Кейін істеймін деген құридыБұл дін бізге өте қиын шарттарда келді. Көптеген еңбектің, машаққат және қажырлықтың арқасында жетті. Әһли сүннет ғұламаларының, Силсилә-и алийа ұлыларының өмірбаяндарын оқыған адам, бұл нәрсені көреді. Кейбіреулері шәкірттерімен және жақындарымен де көріспей, бір өмір кітап дайындаумен айналысқан. Кейбіреуі демалуды, серуендеуді ысырып қойып, айт күндерінің өзінде кітап жазған. Осы ұлы ғалымдардың бірінің әйелі бір күні былай деп әңгімлеген: "Айт намазын оқып үйге келді. Мейраммен құттықтағаннан кейін, үндеместен үстеліне барып отырып кітап жазу жұмысына кірісіп кетті. «Мырзам, бүгін айт-қой ешжерге бармаймыз ба?»- деп сұрадым. «Мына кітаптар барда мен ешқайда да бара алмаймын. Жұрттар қалаған жақтарына барсын, айттассын» деп жауап берді. Үш-төрт күндік айт бойынша кітабынан айрылмады." Осы ғалымның бір шәкірті де былай дейді: "Бір күні түнгі сағат екі жарымда есік қағылды. Бір ауру немесе маңызды бір нәрсе болып қалды деп қорқып кеттім. Сыртқа шықтым. Мүбәрәк ұстазым, қолында қағазы бар еді. «Ұстазым, тыныштық па?»- дедім. «Бір мәселе ұйқымды қашырды. Кітапқа бір нәрсе қостым. Мұны ертең баспаға апарыңдар, мына жеріне қосып қойыңдар!»- деп бұйырды. «Құп болады, ұстазым»- дедім, бірақ ішімнен «Неге таңертең әкелмей, қазір әкеліп тұр» деп ойлап тұрғанымда «Таңертеңге дейін өліп қалсам, бұл қағазды сендерге кім береді, кім түсіндіріп береді? Таңертеңге дейін өмір сүретініме сенімді болмағаным үшін, менен кейін бұл ұмытылып кетпесін деп сендерді осы уақытта мазалап тұрмын»- деді. Сосын осылай ойлағаным үшін дереу тәубе еттім." Көрініп тұрғанындай бізге дінімізді дұрыс әрі толық жеткізетін, үйрететін бұл кітаптар оңай жазылған жоқ. Тағы сол ғалым кісі былай деген: "Осынша кітапты қалай оқыдыңыз, үйдің жағдайында, бала-шаға, тірлік бар кезде осынша кітапты қалай жаздыңыз, осынша кітапты мынадай мүмкіншіліктермен бір өмірге қалай сыйдырдыңыз деп сұрайтындарға жауабымыз былай: «Халәкәл мусаууифун» яғни «Кейін істеймін деген адам құрыды» деген хадис шәрифті өзіме нұсқау еттім. Өмірім бойынша “мына істі кейінірек істеймін” деген бірде-бір ойым болмады. Бір істі ертеңге түгіл, бірнеше сағатқа да шегермедім. Сол мезетте істеп, бірінші мүмкіндікте бітірдім. Күндіз болсын, түнде болсын, үйде немесе сыртта, қай жерде болса да істі шегермедім. Біраздан кейін істеймін демедім. Міне Аллаһу та'ала маған осыным үшін табыс берді. Бізді жақсы көргендер де осы хадис шәрифті нұсқау етіп алуы керек. Бүгіннің тірлігін ертеңге қалдырмау керек. |