19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Сөзінде тұру

Сөзінде тұру

Сұрақ: Берген сөзінде тұрмаудың діндегі орны қандай?

Жауап: Орындау ниетімен сөз беру сауап. Берілген сөзде тұру мүстаһаб. Сөзінде тұрмау тәнзиһән мәкрух болады. Өзіне сөз берілген адам, «Сен маған сөз бергенің үшін бұл менің ақым» деп айтуға ақысы жоқ. Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір адам, орындау ниетімен берген сөзін ұстай алмаса күнә болмайды.» (Тирмизи)

Орындамайтын болса да өтіріктен сөз беру күнә болады. Бұлай сөз беріп және сөзінде тұрмау да күнә болады. Орындамау ниетімен сөз беріп, бірақ кейіннен берген сөзінде тұрса, өтірікшілік күнәсы кешіріледі. Хадис шәрифте: «Сөзінде тұрмау мұнафықтықтың (екі жүзділіктің) белгісі» делінген. (Ибн Нәжжар)

Сөзінде тұруға шамасы келмесе, мұнафықтық белгісі болмайды.

Өзіне мүлік, сөз немесе құпия аманат етілген адамның бұларға қиянат етуі мұнафықтық болады. Уәдеде тұруға тырысу керек. Аяти кәримада былай делінген: «Аллаһ (келісімді бұзудан) сақтанғандарды жақсы көреді» (Тәубе 7)

Хадис шәрифте былай делінген:

«Сөз беру қарыз болып саналады. Сөзінде тұрмағандарға өкініштер болсын.» (Дәйләми)

Уәдеде тұру – өте маңызды қасиет. Бұл жөнінде көптеген хикметті сөздер, мақал-мәтелдер бар. Бірнешеуі мынадай:

Ердің екі сөйлегені өлгені.

Уәде – ердің опасы.

Сөз берме, берсең қайтпа!

Уәдеңе берік бол!

Ат тізгінінен, адам сөзінен ұсталады.

Түкірігін жалау (берген уәдесінен қайту) ер жігітке жараспайды.

Құран кәрімде сөзінде тұратындар мақталған, сөзінің ері делінген. Уәдеде тұру адамның ең жақсы қасиеттерінің бірі. Адамның абыройын арттырады. Ал берген уәдесінен қайту үлкен күнә және мұнафықтың (екі жүзділіктің) белгісі. Сүйікті пайғамбарымыз хадис шәрифінде былай деген:

«Төрт нәрсе мұнафықтың белгісі: Аманатқа қиянат жасау, өтірік айту, уәдесін бұзу, сөзінде тұрмау.» (И.Нәжжар)

Кез келген мәселеде берген сөзінде тұру – жақсы мінез. Сөзінде тұру, адамның абыройын көтеретін жақсы әдеттердің ең алдында келеді. Берген уәдені орындамау болса, мұсылмандарға жараспайтын ең жаман әдет. Уәдесінде тұрмаған адам, Аллаһу та’аланың және құлдарының ақысын аяқ асты еткен болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарда, сауда-саттықтарда және келіссөздерде уәдеде тұру – Аллаһу та’аланың әмірі. Мұсылман берген уәделерін, жасасқан келісімдерін орындауы керек. Орындай алмайтын, қолынан келмейтін нәрселерді айтып уәде бермеуі керек. Пайғамбарлардан Исмаил алейһиссалам біреумен бір жерде кездесуге уәде береді. Уәделескен жерге барып үш күн күтеді, бірақ әлгі адам келмейді. Сонда да ол жерден кетпейді. Аллаһу та’ала Құран кәрімде Мәрйәм сүресіндегі бір аятта: «Ол уәдесіне берік еді» деп оны мақтаған.

Сұрақ: Жұмыстармен кетіп бара жатқанымда досыма «біздің үйдің қажеттіліктеріне қарасып тұрсаң жақсы болар еді» дедім, ол да «жарайды» деген еді, бірақ мүлдем қарамағаны, хабар алмағаны мәлім болды. Сөз берген күйде осылай жасау дұрыс па?

Жауап: Сөз бергеннен кейін оны орындау керек. Бірақ орындауды көздеп, бірақ орындай алмай қалса, бір себебі бар болса, онда қаупі жоқ. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Жиһад үшін соғысқа аттанған еркектердің әйелдері жиһадқа кетпеген еркектерге өз аналары сияқты харам. Бір еркек, мүжаһидтердің (соғысқа аттанғандардың) біреуінің жанұясына қарауды мойнына алып, қиянат етсе, қияметте ол мүжаһид бұл адамнан ақысын толығымен алады.» (Мүслим, Нәсаи)