Мақталуды сүю5- Көңіл ауруларының бесіншісі - «Мәдһ» және «Сәна» етілуді, яғни мақталуды, дәріптелуді жақсы көру. Мұның себебі – адамның өзін ұнатуы, өзін асыра бағалап, жоғары санап, өзін жақсы деп білуі. Мақталу мұндай адамға жағымды болады. Мақтаусүйерліктен құтылу үшін мақтау есітудің үстемдік, жақсылық еместігін, үстемдік немесе жақсылық болса да өткінші екенін ойлау керек. Кібір (тәкаппарлық) бөлімінде бұл тақырыпта кеңірек мағлұмат беріледі. |