Үйленетін ерлерге кеңестерМұсылман жігіттің: “менің үйленетін уақытым келді” деп айтуы үшін ең әуелі дінін жақсылап үйренуі қажет. Содан кейін сүннетті орындау ниетімен үйленуі керек. Әдепті, ар-ұятты, жақсы мінезді, дінін, иманын, исламның шарттарын білетін, исламға мойынсұнатын, көшеде діннің әміріне сай киінетін қызбен үйленуі керек! Арлы, дініне берік қыз іздеу қажет! Міндетті түрде бай болсын, жеткілікті мөлшерде мал-мүлкі болсын, сұлу болсын демеу керек! Байлығы мен сұлулығы үшін ар-намысты және діндарлықты қолдан жіберіп алмау керек! Төмендегі қағидаларға сай өмір сүрген еркек бақытты болады: 1) Әйеліне әрдайым жұмсақ, көркем мінезді болуы керек. Аллаһу та’ала жақсы мінезді адамдарды жақсы көреді, ал жаман мінезді адамдарды жақсы көрмейді. Әйелін ренжіту харам болып табылады. Оған үнемі жұмсақ мәміледе болу керек. Үйге келген кезінде сәлем беріп, хал-жағдайын сұрау керек, әзілдесіп көңілін алу керек. Әйелімен ойнау сауап болады. Басындағы қиыншылықтарын, дұшпандарын, қарыздарын айтып, оның көңіл-күйін түсірмеу керек. Егер көңіл күйі болмаса, оны жақсы көретінін айтып, халін сұрап, жылы-жағымды сөздер айту керек. Хадис шәрифте: «Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы - әйеліне жақсы мәміледе болғаны және пайдалы болғаны» делінген. (Нәсаи) 2) Жасалуы қиын болған нәрселерді де “иншаллаһ жасаймын!” деп сөз беріп, көңілін алу керек. Өйткені ол - өмірлік досы, дертінің ортағы, тамағын дайындайтын, балаларын тәрбиелейтін адал жары. 3) Бала тәрбиесінде оған көмектесу керек. Бала күндіз түні жылап, анасына тыныштық бермей, еш аяусыз мазасын қашырып оны күйзелтуі мүмкін. Олай болса, оған көмектескен адамға Аллаһу та’ала көмектеседі. 4) Шамасы жетіп жатса әйеліне сол қалада әдет болған киімнің, әшекейлердің ең құндысын сатып алып беру керек. Әйел көшеге шыққан кезде бұларды да жауып (жасырып) жүруі керек, бөтен еркектерге көрсетпеуі керек. Халалдан болған ең жақсы азықтарды алып беру керек. Тамақты жалғыз өзі жемеуі керек. Бала-шағасымен бірге отырып жеген сауап. Үйге нафақа (тамақ, киім, тұратын жер) алған кезде сараңдық етпеу керек және ысырап та етпеу керек. Бала-шағаға берілген ақшаның сауабы садақа сауабынан да көп. Жанұясын нафақамен қамтамасыз ете алмайтын адамның үйленуі харам болады. 5) Әйелімен жақсы мәміледе болу керек. Оған ұрысып, дауыс көтермеу керек. Мал-мүлкіне және ар-намысына қиянат жасамайтын әйелдерді ұрмақ түгіл ренжіту де жаиз емес. Дүниелік істеріндегі кемшіліктері үшін ұру былай тұрсын, ауыр сөз де айтпау керек. Әйелдердің жүректері (көңілдері) өте нәзік сезімтал болғандықтан бір-бірлерін көре алмай, қызғанатындары, күндейтіндері де бар. Сондықтан, әсіресе жаңа үйленген жастардың бұл тұрғыда көздері ашық болуы керек. Анасының, әпке-қарындастарының және басқа да әйелдердің өз әйелін жамандағандарына алданбауы керек. Мұндай әңгімелерге жол бермеу керек. Мұндай сөздерге еріп, әйелін ренжітуден сақтануы керек. Анасы және әпке-қарындастарына қарсы әйелінің айтқан сөздеріне де сақ болуы керек. Ата-анаға қорлық көрсетілуіне жол бермеуі керек. Ата-анасына өзі, әйелі және бала-шағалары міндетті түрде құрмет көрсетуі керек. Ата-анаға және қайын атамен қайын енеге құрмет, қызмет етуді бірінші міндет деп білу керек. Үлкендердің разылығын, дұғасын, батасын алуға тырысу керек. Олардың игі дұғаларын алуды үлкен олжа деп білу керек. 6) Әйелінің жаман мінезіне жұмсақ, сабырлы мәміле жасау керек. Онымен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысу керек. Ақылды ерлі-зайыптылар бір-бірлерін ренжітпейді. Өмірлік досын ренжіту ақымақтықтың белгісі. Жаман мінезді адамның әйелі үнемі ренжи беріп, жүйке жүйесі тозады. Жүйке ауруына шалдығады. Түрлі ауруларға душар болады. Әйелі ауру болған адам бақытсыз болады. Әйелінің қызметінен, көмектерінен махрұм қалады. Бүкіл өмірі оның дертіне дауа іздеумен өтеді. Ал негізінде бүкіл бұл дерттеріне өзінің жаман мінезі себеп болған. Қанша өкінсе де, бұл өкінішінен ешқандай пайда болмайды. Олай болса, әйеліңе көрсеткен жаман мінезіңнің зияны өзіңе тиеді. Сондықтанда оған үнемі жылы жүзді, жұмсақ тілді болуға тырысу керек! 7) Мінезі жаман жаққа өзгеретін болса, бұған өзін кінәлау керек, “егер мен жақсы болғанда, ол да мұндай болмас еді” деу керек. 8) Ол ашуланған кезде үндемеу керек. Артынша өзі істеген ісіне өкініп, кешірім сұрауы мүмкін. Жақсылықтарын көргенде Аллаһқа шүкір етіп, оған дұға ету керек. “Күйеуім мені өте жақсы көреді” екен деп ойлайтындай мәміледе болу керек. 9) Күнәға жатпайтын кемшіліктерін көрмеуге тырысу керек. Күнә істеуден бас тартуын, намаз, ораза және ғұсыл алуын жалғастыруды жұмсақ, жылы сөздермен айтып түсіндіру керек. Құнды заттар сатып алып беретініне уәде беріп, ғибадаттарын жасатып, күнәлардың алдын-алу керек. Кемшіліктерін, сырларын басқалардан жасыру керек. Құран кәрім оқуды және ислам ілімдерін үйрету керек. Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарын оқу керек. 10) Оған үнемі қайырлы (жақсы) дұға ету керек. Өйткені ол – үйдің күзетшісі, асшысы, тігіншісі, жолдасы және өмірлік жары.
Үйленген адамға көмек беру Сұрақ: “Үйленген адамға және үй салып жатқан адамға Аллаһ жәрдем береді” деген сөз бар. Кедейлік себебінен үйлене алмай жүрген адам, үйленуге әрекет етсе, Аллаһ оған жәрдем береді ма? Жауап: Егер харамнан сақтану ниетімен үйленетін болса, әлбетте оған Аллаһу та’ала жәрдем береді. Мына төрт хадис шәрифтерде былай делінген: «Харамнан сақтану мақсатымен үйленген адамға, Аллаһу та’аланың жәрдемі хақ болады.» (Ибн Мәний) «Үйленіп ризықтарыңды іздеңдер!» (Дәйләми) «Аллаһу та’ала үйленген ерлі-зайыптылардың әзілдескендерін ұнатады және сол себептен екеуіне де сауап жазады, ризықтарын да халалынан арттырады.» (И. Адий) «Ерлі-зайыптылардың бір-бірлеріне жақсылық және құрмет көрсеткен кездерінде Аллаһу та’ала оларға мол ризық береді және оларды қамқорлығына алады.» (И. Асакир) |