Тахийатул мәсжид намазыМешітке кіргеннен кейін, отырмас бұрын мешіттің иесіне, яғни Аллаһу та'алаға тағзым және құрмет ретінде оқылатын екі рәкат намаз «тахийатул мәсжид» намазы деп аталады. Мешітке кірген адамның тахийатул мәсжид ретінде екі рәкат намаз оқуы ғалымдардың ауызбірлігімен сүннет деп қабылданған. Мешітте дауыстап Құран кәрім оқылып жатқан болса тахийатул мәсжид намазы оқылмайды. (Хамәуи) Хадис шәрифтерде былай делінген: «Мешітке кірген кезде отырмай тұрып екі рәкат намаз оқыңдар! Сосын қаласаңдар отырыңдар, қаласаңдар жұмыстарыңа барыңдар!» (Әбу Дауд) «Аллаһу та'аланың ең қатты жақсы көретін жері – мешіттер.» (Хаким) «Мешітке келген адам Аллаһтың қонағы болады. Аллаһу та'ала қонағына әрине сияпат көрсетеді.» (Табарани) Парыз намаздан қазасы болған адамдарбілдірілген нәпіл намаздарының орнына қаза намаздарын оқуы керек. Бір жағынан қаза намазы өтеледі, екінші жағынан нәпіл намазының сауабына қауышады. Мысалы, тахийатул мәсжид намазын оқитын кезде «Алғашқы қазаға қалған бамдат намазының парызын және тахийатул мәсжид намазын оқуға» деп ниет ету керек. Осылайша қаза намаз өтелген болады, сонымен қатар аталмыш нәпіл намаз да оқылған болады. (Н. Фиқһийа)
Сұрақ: Тахийатул мәсжид намазын мәкрух болған уақыттарда да оқуға бола ма? Шафии мазһабындағылар мәкрух уақыт болса да мешітке кірген кезде екі рәкат тахийатул мәсжид намазын оқиды. Ханафи мазһабындағылар да оқыса бола ма? Жауап: Ханафи мазһабында мәкрух болған уақыттарда тахийатул мәсжид намазы оқылмайды. Мысалы, бесін намазының азаны оқылғаннан кейін мешітке кірген кезде екі рәкат тахийатул мәсжид намазын оқуға болады. Екінді намазын оқуға мешітке келген кезде де тахийатул мәсжид намазын оқуға болады. Сосын, құптан намазына келгенде оқуға болады. Бамдат намазына келгенде имсак уақытынан кейін тахиатул мәсжид намазын оқу мәкрух болады. Ақшам намазынан бұрын да оқылмайды. Сосын, бесін намазына 20 минуттай уақыт қалғанда оқылмайды. Мешітке келген адам парыз, сүннет немесе қаза намазын оқитын кезде тахийатул мәсжидке деп те ниет ететін болса, ғұламалардың барлығының үкімі бойынша тахийатул мәсжид намазы да оқылған болады. Шафии мазһабында тахийатул мәсжид намазы сол уақыттың намазы болғандықтан, кәрахат уақыты болса да оқу жаиз болады.
Сұрақ: Мешітке кіріп сүннет немесе парыз болған кез-келген бір намазды оқығанда тахийатул мәсжид намазы да оқылған болып санала ма? Жауап: Иә, саналады. Тек, ниет сауабына да қауышу үшін сүннетті немесе парызды оқитын кезде тахийатул мәсжид-ке де ниет ету керек. Жаңадан дәрет алып мешітке кірген адам Субха (дәреттің шүкірі) намазына да ниет етсе, ниет сауабы да алынады. Ниет етілмесе екі намаз да оқылған болады, бірақ ниет сауабы жоқ болады. Осы сияқты, еш ниет етпей алынған дәрет пен ғұсыл да сахих болады. Бірақ, ниет етілсе ниет сауабына да қауышылады. Әр ғибадатты орындайтын кезде, ниет етіп ниет сауабына қауышу керек. Кейбір ғибадаттарда, мысалы тәйәммумде және намазда ниет ету парыз болып табылады. Ниетсіз бұл ғибадаттар сахих болмайды. |