19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иман / Имансыз өлудің себебі

Имансыз өлудің себебі

Маңызды болғаны – өмірдің қалай аяқталуы, яғни иманмен өлу. Имансыз өлудің себептерінің бірі – имансыз өлуден қорықпау. Қорықпаған адам имансыз өледі. Аллаһ сақтасын, мәңгі азап не деген үлкен қауіп. Дүниеде мәңгілік түрмеге қамалған адамның өзі жынданып кетеді, мәңгілік отқа қалай шыдауға болады?

Ақыр замандамыз. Бұл ғасырда өзін құтылған адамдай сезіну, көкіректі керіп өмір сүру – ақымақтық. Өйткені, заманымызда күнәдан бұрын күпір қаупі көп. Адам бір сөзімен, бір ісімен кәпір болып кетуі мүмкін, өйткені бұл заманда күнә өте оңай жасалады. Мысалы, оп-оңай ғайбат етіледі. Дін кітаптарында, ғайбат туралы «Мен шындықты айтып тұрмын, бұл ғайбат емес» деп айтудың күпір екені білдірілуде. Өйткені, харам нәрсеге халал делінген болады.

Үйіндегілері бір күнә немесе бір харам істегенде «Бұл заманда онсыз да осылай істеуің керек, мұның басқа амалы жоқ» немесе «Заман саған бағынбаса, сен заманға бағын» сияқты нәрселер айтып, күнәні ұнатқан немесе жеңіл көрген адам кәпір болады. Ол адам дінге қызмет етсе де, зікір етсе де, яғни не істесе істесін, істеген күпіріне тәубә етпесе, Аллаһ сақатсын, кәпір болып өледі.

Бұл заманда иманынан айрылып қалмау үшін қатты қорқу және оны сақтап қалу үшін көп күш жұмсау керек. Күнәхар болып өлген адамның құтылуы қиын емес, өйткені үлкен күнә істеген болса да иманын жоғалтпаған мұсылмандарға пайғамбарлар, әһли сүннет ғұламалары, шәһиттер және тағы басқалары шапағат етеді. Яғни, күнәхарлар үшін шапағат көп, ал имансыз өлген адамға ешқандай шапағат жоқ.

Асыл тастары, қымбат нәрселері бар адам оларды ұрлатып алмау үшін еш уақытта да көз көретін жерге қойып қоймайды. Керісінше ең қауіпсіз деген жерге тығып қояды, бәлкім үстіне жатып алуы да мүмкін. Иманның құны бұдан аз ба? Әр сәтте, менің иманыма зиян тие ме, тимей ме деп ойлау керек емес пе?

Заманымыздың адамдары заһирге (сырт көрініске) қатты мән береді. Сондықтан ғұламаларымыз «Заһир мамур, батын харап» деген. (Сырты бүтін, іші түтін). Батынды, яғни ішкі әлемді мамур ету, көркейту керек. Істің басы – намаз. Мұсылманның ойы намазда болады. Адамдардың кейбірлері отқа, кейбірі пұтқа, тағы біреулері Аллаһқа табынады. Намаз оқымайтындар кімге табынады? Олар дінсіз бе? Ақшаға табына ма, әлде нәпсіне ме? Белгісіз.

Олай болса, жұбайымызды, ұлымызды, қызымыды харамдардан сақтап, оларға міндетті түрде намазды үйретіп, намаз оқуларын қамтамасыз етуіміз керек. Намаз болса, барлығы болады. Намаз жоқ болса, пәлекет көп болады.