Қолыңа тікен батса, өзіңнен...Адамдардың бастарына дерттердің, бәлелердің келуіне себеп өздерінің істеген күнәлары. Өйткені Аллаһу та’ала ешбір құлына зұлымдық етпейді. Адамдар өздеріне зұлымдық етеді. Нахл сүресінің отыз үшінші аятында: «Аллаһу та’ала құлдарына зұлым етпейді. Оларды азапқа апаратын өздерінің жаман істері. Осылайша олар өз-өздеріне зұлым етеді» делінген.
Адамдар Аллаһу та’аланың әмір және тыйымдарына мойынсұнбай және ислам дінінің бақыт жолынан ажырайтын болса дүниеде тыныштықпен береке қалмайды. Ризықтар азаяды. Таха сүресінің 124-ші аятында «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын.» деп бұйырылады.
Сондықтан адамдар күнә істеп, дінге мойынсұнбаған сайын иман ризығы, денсаулық ризығы, азық ризығы, адамгершілік және т.б. көптеген ризықтар азаюда. Өйткені Рад сүресінің он бірінші аятында: «Бір қауым өзін бұзбайынша Аллаһ да олардың халдерін өзгертпейді»,- деп бұйырылған.
Бір топ адам Әбу Аббас Сәбти хазреттеріне барып: «Адамдар құрғақшылық және қымбатшылық себебімен қатты қиналуда.» дегендерінде оларға: «Сараңдықтарының кесірінен Аллаһу та’ала оларға жаңбыр жаудырмауда. Егер сендер тапқан табыстарыңның зекетімен кедейлерге садақа бергендеріңде бұған қайтарым ретінде Аллаһу та’ала да сендерге жаңбыр берер еді» деген.
Күнә – Аллаһу та’аланың әмірлерін орындамау, тыйым салғандарынан сақтанбау деген сөз. Әмір мен тыйымдар иманы барлар үшін берілген дәулет. Өйткені Аллаһу та’ала имансыздарға (кәпірлерге) әмір жіберіп, ғибадат еттіру деген мәртебені бермеді. Бұлар жануарлар сияқты қалаған нәрсесін істейді, күнә болмайды. Бұлар ғибадат етпегендері үшін, күнә істегендері үшін дүниеде азап шекпейді. Әр түрлі ниғметке қауышады. Қалағандарына, көздегендеріне қол жеткізеді. Кәпірлерден тек бір ғана нәрсе талап етілген. Ол да иман келтіруі, мұсылман болуы. Кәпірлер осы әмірді тыңдамағандары үшін өте үлкен кінә істеген болып табылады. Бұл кінәнің жазасы өте ауыр және шексіз болғандықтан жазасы дүниеде берілмеуде. Бұл шексіз, мәңгілік жаза оларға ахыретте, жаһаннамда беріледі.
Күнә істеумен, иман келтірмеу, яғни күпір екеуі екі бөлек нәрсе. Күнәлардың жазасы тәубемен және түрлі дүниелік қиыншылықтармен кешірілуі мүмкін. Алайда күпірдің жазасы бұлай емес. Мұның жазасы ахыретте беріледі. Адамдардың басына бәле келуінің негізгі себебі адамның өзіне байланып қалуынан. Өз нәпсін жақсы көргендігі, нәпсінің қалауларының артынан қуғаны үшін қиыншылықтарға тап болуда. Нәпсінің қалауын қуғандар негізінде өз нәпсілеріне табынуда. Өйткені Жасиә сүресінің жиырма екінші аяти кәримасында: «Өз нәпсілеріне табынғандарды көрдің бе?» делінген.
Күнә істеу нәпсіге жағымды келеді. Бүкіл бидғаттар, күнәлар Аллаһу та’аланың дұшпаны болған нәпісті қуаттандырады, оған азық болады. Кез келген күнәнің істелуі нәпіске күш береді. Нәпіс – иманның ең үлкен дұшпаны. Ол адамның иманын жоюды қалайды. Бұдан зауқ алады. Сондықтан нәпісті жақсылап тану, қулықтарын білу керек. Хадис шәрифте: «Нәпсін таныған Раббысын таниды» делінген.
Ал нәпісті әлсірететін бірден-бір шара - Исламға мойынсұну. Харамдардың барлығы, дүниенің мал-мүлкіне, мансабына, зауқтарына байлану нәпістің азығы. Оны азықтандырып, күшейтеді. Нәпіс күшейгенінде бүкіл жақсылықтардың, көркем мінездің және мәдениеттің негізі болған Исламға бас салады. Дінді, иманды, Аллаһу та’аланың әмірлерін мазақ етеді. Өйткені нәпсіміз Аллаһу та’аланың дұшпаны. Аллаһу та’ала: «Нәпсіңе дұшпандық етіп маған дос бол!» деп бұйырған.
Нәпіске күнәлардан қашу, ғибадат жасаудан да ауыр келеді. Сондықтан күнәлардан қашудың сауабы өте үлкен. Күнәларға тәубе етуді кешіктіру Аллаһу та’алаға қарсы тәкаппарлық ету деген сөз.
Күнәлар көңілге ғафлет (қараңғылық) береді. Ғафлет болса көңілдің қатаюына себеп болады. Көңілдің қатаюы адамды Аллаһу та’аладан алыстатады. Аллаһу та’аладан ұзақтық болса жаһаннамға алып барады. Әбу Абдуллаһ Әл-Қураши хазреттері «Күнә істеудің себебі ғафлет. Яғни Аллаһу та’аланы ұмыту.» деген.
Көңілдің қарайғанының белгісі адамның күнәлардан өкінбеуі, тартынбастан күнә істеуде қайсарлық етуі. Мұндай адамның істеген күнәларының кесірінен көңілі қараятыны соншалық, бұдан былай ол адамға насихат әсер етпейтін болады және ол ғафлеттен оянбайды. Сол себепті дін ұлыларымыз: «Күнә істеуді қорлық, күнәні тәрк етуді үстемдік деп біліңдер. Өйткені күнәлар иманды әлсіретеді» деген.
Қорыта айтқанда адамның қолына тікен батса да, істеген күнәсының себебімен. Күнәның жазасы дүниеде беріліп жатса үлкен ниғмет. Ахыретте берілсе пәлекет. Кінә бар болса, жаза да бар. Әбу Мұхаммед Расиби хазреттерінің айтқанындай: «Қиыншылықпен қайғылар күнәлардың жазасы»
|