19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   


Тәубә (Бәраа) сүресі

Сұрақ: Тәубә сүресінің маңызы қандай?

Жауап: Тәубә сүресі Мәдина қаласында түскен. 128 және 129-аяттары Мекке қаласында түсті. 104-ші аятында тәубенің маңызы туралы айтылған. Бұл сүре Бәраа сүресі деп те аталады. Бірінші аятта өткен бәраа сөзі, қазіргі тілмен айтқанда ултиматум (талап қою) дегенді білдіреді. Сүре мүшриктердің Аллаһу та’аламен арақатынастарының үзілгенін, бұдан кейін олардың Қағбаға жақындатқызылмайтындығын, мұсылман болмаса жазаланатындықтарын білдірген бір ескерту болып табылады. Бұл сүре Расулуллаһтың шапағаты мен мейрімділігін білдіретін аяттармен аяқталады.

Бұл сүренің Әнфал сүресінің жалғасы немесе бөлек бір сүре екендігі білдірілмеген. Сонымен қатар, Расулуллаһ алейһиссалам Бисмиллаһ жазылуын бұйырмағандықтан, бұл сүренің басына Бисмиллаһ жазылмаған. (Бәйдәуи, Жәлалайн)

Екі хадис-шәрифте былай делінген:

«Құран кәрім маған аят-аят, әріп-әріп болып түсті. Тек Тәубә және Ихлас сүрелері жетпіс мың сап періштемен бірге түсті.» (Бәйдауи)

«Әнфал және Тәубә сүрелерін оқыған адамға қияметте шапағат етіп, оның мүнафықтықтан құтылғанына куәлік етемін.» (Әнуар-ут-тәнзил)