2 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     3 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Сүннет, нәпіл және нәзір

Сүннет, нәпіл және нәзір

Сұрақ: «Аллаһ разылығы үшін төрт рәкат нәпіл намазын оқимын» деп нәзір (атау) еткен адам, мысалы, бесін намазының сүннетінің орнына осы нәзір еткен намазын оқыса, сүннет оқылған бола ма? Осы сияқты сүннеттің орнына Тахиатул мәсжид, Субха сияқты бір нәпіл намаз оқылса, бұлар да сүннет орнына өте ме?

Жауап: Егер нәзір, нәпіл немесе қаза намазы уақыттың парызымен бірге оқылса, сүннет те оқылған болады. Духа және тәһәжжуд намазы орнына кез-келген бір намазды оқыған адам, осы, яғни духа мен тәһәжжуд намазын оқыған болады. Фиқһ кітаптарында былай делінеді: Нәпіл оқыр кезде әуелі намаз оқуды нәзір ету керек, сосын нәпілдің орнына осы атаған намазын оқу керек. Ғибадаттар шартқа байланбай аталатын болса, аталған намазды оқу уәжіп болғандықтан, уәжіп сауабы беріледі. Сүннеттің орнына аталған намаз оқылатын болса, сүннет те оқылған болады. (Дуррул Мухтар, Рәддул Мухтар)

Сүннеттерді нәзір етіп қойып, нәзір ретінде оқудың жақсырақ екені Халеби және Тахтауидің Мәрақил-фәлах хашиясында жазылған. Осылайша, бесін намазының сүннетін оқымай тұрып, «Төрт рәкат намаз оқуды нәзір еттім» деп айтса, сосын атаған (нәзір еткен) осы намазын оқитын болса, бір жағынан уәжіп сауабына қауышады, екінші жағынан бесін намазының сүннетін орындаған болады. Құлдың өзіне уәжіп еткен намазын оқуымен сүннет намазы тәрк етілген болмаса, Аллаһу та'аланың парыз еткен қаза намазын сүннеттің орнына оқығанда сүннет әлбетте тәрк етілген болмайды. Әрі қаза, әрі сүннет оқылған болады. (С. Әбәдийә)

Мешітке кіргенде оқылатын екі рәкат намаз Тәхийатул мәсжид намазы деп аталады. Мешітке кіргеннен кейін парыз, сүннет, қаза, нәпіл сияқты кез-келген намазды оқу Тәхийатул мәсжид намазының орнына өтеді. Оқылатын бұл намаздарға Тәхийатул мәсжид намазын оқимын деп бөлек ниет етудің керегі жоқ. Ниет сауабына қауышу үшін Тәхийатул мәсжид намазын да оқуға деп ниет ету жақсы болады. (Ибн Абидин)

Исламның ғұламаларының бірі болған Мухаммед Масум Сәрханди хазреттері Мәктубат атты кітабында: «Сүннеттердің орнына қаза оқу керек. Қаза оқылатын болса сүннеттің сауабына да қауышылады.» деген. (2/63)

Татархания атты кітаптағы: «Қаза намазы бар не жоқ екенін білмейтін адамның төрт рәкатты сүннеттерде заммы сүре оқығаны жақсы болады» деген сөйлемде айтылмақшы болған мақсат: «Сүннеттерді оқып жатқанда қазаға ниет етіп, заммы сүре оқығаны жақсы болады» деген сөз. (Уйунул-бәсаир. С. Әбәдийә)

Қаза намазы бар немесе жоқ екенін білмейтін адам да сүннет оқығанда қазаға ниет етсе болады.