Расулуллаһтың жатуы, ұйықтауыПайғамбарымыз алейһиссаламның төсегіне жатқан кезде оң жағына қарап жатып, оң қолын оң жақ бетінің астына қоятын. Сосын: «Аллаһым! Өзімді саған тапсырдым. Жүзімді саған бұрдым. Ісімді саған тапсырдым. Арқамды саған сүйедім. Мен сенің азабыңнан қорқып, рахметіңнен үміт күтемін. Сенің рақымдылығыңнан басқа паналайтын жер жоқ, сенің азабыңнан басқа сақтанатын нәрсе жоқ. Тек, сенің ғана рақымдылығыңа сыйынамыз, сенің рақымдылығыңмен азаптан құтыламыз. Мен сенің түсірген кітабыңа және жіберген пайғамбарыңа сендім. Ей Раббым! Бір жағымды сенің атыңмен жерге қойдым. Егер рухымды ұстап, алатын болсаң, оған рахметіңмен мәміле жаса. Егер оны бос жіберетін болсаң, салих құлдарыңды қорғағаның сияқты оны да қорға! Аллаһым! Мен сенің есіміңмен өліп, сенің есіміңмен тірілемін. Бізге ішкізген, жегізген, барлық қажеттілігімді өтеп, бізді паналатқан Аллаһқа хамд болсын! Қаншама адамдар бар, олардың қажеттіліктерін өтейтіндері де, паналататындары да жоқ. Аллаһым! Құлдарыңды алдыңа жинаған күні азабыңнан мені сақта» деп дұға етіп, ұйқыдан тұрып жатқанда да: «Бізді өлгеннен кейін тірілткен, ол Аллаһқа хамд болсын. Қиямет күні Соған қайтамыз» дейтін. Пайғамбарымыз төсегіне жатқан кезде: «Көктер мен жердің Раббысы, барлық нәрсенің Раббысы болған, дән мен тұқымды жарғызып өркендеткен, Тәуратты, Інжілді және Құранды түсірген Аллаһым! Мен, барлық жамандық иесінің жамандығынан саған сиынамын! Өйткені оны тұлымынан ұстап тұрған сенсің». Аллаһым! Ең алғашқы – сенсің. Сенен бұрын ешнәрсе болмаған. Ақырғы да – сенсің. Сенен кейін келетін ешнәрсе жоқ. Захир – сенсің. Сенен басқа ештеңе жоқ!» деп дұға ететін. Ұйқыдан оянған кезде: «Басқа илаһ жоқ, тек сен барсың. Сені тәсбих және тәнзих етемін. Аллаһым! Күнәларымды жарылқауыңды және рақымдылығыңды тілеймін. Аллаһым! Ілімімді арттыр. Маған тура жолды көрсеткеннен кейін жүрегімді тайдырма. Ұлы дәрежеңнен маған бір рақымдылық ихсан ет. Өйткені, кешірімі ең көп болған сенсің, сен!» деп те дұға еткені болған. Бәра бин Азибайтады: «Пайғамбарымыз маған «Жататын жеріңе барар кезде намазға дәрет алғандай дәрет ал. Сосын оң жағыңа қарап жат, сосын «Аллаһым! Өзімді саған тапсырдым. Жүзімді саған бұрдым. Ісімді саған тапсырдым. Арқамды саған сүйедім. Мен сенің азабыңнан қорқып, рахметіңнен үміт күтемін. Сенен, сенің рахметіңнен басқа паналайтын жер жоқ, сенің азабыңнан басқа сақтанатын нәрсе жоқ. Тек сенің ғана рақымдылығыңа сиынамыз, сенің ғана рақымдылығыңмен азаптан құтыламыз. Мен сенің түсірген кітабыңа және жіберген пайғамбарыңа сендім» де! Сол түні қайтыс болсаң Ислам бойынша қайтыс боласың. Кімде-кім осыны айтып, сол түні қайтыс болса Ислам бойынша қайтыс болған болып саналады» деді. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Сендердің бірің түнде төсегінен тұрып, қайтып кеп жатқан кезде төсегін үш рет сілкісін. Өйткені, өзінен кейін не болғанын, нелердің келіп төсектің үстінен орын алғанын білмейді. Төсегіне жатарда оңға қарап жатсын. Жатқан кезде, жанымен төсекке жатқан кезде «Аллаһым! Сені тәбих және тәнзих етемін. Йа Раббым! Бір жағымды сенің атыңмен төсекке қойдым. Сенің атыңмен көтеремін. Егер рухымды ұстап, алатын болсаң оған рақымдылық жаса. Егер кері жіберетін болсаң, салих құлдарыңды қорғағаныңдай оны қорға.» Оянған кезде де «Аллаһқа хамд болсын. Менің денеме саулық берді, рухымды маған кері қайтарды және зікір ету үшін маған рұқсат берді» десін.» деген. Пайғамбарымыз етпетінен жатқан адам көрсе «Міне, бұл – Аллаһ еш ұнатпайтын жатыс» дейтін. Шәрид бин Сууәйдтің білдіргені бойынша пайғамбарымыз етпетінен жатқан адамды көріп, оны аяғының ұшымен түртіп, «Бұл – ұлы Аллаһ ұнатпайтын ұйықтау» деген. Ұйықтап жатқан адам асхабы суффадан Абдуллаһ бин Тахфә деген адам болатын. Ол «Мен таңсәріде мешітте етпетімнен ұйықтап жатқанда біреу мені аяғымен түртті. - Бұл кім?– деп сұрады. - Мен Абдуллаһ бин Тахфәмін, - дедім. Қарасам пайғамбарымыз екен. - Бұл жатыс – Аллаһтың ұнатпайтын жатысы,- деп бұйырды.
Пайғамбарымыз алейһиссалам дәретсіз жүрмейтін. Расулуллаһтың дәретханаға барып, дәрет алмағаны көрілмеген. |