![]() ![]() Ораза тұту пайдалыАллаһу та’ала адамдарға зиянды нәрсені әмір етпейді. Мұны медицина мамандары растауда: Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизол гормондары қанға бұрынғыдан да оңай араласады. Бұл гормондар рак клеткаларына әсерін тигізеді. Осылай рак клеткаларына қарсы қалқан болады, яғни рак клеткаларының көбеюінің алдын алады. Ораза тұтқанда дене құрылысы ретке келеді, ішкі мүшелердегі майлар еріп, дененің сергектігі артады, иммунитеті нығаяды, асқазан, бүйрек, қантты диабет, жүрек және бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеті артады. Түрлі міндеттері бар бауырдың ас қорыту міндеті де бар. Ораза кезінде 3-5 сағат демалады, азық жинау жұмысын бір мезгіл тоқтады. Бұл арада қорғану жүйесін күшейтетін глобин белоктарын дайындайды. Асқазандағы бұлшықеттер және секрет бөлетін клеткалар ораза кезінде бірнеше сағатқа демалады. Қанның көлемі де азайғандықтан қан қысымы азайып, жүрек тынығады. Әсіресе қан қысымы жоғары болған адамдарға ораза дәрі секілді пайдалы келеді.
Тамыр бітелуі (Атеросклероз) Азық қалдықтары жақсы қорытылмағанда тамырларды тоздырады. Қорытылмаған майлар тамырларды тарылтады, тамыр бітелуі деп аталатын ауруға себеп болады. Ораза тұтқанда кешке дейін денеде азық қалмайды. Яғни бүкіл азықтар қорытылып болады. Бұл тұрғыдан да әсіресе «тамыр бітелуі» бар адамдарға басқа айларда да ораза тұтуы кеңес беріледі. Ораза кезінде дененің басқа мүшелері де демалады. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет – мал мүліктің кірі. Зекет берген адам мал-мүлкін кірден қорғағанындай, ораза тұтқан адам да денесінің зекетін өтеген болады, денесін аурулардан қорғаған болады. Ораза тұтуда сабыр да бар. Хадис шәрифте «Ораза – сабырдың жартысына тең» делінген. (Ибни Мажа). Оразаның сауабы басқа ғибадаттарға қарағанда өте көп. Хадис құдсиде былай делінеді: «Әрбір жақсылыққа 10 еседен 700 есеге дейін сауап беріледі. Бірақ ораза маған тән ғибадат, оның сияпатын мен беремін». (Бұхари). Барлық жақсылықтың сауабын Аллаһу та’ала бергенімен оразаның сауабын арнайы түрде «мен беремін» деп ерекшелеп айтуының хикметі неде? Жер жүзінің бәрі Аллаһу та’аланың мүлкі болғанымен Қағбаға «Бәйтуллаһ» яғни «Аллаһтың үйі» деп атауы оған ерекше мәртебе бергені үшін. «Ораза маған тән» деуімен де оразаға ерекше мәртебе берген. Ораза тұтқан адамға берілетін сауапты салыстырып өлшейтін өлшемі жоқ. Ораза тұтқан адамның жағдайына қарай көп сауап беріледі. Басқалар ораза тұтпағанда ораза ұстау өте сауапты. Хадис шәрифте айтылған: «Ораза тұтқан адамның жанында ораза тұтпағандар тамақтанған кезде періштелер аузы берік адамға дұға етеді». (Тирмизи). Сабыр етіп нәпіл ораза ұстай алмағандар шүкір етуі керек, қонақтарға (жолаушыларға), кедейлерге ас беруі керек.
Шүкір етушілер аз Хадис шәрифте былай делінеді: «Шүкір етіп ас беру сабыр етіп ораза тұтуға ұқсайды». (Тирмизи). Шүкір еткендерге көп сияпат беріледі. Бірақ құндылықтар аз болғаны секілді шүкір етушілер де аз болады. Құран кәрімде: «Шүкір етушілер аз» (Сәбә 13) делінген. Осы секілді аздардың қатарында болуға тырысу керек. Шүкір ету – исламға мойынсұну деген сөз. Имам Раббани хазрет былай деген: «Рамазан айында нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалған парыздар секілді. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалған жетпіс парыз секілді. Бұл айға құрметсіздік етіп, бұл айда күнә істеген адамның бүкіл бір жылы күнә істеумен өтеді». Қасиетті жерлерде жасалған ғибадатқа басқа жердегіден де көп сауап беріледі. Хадис шәрифте былай делінген: «Меккеде бір Рамазан оразасын тұту басқа жерде тұтылған мың Рамазан оразасынан да абзал болады». (Бәззар). Жұма күні жасалған ғибадаттарға да қаншама еселенген сауап жазылады. Жұма күні жасалған күнәлар да екі еселеніп жазылады. |