19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / Хадис құдси деген не?

Хадис құдси деген не?

Сұрақ: Хадис құдси деген не?

Жауап:  Мағынасы да, сөздері де пайғамбарымыздан болған сөздер хадис деп аталады. Мағынасы Аллаһу та'ала тарапынан білдіріліп, пайғамбарымыздың өз сөздерімен жеткізген сөздері хадис құдси деп аталады. Сондықтан хадис құдси нақл етілгенде, яғни айтылғанда «Аллаһу та'ала хадис құдсида былай дейді...» деп айтылады. Сәадати әбәдийә және де басқа кітаптарда өткен хадис құдсилардың біразы төмендегідей:

«Бұрынғыларың, кейінгілерің, үлкендерің, кішілерің, тірілерің, өлілерің, адамдарың, жындарың, тақуа болып сөзімнен шықпайтын бағынышты құлымдай болсаңдар, ұлылығым артпайды. Керісінше, барлығың маған қарсы шығатын, пайғамбарларымды төмен санайтын дұшпанымдай болсаңдар, илаһлығымнан (құдайлығымнан) ешнәрсе кемімейді. Аллаһ сендерден үстем, Оған ешқайсысың керек, қажетті емессіңдер. Сендер болсаңдар, бар болуларың үшін және бар болып қала алу үшін және барлық нәрселерде Оған мұқтажсыңдар.»

«Ұлылық пен кибрия маған тән. Бұл екі сипатымда кім маған ортақ болғысы келсе, оған ауыр азап беремін.»

«Ей Адам! Мұхаммед алейһиссаламның атымен не тілесең де қабыл етер едім, Мұхаммед (алейһиссалам) болмағанда сені жаратпас едім.»

«Ей Расулым! Сен болмағанда ешнәрсені жаратпайтын едім.»

«Ей Расулым! Ибраһим Халилым (досым) болса да, сен Хабибымсың (сүйіктімсің)

«Әулие құлыма дұшпандық жасаған адам, маған соғыс ашқан болады.»

«Ешкім маған парыз ғибадатын орындау арқылы жақындағандай, басқа ешнәрсемен жақындай алмайды.»

«Достарымды адамдардың арасына жасырамын, оларды ешкім білмейді.»

«Жер мен көкке сыймаймын, бірақ мұсылман құлымның жүрегіне сиямын.»

«Тағдыр мен жазмышыма разы болмаған, менсінбеген және жіберген бәлелеріме сабыр етпеген, менен басқа тәңір іздесін. Жер бетінде құлым болып жүрмесін!»

«Рахметім (мейрімім) ғазабымды (ашуымды) асқан. Ауру құлымның күнәсін кешірдім.»

«Ораза мен үшін тұтылады. Оның қайтарымын мен беремін.»

«Құлым мен туралы қандай ойда болса, оны солай күтіп аламын. Олай болса, менен әрдайым жақсылық күтіңдер.»

«“Ла илаһә иллаллаһ” – менің қорғаным. Мұны оқыған адам қорғаныма кірген болады. Қорғаныма кірген адам азабымнан құтылған болады.»

«Нәпсіңді дұшпаның деп біл, өйткені ол маған дұшпан.»

«Ей, құлым! Сені өзім үшін жараттым. Басқа нәрсемен алданба! Ризқыңа кепілмін, мұңайма!»