Ақыр заманСұрақ: «Хижри мыңыншы жылдан кейін ақыр заман болады» делінеді. Ақыр заман пайғамбарымыздың келуімен басталмады ма? Жауап: Иә. Мұхаммед алейһиссаламнан кейін басқа пайғамбар келмейді, қияметке дейін Оның білдірген ислам діні ғана дұрыс дін болады. «Мыңыншы жылдан кейін ақыр заман болады» деген сөз, ақыр заман белгілерінің көбейе бастайтын уақыты деген сөз. Бұл белгілер уақыт өткен сайын көбейе береді, соңында үлкен белгілері шығады, одан кейін қиямет қайым болады.
Сұрақ: Ақыр заман фитнасы деген не? Жауап: Бидғаттар, күпіршілік, анархия, бөлінулер, түрлі қақтығыстар ақыр заманның фитналары болып табылады. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Қиямет жақындаған сайын фитналар көбейеді. Кеш батқандағы қараңғылықтың артуы сияқты болады. Таңертең үйінен мұсылман болып шыққан көптеген адамдар, кешке кәпір болып оралады. Кешкісін мұсылман болып тұрғандардың, түнде имандары кетеді. Мұндай замандарда үйден шықпау фитнаға араласудан жақсы. Шетте қалу алға ұмтылудан жақсы. Ол күні жебелеріңді сындырыңдар, қаруларыңды тастаңдар! Барлық адамға тәтті тілмен, жылы жүзбен мәміле етіңдер!» (Әбу Дауд)
Сұрақ: Хадис шәрифте: «Әр ғасыр алдыңғы ғасырдан жаман болады. Осылайша қияметке дейін бұзылып кете береді» делінгенімен, қазіргі таңда дүниеде ислами тұрғыдан оянудың көрілуін қалай түсіндіруге болады? Жауап: Хадис шәриф жалпы мағынада айтылған. Яғни, барған сайын адамдардың бұзылатынын көрсетуде. Кейбір аймақтарда әруақыт исламға жабысқан адамдардың болуы бұл айтылғандарға кедергі емес. |