Аңшылықтың дініміздегі орныСұрақ: Дінімізде аңшылықтың орны қандай? Жауап: Аллаһу та'ала адамдар үшін әр түрлі жануарлар жаратқан. Бөдене, қоян, балық сияқты жануарлардың етін, сусар, борсық, түлкі сияқты аңдардың терісін, киіктердің терісін медицина және парфюмерия саласында қолдану, бөкендердің жұпар иісін, су асты жәндіктерінің інжу-маржанын, пілдің тісін пайдалану үшін аулау, қасқыр, доңыз, жылан, тышқан сияқты аңдардың зиянынан құтылу үшін қинамай (мысалы отқа жақпай, суға батырмай) өлтіру жаиз болып табылады. Аңшылыққа шыққанда ешкімге зиян тигізбеу керек. Өкінішке орай заманымызда: «Зауқ үшін балық аулауды және аңшылыққа шығуды мұсылмандар үшін қош көрмеймін. Өздеріне бұдан да қарапайым және шариғатқа қайшы келмейтін ермек тауып алсын» деп жазатын дүмшелер шығуда. Сауда үшін болмаса да, балықты тек жеу үшін аулау харам да, мәкрух те емес, яғни жаиз болып табылады. Тіпті, балық жеуге ешқандай мұқтаждығы болмаса да, тек өзінің стреcсін жазу үшін ғана аулап, ұстаған балықтарын мұқтаж жандарға беру де жаиз болады. Аллаһу та'ала Құран кәрімде балық аулауды халал еткен. «Сендерге теңіз аңшылығы және оны жеу халал қылынды» деп бұйырылған (Маидә 96). Аллаһу та'аланың халал еткен аңшылығын шариғатқа қайшы сияқты етіп көрсету қате болып табылады. Жабайы аңдарды аулау мубах табыс жолы болса да, сауда, шаруашылық, қолөнер сияқты табыс табудың басқа жолдары абзалырақ болып табылады. Тек көңіл көтеру үшін аңшылық жасау жақсы емес. Бұл көңілге қысым береді, аңдарға деген аяушылық, мейрімділік сезімдерін жоқ қылады. Бірақ, аңшылықты, аңды союды харам немесе шариғатқа қайшы тірлік деп айту жаиз емес. Қасапшы да малды сояды. Қасапшының істегенін арсыздық, ұждансыздық деп айтуға болмайды әрине. Аңды аулағанда, сойғанда оны қинап, жәбір көрсетілмесе, дініміздің білдірген шектеулеріне мән беріліп жатқан болса ешқандай мәселе жоқ. Мылтықпен, тұзақпен аңшылық жасауға болатыны сияқты, үйретілген таз-итпен, сұңқар, қаршыға, бүркіт сияқты құстармен де аң аулауға болады. Үйретілмеген жануармен аң аулауға болмайды. Яғни, аң аулайтын жануар аңды өзі үшін емес, иесі үшін аулауы тиіс. Жануардың үйретілгенінің белгісі – қатарынан үш рет аулаған аңын жемей, иесіне алып келуінен байқалады. Қаршыға, бүркіт сияқты тепкілі құстардың үйретілгенінің белгісі – көзін ашып жібергеннен кейін, шақырылған кезде қайтып келуінен білінеді. Ит аулаған аңын өзі жеп қойса, бүркіт шақырылған кезде келмесе мұндай жануарлардың аулаған аңы желінбейді. Аңды жей алу үшін мына нәрселерге мән беру керек: 1) Аң – кекілік, қоян сияқты етін жеуге болатын жануар болуы керек. 2) Аңшы мұсылман немесе әһли кітап болуы керек, аңға мылтық атарда немесе үйретілген жануарды жіберерде "Бисмилләһ" айту керек. Бисмиллаһ айтуды ұмытса зияны жоқ. Әдейі айтпаса ол аңның еті желінбейді. Кітапсыз кәпірлердің, мүртәдтердің (діннен шыққандар) сойған, аулаған аңдарын жеу харам болып табылады. 3) Аң алған жарақатынан өлуі керек. Қолға өлмей түссе, бисмиллаһ айтылып сойылуы керек болады. 4) Аңшы аңға дереу жүгіріп баруы керек. Жараланған аңды дереу бауыздап алуы керек. Аңшы жетемін дегенше аң өліп қалса ештеңе етпейді, яғни етін жей беруге болады. Аң қашып кетіп, көзден ғайып болғаннан кейін басқа ұзақ бір жерде өліп жатқан жерінен табылса, еті желінбейді. Өйткені, басқа себеппен өлген болуы мүмкін. Мысалы, биік жерден құлап немесе талға соғысып өлуі мүмкін. Алғашқы алған жарасы терең болып, қансырап өлген болса желінеді. 5) Жараланған аңды басқа біреудің үйретілген жануары ұстап өлтірсе, ол аң желінбейді. Өз жануары өлтіруі керек. 6) Үйретілген ит аулаған аңының етін жесе, ол аңды жеу жаиз болмайды. Бірақ, сұңқар сияқты құстың аулаған аңының етін жейтін болса ештеңе етпейді. Шақырылған кезде келетін аңшы құстың аулаған аңы желінеді. Ит тісті (клык) жыртқыш жануарлар және ауын (қорегін) тырнағымен аулайтын құстарды жеуге болмайды. 7) Аң, аулаған адамдікі болып саналады. Бір аңшы бір аңды атып құлатқаннан кейін, ол аң тұрып қашқан кезде, басқа бір аңшы келіп ұстап алса, ол аң ұстаған аңшынікі болады. 8) Құрлықта және суда өмір сүретін тасбақамен мидия және молюскілер сияқты теңіз жәндіктері желінбейді. 9) Балық пішімдес болмаған теңіз жануарлары желінбейді. Суда өзі өліп, іші жоғарыға қаратылып қалған балық желінбейді. Аумен, дәрімен, дірілмен (токқа түсіріп), мұз арасында қысылып өлген балықтар желінеді. 10) Бисмиаллаһсыз ұсталған немесе кәпірлердің ұстаған балығын жеу халал болып табылады. Бірақ, олардың аулаған басқа аңдарын жеу харам болады. Ханафи мазһабында шошқадан басқа барлық жануардың өлгеннен кейін жүні, сүйегі, тісі таза болып саналады. Өлімсенің терісі нәжіс болмаған нәрсемен иленгеннен кейін таза болады. Нәжіс нәрсемен иленсе, үш рет жуып сыққаннан кейін таза болады. Шошқа мен жыланның терісі ешқашан таза болмайды. Бұлармен жасалған әмиян, белдік, сөмке және киіммен намаз оқымау керек. Шошқа мен жыланнан басқа еті желінбейтін жануар дінге сай сойылса немесе ауланса, тек терісі ғана таза болады. Бұлай өлтірілген аңның терісін төсеп үстінде намаз оқу жаиз болады.
Сұрақ: Еті желінетін немесе желінбейтін жабайы аңды қандай да бір мақсатпен өлтіру жаиз ба? Мысалы, сусарды терісін алу үшін, киікті етін алу үшін аулау жаиз ба? Жауап: Аңдардың ешқайсысын жәбірлеу, қинау, суға тұншықтырып немесе отқа жағып өлтіру жаиз емес. Аңға, жануарға жәбір көрсетудің күнәсі мұсылман болмаған отандасқа жәбір көрсеткеннен ауыр. Мұсылман емес отандасқа жәбір көрсетудің күнәсі мұсылманға жәбір көрсеткеннен ауыр. (Дуррул Мухтар) Аңды мақсатсыз өлтіру жаиз емес. Ахиретте «Оны неге өлтірдің?» деген сұраққа тартылады. Аңдарды, жануарларды бір-бірімен төбелестіру де жаиз емес. Жануарлардың ақыларын аяққа таптамау керек. Хадис шәрифте: «Мейрімділік көрсет, сонда мейрімділік көресің» делінген. (Шира) Зиянды жануарларды өлтіру жаиз болғанындай сусар, борсық, сияқты аңдарды терісін алу үшін, киік сияқты аңдарды етін алу үшін өлтіру жаиз болады. Шошқадан басқа еті желінбейтін аңдарды мұсылман еместерге сату да жаиз. (Шәрһи Ниқайә) Зияны жоқ аңдарды өлтіру жаиз емес. Зияндыларын қорламай, жәбірлемей өлтіру жаиз. (Бәриқа)
Сұрақ: Аңды мысалы, қоянды ұйықтап жатқанда емес, оятып, қашып бара жатқанында ату керек делінеді. Ұйықтап жатқанда ату жаиз ба? Жауап: Иә, жаиз.
Қармаққа құрт (шылаушан) тағу Сұрақ: Қармаққа құрт (шылаушын) тағу жаиз ба? Жауап: Иә, жаиз. |