19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   


Есінеу

Сұрақ: Есінеудің алдын алу керек пе? Тоқтатудың жолы, дұғасы бар ма?

Жауап: Есінеу мәкрух. Есінеу асқазанның толы болуынан және дененің ауырласуынан туындайды. Ерінді тістеп оның алдын алуға тырысу керек. Бұлай істей алмаған адам сол қолының артымен аузын жабуы керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’ала есінеуді жақсы көрмейді.» (Бұхари)

«Есінегенде ауздарыңды жабыңдар.» (Мүслим)

«Есінеу шайтаннан.» (Бұхари)

 

Әрбір есінеу шайтаннан келеді. Шаршау, ұйқысыздық секілді халдерде де жүйкелік есінеулер болады. Пайғамбарлар есінеуден қорғалған. Ибн Абидин хазреттері былай деген:

«Есінеуді жоюдың шарасы, ешбір пайғамбардың мүлдем есінемегенін еске алу. Еснегісі келген кезде біздің пайғамбарымыздың да есінемегенін ойлап дереу салауат айту керек. Қудури рахметуллаһи алейһ “Біз мұны сан мәрте тәжрибе еттік және дұрыстығын көрдік” деген. Мен де тәжрибе еттім және дұрыс екендігін көрдім.»(Рәддул мухтар)

 

 

Кекіру және есінеу

Сұрақ: Кекіру де құдды есінеу сияқты шайтанның ісі ме?

Жауап: Кекіру көп тамақ жегеннің белгісі. Ауру халдерден өзге, көп тамақ жемеген адам кекірмейді. Пайғамбарымыз көп тамақ жеп, көп кекірген бір кісіге: «Жанымызда олай көп кекірме! Өйткені бұл дүниеде қатты тоқ болған адам, ахыретте қатты аштық шегеді» деген.(Тирмизи, Ибн Мажә, Хаким)

 

Құран оқып жатқанда есінеу келгенде тоқтау керек, өйткені есінеу мәкрух. Есінеу және көп тамақ жегеннен кейінгі босаңдық (әлсіздік) жалқаулыққа, ауырлыққа және ғибадаттан қол үзіп қалуға себеп болады. Сондықтан есінеу шайтанға байланыстырылған. Хадис шәрифте де «Есінеу шайтаннан» делінген. (Шира шәрһі)

 

Кейбір есінеулердің шайтаннан еместігі, шаршау, ұйқысыздық сияқты себептерден болатыны да білдірілген.

 

Демек кекіру де есінеу секілді көбінесе көп тамақ жеуден туындайды. Яғни жағымсыз жағдай. Есінеу және кекіруді азайту үшін аз жеп-ішу керек. Көп жеп-ішкенімізде тәубе және истиғфар ету керек.

 

Есінеуге және кекіруге себеп болатындай көп жеп-ішкен кезде истиғфар ету керек, қайта жасамауға тырысу керек.

 

Бір ниғмет келгенінде немесе бір қиыншылықтан құтылғанда шүкір ету керек. Хадис шәрифте: «Түшкірген немесе кекірген адам “Әлхамдулилләһ ала кулли халин минәл хал” десе 70 дерттен құтылады.»делінген. (Хатиб, Ибн Нәжжар)