыз білдірілген. Шартсыз білдірілген ғибадаттардың қабыл болуы үшін кейбір шарттары болады:

1. Мұсылман болу

2. Ақидасы дұрыс болу, бидғатшылардан болмау

3. Харамдардан, күнәлардан қашу керек. Мысалы, намаз оқымау үлкен күнә.

 

Сұрақ: Ихлас сүресін оқыған адам Құран кәрімді хатм еткен бола ма?

Жауап: Ихлас сүресін оқу өте қасиетті, құнды амал. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ихлас сүресін оқыған адам Құран кәрімнің үштен бірін оқыған болады.» (Тирмизи)

«Елу рет Ихлас сүресін оқыған адамның елу жылдық күнәлары кешіріледі.» (Дарими)

 

Ясин шәрифті оқу да өте сауапты амал. Хадис шәрифте: «Бір рет Ясин оқыған адам, он рет Құран кәрімді оқығандай сауапқа қауышады.» делінген. (Тирмизи)

 

Үш рет Ихлас сүресін оқыған адам Құран кәрімді хатм еткендей сауапқа қауышады. Бір рет Ясин шәрифті оқыған адам да он рет Құран кәрімді хатм еткендей сауапқа қауышады. Құран кәрімді оқыған адам да хатм ету сауабына қауышады. Хатм сауабы басқа, хатм еткендей сауапқа қауышу басқа.

Бір кедей адам: «Ақшам болғанда Аллаһ разылығы үшін мына жерге бір мешіт салдырар едім» - деп, шын жүректен ниет ететін болса, Аллаһу та’ала ол адамға мешіт салдырғандай сауап береді. Бірақ, мешіт салдырған адам, мешіт салдыру сауабына қауышады. Яғни көбірек сауап алады. Мешіт салдыру сауабы мен мешіт салдырғандай сауапқа қауышу екеуі екі басқа.

Ихлас сүресін үш рет оқыған адам Құран кәрімді хатм еткендей сауапқа қауышады. Бірақ, Құран кәрімді бастан аяғына дейін оқыған адам хатм сауабына қауышады.

 

 Сұрақ: Арапа күні оқылатын мың Ихлас шәрифті оқитын кезде, намаздан кейін оқылатын 11 Ихлас шәриф оқитын кезде, алғаш бастағанда әузу бисмилләһ айтылып, ал сүре араларында тек бисмилләһ айтылады деп білемін. Осы дұрыс па?

Жауап: Иә, дұрыс.