19 - Жамазиәл-әууәл, 1446 жыл.
     21 - Қараша, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Сыйлық берудің үкімдері

Сыйлық берудің үкімдері

Сұрақ: Сый жасаудың маңызы қандай? Сыйланған нәрсені сыйланған адамның рұқсатынсыз қайтарып алуға немесе рұқсатсыз қолдану жаиз ба?

Жауап: Сыйлық кімге берілсе соныкі болады. Оны рұқсатсыз қолдануға болмайды.

Біреуге сыйлық беру – оған деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдіру болып табылады. Екі хадис шәрифте былай делінген:

«Бір дін бауырларыңды жақсы көрсеңдер, жақсы көретіндіктеріңді оған білдіріңдер!» (Бұхари)

«Аллаһ жолында бір адам дін бауырын жақсы көрген кезде оған жақсы көретіндігін білдірсін. Өйткені, бұл қарым-қатынаста қалады, сүйіспеншілікті берік қылады.» (Ибни Әбид-Дуниа)

Сондықтан сыйлық беру сүннет болып табылады. Аз болса да сыйлық беруді әдеттену керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Бір-біріңе сыйлық беріңдер, махаббаттарың (сүйіспеншіліктерің) артсын!» (Табарани)

«Сыйлық достықты арттырады, ренішті кетіреді.» (Әбу Нуайм)

«Сыйлық, Аллаһу та'аланың жіберген жақсы бір ризқы. Қабыл еткен адам Аллаһу та'аланың жібергенін қабыл еткен болады. Кері қайтарған Оның жібергенін кері қайтарған болады.» (Рамуз)

«Сұрамай берілген нәрсені алыңдар! Ол – Аллаһу та'аланың жіберген ризқы.» (Бәйһақи)

«Сыйлық бергенге сендер де сыйлық беріңдер! Егер беретін нәрсе таппасаңдар, ол үшін дұға етіңдер, сыйлық қайтарымсыз қалмасын!» (Нәсаи)