Кедейлік пе, байлық па?Сұрақ: Дінімізде байлық жақсы ма кедейлік пе? Жауап: Дініміз сабыр ететін кедейлер мен шүкір ететін байларды мадақтаған. Кейбір ғұламалар: «Фуқараи сабирин ағниаи шакиринден = Сабыр етуші кедей шүкір етуші байдан үстем» деген. Кейбір ғалымдар байлыққа шүкір ету кедейлікке сабыр етуден оңай, шүкір еткен кедей үстем деген. Кедейдің ақшасы жоқ, аш жатып ұйықтайды. Бірақ, бай ақшасын қайда, қалай жаратамын деп мазаланады. Бай байлығын Аллаһу та'аланың қалаған нәрсесіне жаратпаса, мүлкі өзін қауіпке түсіреді. Ислам дінінің бастапқы дәуірлерінде кедейлік мақталып, ақыр заманда байлық мақталған. Адам дүниесін де, ахиретін де ақшамен қорғай алады. Сонымен қатар кедейлік пен байлықтың жақсы не жаман болуы көбінесе адамның өзіне байланысты. Біреу үшін кедейлік жақсы болса, ендігі біреу үшін байлық жақсы болады. Өйткені байлық та, кедейлік те адамның адасуына себеп бола алады. Қайсысы хайырлы (адам үшін жақсы) болса, соны тілеп дұға ету керек. Кедейлік пен байлыққа қатысты хадис шәрифтерде былай делінген:
«Мына жеті нәрсе келмей тұрып, пайдалы амал етуде асығыңдар: 1- (Аллаһты) Ұмыттыратын кедейлік, 2- Азғыртатын байлық, 3- Саулықты бұзатын ауру, 4- Алжастыратын кәрілік, 5- Кенеттен келген өлім, 6- Дәжжал, 7- Қиямет – бұл барлығынан да қауіпті.» (Тирмизи, Хаким)
«Адамды құртатын үш нәрсе: 1- Сараңдық, 2- Нәпсіге бағыну, 3- Өзін ұнату
Адамды құтқаратын үш нәрсе: 1- Жасырын не ашық Аллаһу та'аладан қорқу, 2- Кедейлік пен байлықта бір қалыпта болу, 3- Реніш пен қуанышта әділетті болу
Күнәларға каффарат болатын үш нәрсе: 1- Мешітке бару, 2- Намазды оқығаннан кейін келесі намазды күту, 3- Қатты суықта жақсылап дәрет алу.
Дәрежелерді көтеретін үш нәрсе: 1- Тамақ беру, 2- Сәлемді жаю, 3- Барлық адам ұйықтап жатқанда түнгі намазды оқу» (Хатиб)
«Надандықтан да жаман кедейлік, ақылдан да пайдалы байлық, тәфәккурден де артық ғибадат жоқ.» (И. Нәжжар) «Өлімді көп еске алу күнәларды жоқ қылады, дүниеліктен алыстатады. Бай болған кезде өлімді еске алу, мал-мүлікке деген құмарлықты жоқ етеді. Кедей кезде еске алу қолдағымен қанағат етуге себеп болады.» (Ибни Әбиддунйа) «Шын байлық – адамдардың қолындағыға көз тікпеу. Аш көздік – кедейлік.» (Аскәри) |