Хиқд (Кек сақтау)16 – Хиқд көңіл ауруларының он алтыншысы болып табылады. Хиқд - өзгені жек көрушілік, көңілінде өзге адамға деген кек сақтау, дұшпандық сезімі. Насихат айтқан адамға бұлай кек сақтау харам болып табылады. Ондай адамдарға хиқд емес, мойынсұну қажет. Ол Аллаһтың әмірін орындауда. Оны жақсы көріп, құрмет ету керек. Зұлымдық жасаған адамға хиқд ету харам емес. Біреуге қарыз болып, ол адам қайтыс болса, қарыз оның мұрагерлеріне өтелмесе, қияметте өтетіледі. Залымды кешіру жақсы. Ухуд соғысында Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мүбәрәк жүзі жараланып, мүбәрәк тісі сынғанда, сахабалар “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” қатты ренжіді. Расулуллаһқа "дұға етіңіз, Аллаһу та’ла жазаларын берсін", деді. Сонда пайғамбарымыз «Лағнет ету үшін жіберілмедім. Қайыр (жақсы) дұға ету үшін, барлық махлұққа мейірімділік көрсету үшін жіберілдім» және «Йа, Раббым! Бұларға хидаят бер. Танымайды, білмейді» деді. Дұшпандарын кешірді. Лағнет етпеді. Хадис шәрифте: «Садақа берумен мүлік азаймайды. Аллаһу та’ала кешіргендерді қадірлейді. Аллаһ разылығы үшін кешіргендерді, Аллаһу та’ала үстем етеді» делінді. Гулабади былай дейді: «Бұл хадисте білдірілген садақа, парыз болған садақа. Яғни, зекет деген сөз. Қарапайымдылық еткен адамның ғибадаттарына көп сауап беріледі. Күнәлары тез кешіріледі. Адамның жаратылысында хайуани рухтың және нәпістің қалаулары бар. Мал-мүлікті, ақшаны жақсы көреді. Ашушаңдық, кекшілдік және тәкаппарлық белгілері байқала бастайды. Бұл хадис осы жаман мінездердің шарасын (шипасын) білдіруде. Садақаны, зекетті әмір етуде. Кешіру арқылы, ашуды, кекті тазалауда. Хадис шәрифте кешіру, мутлақ, яғни шартсыз білдірілуде. Мутлақ болған әмір, муқаййедті көрсетпейді, яғни бір шартқа байламайды. Мутлақ әмір жалпы болып, ешнәрсеге байланысты болмайды. Ақысын алу мүмкін болмаса да, кешіру жақсы болады. Мүмкін болса, кешіру одан да жақсы. Себебі, ақысын алуға күші жете тұрып кешіру, нәпсіге ауыр келеді. Зұлымдық еткенді кешіру, хилмнің (жұмсақтықтың), мейрімділіктің және ерліктің ең үстіңгі дәрежесі. Өзіне жақсылық жасамаған адамға сыйлық беру де адамгершіліктің ең жоғары дәрежесі болып табылады. Жамандық жасағанға жақсылық жасау адамзаттың ең жоғары дәрежесі. Бұл қасиеттер дұшпанды дос қылады. Иса алейһиссалам былай дейді: «Тіс сындырғанның, тісі сынады. Мұрын-құлақ кескеннің, құлақ-мұрны кесіледі деген едім. Қазір болса, жамандық жасағанға қарсы жамандық жасамаңдар. Оң жақ беттеріңе ұрғанға, сол жақ беттеріңді тосыңдар деймін». Шейх Ибнул Араби “қаддасаллаһу та’ала сиррә-һулазиз” былай дейді: «Жамандық жасағанға жақсылық жасаған адам, ниғметтердің шүкірін жасаған болады. Жақсылық жасағанға жамандық жасаған адам, күфрани нимет (шүкірсіздік) еткен болады.» Ақысын жегеннен тек ақысын кері алу, артығымен алмау, «Интисар» болады. Кешіру - әділдіктің жоғары дәрежесі, интисар болса, ең төмен дәрежесі. Әділеттілік салихтердің ең жоғары дәрежесі. Кешіру, кей кезде залымдарға қарсы әлсіздік болып көрінуі мүмкін. Зұлымдықтың артуына себеп болуы мүмкін. Интисар, әр уақытта зұлымдықтың азаюына, тіпті жоқ болуына себеп болады. Мұндай кездерде интисар ету кешіруден жақсы, тіпті сауап болады. Ақысын артығымен алу «Жәур», зұлымдық болады. Жәур еткендерге азап бар екені білдірген. Залымды кешірген, Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауышады. Залымдағы ақысын, ақысы мөлшеріндей кері қайтару, әділдік болады. Кәпірлерге қарсы да әділ болу керек. Бірақ күші жете тұрып, кешіру жақсы мінезден болып саналады. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” бір адамның залымға беддұға (қарғыс) айтқанын көргенде, «Интисар жасадың» деді. Кешіргенінде, одан да жақсы болар еді. «Бәриқа» кітабының бірінші томының соңындағы хадис шәрифте: «Бойынан үш нәрсе табылған адам, жаннатқа қалаған есігінен кіреді: Құл ақысын өтеген, әр намаздан кейін он бір рет Ихлас сүресін оқыған, өлтірушісін кешіріп өлген» деп бұйырылған. Зұлқарнайын пайғамбар емес еді деген ғалымдар былай дейді: «Бірақ оған пайғамбарларға берілген қасиеттердің төртеуі берілген, Бұлар мынадай: Күші жете тұра кешіретін еді. Уәдесін орындайтын еді, әр уақытта шындықты айтатын еді. Ризығын бір күн бұрын дайындамайтын еді. Зұлымдық неғұрылым көп болса, оны кешірудің сауабы да соғұрылым көп болады. Хиқдтан он бір жамандық пайда болады: Хасед, шаматат, хижр, истисар, өтірік, ғайбат, сыр сақтамау, мазақ қылу, жамандық жасау, ақыны өтемеу және кешірімге кедергі болу. Хиқд ауруына шалдыққан адам жала жабу, өтірік айту, өтірік куәгерлік ету, ғайбат ету, сырды жаю, мазақ ету, ренжіту, өзгенің ақысын жеу және ара-қатынасты үзу күнәларына тұтылады. «Үш нәрсе бойынан табылмаған адамның барлық күнәларының ғафу етілуі үміт етіледі: Ширкпен күпірлікке түспей өлу, сиқырлық жасамау және дін бауырына хиқд етпеу» хадисі, сиқыр жасаудың исламда орны жоқ екенін көрсетеді. Сиқыр, дуалау [магия] жасау харам. Сиқыр жасайтын адамға парсы тілінде «жаду» делінеді. Сиқырмен қалағанын жасайтынына сенсе кәпір болады.Сиқырдың әсеріне сенбеген адам да кәпір болады. Сиқырдың, дәрілер сияқты, Аллаһу та’ала қаласа әсер ете алатынына сену керек. Сиқырмен әр қалауын, Аллаһу та’аланың жарататынына сену күпір болмаса да, үлкен күнә. Сиқырдың емі «Садәти Әбәдийә» кітабында ұзақ жазылған. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала Шабан айының он бесінші түнінде барлық мұсылмандарды есіркейді. Тек мүшрикті және мушаһинді кешірмейді» деп бұйырылды. Мушаһин - бидғатшы, мазһабсыз дегенді білдіреді. [Әһли сүннет уәл жамағат ақидасында болмаған адамға «бидғатшы» делінеді. Төрт мазһабтың бірінде болмаған адам, әһли сүннет жолынан айырылған (бөлінген) болады. Әһли сүннет ақидасында болмаған адам, не кәпір болады немесе бидғатшы болады. Кәпірлердің түрлері көп. Бұлардың ең жаманы, мүшрик. Мүшрик деп Аллаһу та’алаға және ахирет күніне сенбейтін адамға айтылады. Атеист, масон, коммунист те мүшрик дегенді білдіреді. Бидғатшылар кәпір емес. Бірақ бұзық ақидаларында шектен шыққандардың, Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілген нәрсеге қарсы шықса, кәпір болатынын Ислам ғалымдары айтқан. Құран кәрімде және хадис шәрифтерде мүшрик сөзі, кәпір сөзінің орнына қолданылған. Мысалы, мүшрикті кешірмеймін деп бұйырылған, бұл кәпірлердің ешбір түрін кешірмеймін дегенді білдіреді. Бидғатшылардан шектен шықпағандары мұсылман, «Әһли қыбла» болады. Бірақ, бұлардың зияндары, кәпірлердің зиянында да көп. Мазһабсыз дүмшелер, Мәудудишілер, сәләфилер деп аталатын Ибн Тәймияшылар, Сәйд Қутбшылар осындай. Үндістан ғалымы мүфти Махмуд бин Абдулғайур Пишавари “рахимеһуллаһи та’ала 1264 [м. 1848] жылында басып шығарған «Хужжатул-ислам» атты кітабында «Туһфәт-ул-араби уәл-ажәм» рисаласынан алып, парсы тілінде былай дейді: Мұсылмандардың мүжтәһидтерді тақлид етуі (солардың жолымен жүруі) уәжіп. Себебі, Нахл сүресінің қырық үшінші және Әнбия сүресінің жетінші аяттарында «Ғалымдардан сұрап үйреніңдер!» және Тәубе сүресі жүзінші аятында «Алғаш мұхажирлермен ансарлардан және бұларға мойынсұнғандардан Аллаһ разы» деп бұйырылған. Бұл аяттар тақлит етуді бұйыруда. Муаз бин Жәбәл “радиаллаһу та’ала анһ” Йеменге әкім болғанда, «Кітаптан және хадистен таба алмаған кезде, ижтиһад етемін, түсінгеніме қарай әмір етемін» деді. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәссалам” бұл жауапты ұнатып, Аллаһу та’алаға хамд (мақтау) айтты. Мысырдағы Малики ғалымдарынан Ахмед Шихабуддин Қарафи “рахимәһуллаһу та’ала”, 684 (м.1285) те қайтыс болған. Осы үлкен ғалымның «Жаңа мұсылман болған адамның, қалаған бір ғалымды тақлит етуі қажет болуы ижмамен білдірілген» дегенін, Жәлалуддин Суйути “рахимәһуллаһу та’ала” «Жәзил-ул-Мәуахиб» кітабында жазған. Хадис имамының сахих деген бір хадисіне мұсылмандардың сахих деуі жаиз болғанындай, фиқһ имамының сахих деген бір үкімге сахих деулері де жаиз болады. Ниса сүресінің елусегізінші аятында: «Келісе алмаған істеріңде кітапқа және сүннетке жүгініңдер» делінген. Бұл әмір, мүжтәһид болған ғалымға айтылған әмір. Ибн Хаздың және дінде реформшылардың «Тірі және өлген, ешбір адамға тақлид халал емес. Әркімнің өзі ижтиһад етуі қажет» деген сөздерінің ешқандай маңызы жоқ. Себебі, бұлар Әһли сүннет емес. [Ибн Хаздың мазһабсыз екені, адасқан жолда екені «Әшәддул-жиһад кітабының соңында жазылған.] Муфтидің мүжтаһид болуы уәжіп. Мутлақ мүжтәһид болмаған мүфтидің өзінше жаңадан фәтуа беруі харам. Бірақ бұрынғы мүжтәһидтердің фәтуаларын кітаптардан тауып айтуы жаиз. Мүжтәһид болмаған мүфтиден фәтуа сұрау жаиз емес. «Кифая»да ораза бөлімінде былай делінеді: «Мүжтәһид болмаған адамның, естіген кезкелген бір хадисті ұстануы жаиз емес. Бұл хадис, мәнсух немесе тәуил талап ететін болуы мүмкін. Фәтуа олай емес. «Тақрир»де де осылай жазылған. «Тухфә» кітабынан алныған аударма бітті.] Хиқдтың себептерінің бірі ғадаб. Ғадаб еткен, ашуланған адам кегін ала алмағанда, ғадабы хиқд халіне айналады. Ғадаб, қан әрекетінің артуынан [Қан қысымының артуынан] пайда болады. Аллаһ үшін ғадапқа келу, жақсы. Бұл адамның дін үшін ғайрат етуінен (күйінгені) саналады. |