Тақлиди иман8- Көңіл ауруларының сегізіншісі – танымаған адамға «тақлид ету» (еліктеу, артынан еру). Әһли сүннет ғалымы екені белгісіз адамның өзін, сөзін немесе кітаптарын жұрттың мақтағанына қарап, жасанды, тартымды пропагандаларға алданып, ұнатып қалуға және ондайларға еру, бағыну, мойынсұну жаиз емес. Қандай адам екенін іздестірмей, оған сену адамдардан сұрастырмай сенімде, сөздерінде және ғибадаттарында оған бағыну, адамды пәлекетке апарады. Мұсылман болу үшін, яғни Аллаһу та’аланың бар екенін, бір екенін, құдіретін, сипаттарын түсіну үшін ешкімге еліктеудің қажеті жоқ. Жаратылыстану ғылымдарын жақсы білетін, ақылды болған адам тек ойлаумен-ақ, Аллаһтың бар екенін түсінеді. Иманға қауышады. Жаратылысқа қарап Жаратушының бар екенін түсінбеу ақымақтық болады. Әр адамның осылай ойланып иман келтіруін дініміз әмір етуде. Сәләфус-салихин (сахабалар, табииндер) бұл әмірді ауызбірлікпен білдірген. Хижреттің 400-ші жылынан кейін пайда болған кейбір адасқан ағымдағылар, назар (зерттеу) мен истидлалға (жаратылыстарға қарап Жаратушыны ойлауға) қажеттілік жоқ деді. Бұлардың сөздерінің құны жоқ. Өйткені, кейінгі келгендердің өтірігі, алдыңғылардың ауызбірлігін жоққа шығара алмайды. Сондықтан, анасын, әкесін, ұстаздарын тақлид етіп, дұрыс ақидаға қауышқан адамның иманы салих болса да, назар мен истидлалды тәрк еткені үшін, яғни жаратылыстану білімін үйреніп, Аллаһу та’аланың бар екенін ойланбағаны үшін, күнә істеген болады. Жаратылыстану ғылымдарын үйренбеген адам ата-анадан, кітаптан үйреніп иман келтіріп, ойланып қабыл етіп, ақылын қолданып сенгені үшін истидлалды тәрк еткен болып саналмайды дегендер де бар. Амалдарда, ғибадаттарда, ижтиһад дәрежесіне көтерілген ғұламалардың біреуін таңдап, әр ісінде осы ғұламаны тақлид ету керек. Төрт мазһаб ғұламаларының біреуін тақлид ету керек. Мұндай шынайы Әһли сүннет ғұламасын таба алмаса, олардың кітаптарына тақлид ету (еру) керек. «Ижтиһад» – насстарда (Құран кәріммен хадис шәрифтерде) ашық білдірілмеген, жабық, жасырын болған мәліметтерді түсіну, ашықтау деген сөз. Аяти кәрималар мен хадис-шәрифтерге«Насс» делінеді. Ижтиһад ету шарттарына және құқығына ие болған терең ғұламаларға «Мүжтәһид» делінеді. Хижраның төрт жүзінші жылынан кейін, мүжтаһид ғалымдар жетілмеді. Мүжтәһидке қажеттілік те қалмады. Себебі, Аллаһу та’ала мен Оның расулы Мұхаммед алейһиссалам қияметке дейінгі өмір сүру және ғылыми құралдарда болатын өзгерістердің, жаңалықтардың барлығын қамтитын үкімдерді білдірді. Мужтаһидтер бұлардың барлығын түсініп, ашықтады. Кейінгі келген ғұламалар бұл үкімдердің жаңадан ашылған жаңалықтарға қалай қолдану керек екенін тәфсир және фиқһ кітаптарында жазды. «Мүжәддид» деп аталатын бұл ғұламалар қияметке дейін болады. «Ғылыми құралдар өзгерді. Жаңалықтар шығып жатыр. Бұрын болмаған жаңа нәрселерге тап болудамыз. Дін адамдары жиналып жаңа тәфсир жазулары керек, жаңа ижтиһадтар жасалу керек» деп, насстарға қосымшалар, өзгерістер енгізілу керектігін қолдайтындардың «Зындық» [кәпір] және ислам дұшпаны екендіктері түсініледі. Ислам дұшпандарының ең қауіптісі – ағылшындар. Кеңірек мәлімет үшін «Ағылшын тыңшысының мойындаулары» атты кітабымызды оқыңыздар! Тура, хақ болған төрт мазһабтың біреуін тақлид ете бастағаннан кейін, қажеттіліксіз (үзірсіз) тағы бір мазһабты тақлид етуге болмайды. Бірақ, бір амалды орындауда өз мазһабында қиындық туса, ол амалды төрт мазһабтың бірін тақлид ету арқылы орындау жаиз болады. Бір амалды орындау үшін төрт мазһаб үкімдерінің ең оңай тұстарын жинап орындау жаиз емес. Бұлай жасалған амал мен ғибадат сахих болмайды. Хижраның төрт жүзінші жылынан кейін қияс жасай алатын, ижтиһад дәрежесіне көтерілген мутлақ мүжтәһид жетілмегендіктен, бұл дәуірден кейін келген ғұламаларды тақлид ету жаиз емес. Бұл дәуірден бұрын жетілген мүжтаһидердің мазһабын үйрену үшін, бұл мазһаб ғұламаларының ауызбірлікпен қабыл еткен фиқһ кітаптарын оқу керек. Әһли сүннет ғалымы болған шынайы дін адамдарының қабыл етіп, растамаған сөздер мен кітаптардан дін үйренуге тырыспау керек. Кез-келген дін кітабы бойынша ғибадат ету жаиз емес. Әһли сүннет болмаған дін адамдарының кітаптары мен сөздеріне мойынсұнбау керек. «Қадихан», «Ханийә», «Хуласа», «Бәззазийә» және «Захирийә», «Ибни Абидин» атты фәтуа кітаптары ханафи мазһабында, «Мухтасары Халил» Малики мазһабында және «Әл-Әнуар лиамали әбрар» және «Тухфәт-ул-мухтаж» Шафииде және «Әл-фиқһу аләл-мәзаһиб-иләрбаа» төрт мазһаптың дұрыс, сахих кітаптары болып табылады. Ғибадат және ахкам ілімдері хадис кітаптарынан оңай түсінілмейді. «Ахкам» деп халал мен харамдарға айтылады. Хадис кітаптарының ең дұрысы –«Бұхари», «Мүслим» және «Кутуби Ситтә» деп аталатын қалған төрт хадис кітаптары. Тасаууф туралы жазылған кітаптардың ең құндысы –«Мәснәуи» атты кітап. Тасаууф пен Исламды қосып түсіндірген кітап – имам Раббани хазреттерінің «Мәктубат»атты кітабы. Ғалым болып көрінетін және дін адамы деп аталатын әр адамның сөзіне немесе кітабына ұйып амал ету жаиз емес. Жоғарыда білдірілген құнды кітаптардан жиналған, аударылған Әһли сүннет ғұламаларының жазған «Илмиһал» кітаптарыноқу керек. Осылай аударма жасалмаған, ойдан жазылған илмиһал кітаптарын және тәфсирлерді оқу адамды дүние мен ахирет пәлекетіне ұшыратады. [Казандық Мұса Бегиев атты кәпір, өзін мұсылман деп, Құран кәрім мен хадис шәрифтерге сенбей, жаңа бір дін шығарып оны ислам деп айтуда. Жасанды сөздерімен мұсылмандарға керітартпа, Әһли сүннет ғалымдарына фанатиктер дейді. Құран мен хадистер, бүгінгі жаратылыстану ғылымымен жетілген жастардың мойынсұнатын діні емес деп, ойдан шығарған пікірлерін дін деп атауда, кітаптары мен жастарды алдауда. Бұған алданғандар, шығарып жатқан «Хабар бюллетені» атты журналдарында қате, адасқан жалаларымен Әһли сүннет ғұламаларына шабуылдауда. Бұлардың Әһли сүннет кітаптарын оқып, тура жолға түсуі үшін дұға етеміз.] Ширктен, яғни күпірден, яғни имансыздықтан кейінгі ең үлкен күнә - бидғат ақидасында (сенімінде) болу. Бұл адасқан және бұзылған ақиданың қарама-қарсысы «Әһли сүннет уәл-жамағат» ақидасы делінеді. Аллаһқа иман еткеннен кейін ғибадаттардың үстемдерінің ең құндысы – Әһли сүннет ақидасында болу. Әһли сүннет – сенімде, сөзде, барлық істе, ғибадаттарда және адамдармен қарым-қатынастарда Мұхаммед алейһиссаламның сүннетіне, жолына және сахабаларға, табииннің және одан кейін келген Әһли сүннет ғұламаларының «радиаллаһу та’ала анһум әжмаин» ижмасына, яғни ауызбірлікпен білдіргендеріне мойынсұну. Олардың жолын фиқһ және илмихал кітаптарынан оқып үйрену қажет. Жүз он бірінші бетті оқыңыз! Шынайы мұсылмандар – осы жолда болғандар. Мұсылмандардың көбісі нәпістеріне және қысқа ақылдарына, өз көз қарастарына және заманауи жаратылыстану ғылымдарына сеніп, Әһли сүннет жолынан ажырап, «бидғат иесі» болған. [Жаман адаммен (фасықпен) дос болудың соңы пәлекет болады. Жаман адам – исламды қаламайтын адам деген сөз. Мұхаммед алейһиссаламның әмірлері мен тыйымдарына «Ислам» және «Аһками иләһийә» делінеді. Адамдардың ең жаманы - «Зындық»тар. Олар мұсылман атын жамылып, үлкен сәлде, ескі шапан ішіне жасырынады. Пайғамбарымыз бен исламды мақтайды. Бірақ, Құран кәрім мен хадис шәрифтерге қате мағына беріп, исламды қалағанынша өзгертеді. Олар – ағылшындардың қызметшілері. Лондондағы масон орталығынан алған көп ақша, өтірік диплом, атақ үшін кәпірлерге сатылған ақымақтар. Ақылды болған, Әһли сүннет кітаптарын оқыған адам оларға алданбайды. Пайғамбарымыз бұл мұнафықтардың келетінін және жаһаннамның түбінде ауыр азапта мәңгі жанатынын білдірді. Жас бауырларымызды осындай зымиян дұшпандарға алданудан қорғау үшін, осы сөз жолдарын жазудамыз. Бұл насихатымыз ақылы болған адамға өте пайдалы болады. «Ақылдыға аз насихат саз, ақылсызға дабыл қақсаң аз» сөзі мәшһүр. Бұл айтылғандар «Қиямет және Ахирет» атты кітабымыздың 18-ші соңғы бөлімдерінде ұзақ жазылған.] |