Мазһабсыздардың бұзық пікірлерінің кейбіріСұрақ: ... деген кісінің адасқан пікірлерін айтып берсеңіз. Оған сеніп, лекцияларын тыңдап, кітаптарын оқып, артынан еріп жүргендерге азғындығын айтып, адасқан жолдарынан қайтарғым келеді. Бұл кісінің қандай адасқан пікірлері бар? Жауап: Бұл адамның артынан ерушілер шығып жатқанына қарағанда оның адасқандығы жұрттардың көзіне тақуалық болып көрінсе керек. Өкініштісі, олар да етегіне жабысқан көсемдерінің таратып жатқан пікірлерінің адасушылық екенін білмеуде, сондай-ақ оны ұнатуда. Сондықтан оның артынан ергендерге «Бұл кісінің пікірлері қате, адасушылық» дегеннен гөрі, Әһли сүннетті түсіндіретін кітаптар беру керек. Кітаптарды оқып тура жолды түсінсе, еріп жүрген адамының қателіктерін онсыз да көріп, түсінеді. Әуелі оған дінді дұрыс үйрету керек. Имам Раббани хазреттері былай деген: Бір үкімнің дұрыс немесе қате екені Әһли сүннет ғұламаларының білдіргендеріне сай болғанына қарай анықталады. Өйткені, Әһли сүннет ғұламаларының білдіргендеріне сай келмеген кез-келген пікір қате болып табылады. Әр адасқан адам өз көзқарасын Құран кәрім мен хадис шәрифтерге сай деп және адасқан жолын тура деп ойлайды. Алайда, Құран кәрімде былай делінеді: «Құран кәрімдегі мысалдар көпшілікті күпірге сүйрегені сияқты, көпшілікті тура жолға қауыштырады.» (Бақара 26) (Мәктубат 1 том, 286 мәктуб) Әһли сүннет ақидасымен қалған дұрыс ілімдер үйренілсе, мұның қарама қарсысында жүргендердің адасқан екендігі анық болады. Қазіргі таңдағы адасқандардың Әһли сүннет сенімінен өзгешеліктерінің(адасушылықтарының) кейбірі мыналар: 1- «Әмәнту»-дегі алты шарттың бірін мойындамау, мысалы, жақсылық Аллаһтан, жамандық шайтаннан деп айту немесе тағдырды мойындамау. 2- Амал иманның бөлшегі деп айту. (Мысалы, намаз оқымаған адам кәпір болады деп айту) 3- Иман азайып, көбейеді деп айту. (Нұры, қуаты азайып, көбейеді деп айту керек) 4- Құран кәрімді махлұқ, кейіннен жаратылған деп айту. 5- Аллаһ аспанда, Аршта деп айту. «Истиуа» сөзіне қате мағына беріп, Аллаһты Аршта отыр деп айту. 6- Қабірдегі сұрақ-жауапқа, қабір азабына, шапағатқа, сырат көпіріне, есепке немесе таразыға сенбеу. 7- Аллаһ ғайыпты әулие-әнбиаларына білдірмейді деп айту. 8- Әулиенің кереметін мойындамау. 9- Сахабалардың барлығы жаннаттық болғанымен, кейбірін жамандау. 10- Екі қайын-атаны (Хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омарды) қалған сахабалардан үстем деп білмеу. Екі күйеу баланы (Хазреті Осман мен хазреті Әлиді) жақсы көрмеу. 11- Миғраждың рух және денемен бірге болғанына сенбеу. 12- Пайғамбарларды күнә істейді деп айту. 13- Қазіргі таңдағы хақ болған төрт мазһабтың бірін ұстанбау. ("Мен мазһабтардың үкімдерін зерттеймін, қайсысы Құранға-Суннаға сай болса, соны аламын" деп құдды мазһаб имамдарын Құранды зерттеуге әлгі адамдай шамалары, ақылдары жетпегендей қылып көрсетуге тырысатындардың түгел барлығы адасқандар.) 14- Діндегі төрт дәлелді қабыл етпей «Тек Құран, тек Кітап пен Сүннет» деп айту. 15- Расулуллаһтан кейін нәби келмейді, бірақ расул келеді деп айту. 16- Өлтірілген, өзіне қол жұмсап өлген адамдардың ажалымен өлгенін мойындамау. 17- Пайғамбарларды пайғамбарлыққа өз еңбектерімен жеткен деп айту. 18- Дажжалдың, Даббатул-ардтың, хазреті Мәһдидің келетініне, хазреті Исаның көктен түсетініне және тағы басқа қиямет белгілерінің біреуіне де сенбеу. 19- Аллаһу та'ала ахиретте де көрінбейді деп айту. 20- Кәпірлер жаһаннамда мәңгі қалмайды, жаһаннам мәңгі емес деп айту. 21- «Күнаһар мұсылмандар жаһаннамға түспейді, жаһаннамға түскен адам ешқашан шықпайды» деп айту. 22- Мәсіге мәсх етуді жаиз деп білмеу. 23- Сұлтанға (мемлекетке) қарсы шығуды жаиз деп білу.
Адасқандардың дінге қайшы тағы басқа көзқарастары мыналар: 1- Яһудилер де, христиандар да жаннатқа кіреді деп айту. 2- «Ла илаһа иллаллаһ» деген адам жаннатқа кіреді, «Мухаммадун расулуллаһ» деп айтудың керегі жоқ деп айту. 3- «Дажжал деген бір ағым түрі, Иса мен Мәһди де рухани тұлғалар, яғни рух ретінде келеді» деп айту. 4- Хазреті Иса келгенде шынайы христиандықты жаяды деп айту. 5- Хазреті Мәһдидің сипаттарына сай келмесе де кейбір адамдарды Мәһди деп атау. 6- Ибн Тәймиәнің, масон Абдухтың және қалған мазһабсыздар мен бидғатшылардың артынан еру. 7- Әнбиа мен әулиелердің қабірлеріне барып олардың құрметіне дұға ету, олардан көмек сұрау жаиз емес деп айту. 8- Кездейсоқтық деген сөзді қолдану жаиз емес деп айту. 9- Уаххаби болсын, Мутазила болсын, кез-келген адамды, яғни бидғатшы болса да жақсы көремін деп айту, 10- Рух өледі, рухтар мен өлілер есітпейді деп айту. Талқин, дәуір және исқатты мойындамау 11- Жұқа наскиге мәсх тартуды жаиз деп білу. 12- Ислам халифаларын, Османлы сұлтандарын жамандау 13- Өлмей тұрып рухты Аллаһқа жеткізу керек деп айту 14- Қаза намазды оқудың керегі жоқ деп айту, 15- Қажеттілік және зарурат кезде төрт хақ мазһабтың бірін тақлид етуді қабыл етпеу, немесе әр мазһабтың оңай үкімдерін араластырып амал ету. 16- Мазһабқа бағынуды «Мазһаб фанатигі» деп айту, ижтиһад есігі ашық деп айту, 17- Жұма намазынан кейін Зухри ахир деген намаз жоқ деп айту, 18- Орган алып-салуды харам деп айту, 19- Ислами көзқарас, Ислами пікір, Ислам пәлсапасы, Исламшы деген сөздерді қолдану, 20- Ислам ғұламаларын жамандау мақсатында, олардың кітаптарында ойдан шығарылған хадистер бар деп айту, 21- Ахмед Қадиани, Бахауллаһ, М. Бегиев, Ж. Әфғани, Әбул ала Мәудуди, Хасан әл Банна, Хасан Саббах, Ибн Хазм, Ибн Қайим Жәузиә, Ибн Рушд, Ибни Сәбә, Ибн Тәймиә, Измирли Исмаил Хаккы, М. Шәукани, М. Абдуһ, М. бин Абдулуаххаб Нәжди, Мақдиси, М. Хамидуллаһ, М. Әбу Захра, М. Иқбал, М. Сыддық Хасан Хан, Наср Албани, Рәшат Халифа, Рашит Рыза, Сеіт Қутб, Сәйид Сабык, Шәйх Бәдрәттин, Юсуф Қандәһләуи, Юсуф Қардауи, Зухайли сияқты мазһабсыз авторларды дәлел ретінде, дереккөз ретінде көрсету. (Жоғарыдағы аталған мәліметтер Фиқһи Әкбар, Нухбәтул-ләали, Р. Насихин, Мәктубат Раббани, С. Әбәдийә, Ф. Фәуаид атты кітаптардан алынған.) |