Бала тәрбиесіСұрақ: Баланы қалай тәрбиелеу керек? Жауап: Бала – ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Балаларға иман, Құран кәрім және Аллаһу та’аланың әмірлерін үйретіп сонымен жүруге дағдыландырса, дін және дүние бақытына қауышады. Бұл бақытқа, сауапқа ата-анасы, ұстазы да ортақ болады. Егер балаға бұларды үйретпесе және бұларды әдетке айналдырмаса ол бала бақытсыз болады. Әрбір жасаған жамандықтарының күнәсі ата-анасына, ұстазына да жазылады. Мұсылман – қол астындағылардан жауапкер болады. Хадис шәрифтерде былай делінді: «Барлығың бір үйірдің бағушысы секілдісіңдер. Бағушы үйірін қорғағаны секілді сендер де үйлеріңдегі және қол астыларыңдағы адамдарды жаһаннамнан қорғауға тиіссіңдер! Оларға мұсылмандықты үйретпесеңдер олар үшін жауапты боласыңдар!» (Мүслим) «Балаларына Құран кәрім үйреткендерге немесе Құран кәрім ұстазына бергендерге үйретілген Құран кәрімнің әр бір әрібі үшін қасиетті Қағбаны 10 рет зиярат еткеннің сауабы беріледі және қиямет күні басына дәулет тәжі киіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады.» (С. Әбәдийа) «Көп Мұсылман балалар әкесінің кесірінен Уәйл атты жаһаннамға түседі. Өйткені бұлардың әкелері тек ақша табу және көңіл көтеру құмарлығына түсіп, тек дүние істерін қуалап, балаларына мұсылмандықты және Құран кәрімді үйретпеді. Мен мұндай әкелерден ұзақпын. Олар да менен ұзақ. Балаларына дінін үйретпегендер жаһаннамға түседі.» (С. Әбәдийа) Өзінің істеуі харам болған нәрсені баласына жасатқан адам, күнә істеген болады. Балаларына арақ ішкізген, құмар ойнатқан, ұятсыз басылымдарды оқуына себеп болған, өтірік, ұрлық секілді жаман мінездерге баулытқан, қыблаға қарсы аяқ созып отыруына себеп болған адам күнә жасаған болады. Дініміздің негізі – иманды, парыздар мен харамдарды үйрену және үйрету. Аллаһу та’ала пайғамбарларды сол үшін жіберген. Жастарға бұлар үйретілмесе Ислам құлдырайды, жоқ болады. Аллаһу та’ала мұсылмандарға әмри маруф жасауды әмір еткен. Яғни Менің әмірлерімді үйретіңдер деген. Және нахйи мункар жасауды да бұйырып, тыйым салған нәрселерінің (харамдардың) жасалуына разылық етпеуімізді қалаған.Құран кәрімде “Тахрим” сүресінің 6-аятында: «Ей мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді (жанұяларыңды) тозақ отынан қорғаңдар!» деп бұйырылған. Құран кәрімде өзімізді және жанұямызды отыны адамдар мен тастардан құралған тозақ отынан сақтауымыз әмір етілген. Елу-жүз жылдық қысқа ғана өмірімізде бала-шағамызды дүниелік пәлекеттерден қорғау үшін қалай тырмысып жатқан болсақ, мәңгілік пәлекетке душар етпеу үшін де ахиретін дәл солай қорғауымыз керек. Әкенің баласын тозақ отынан сақтауы – дүниелік оттан сақтаудан да маңызды. Тозақ отынан қорғау – иман, фарз, харамдарды үйрету арқылы, ғибадат жасауға дағдыландыру және жаман достардан, зиянды баспалардан қорғау арқылы жүзеге асады. Бүкіл жамандықтардың басы – жаман дос. Жаман дос – баланың дөрекі, өтірікші, ұрлықшы және әдепсіз болуына себепші болады. Мұндай жаман мінездерге ұрынғандар ұзақ жылдар бойы бұл жаман мінезінен арыла алмайды. Баладан жақсы қасиеттер, жақсы әрекеттер көрген кезде, оны мақтау керек, марапаттау керек. Кейде адамдардың арасында мақтау керек. “Менің ұлым сөйтті” деген секілді сөздермен жақсылыққа ынталандыру керек. Өрескел іс-әрекеттер істесе немесе бір жаман сөз сөйлесе, бірнеше рет көрмегендей сыңай таныту керек. “Олай істеме!” демеу керек, жазғырмау керек. Жиі жиі жазғырылатын бала батылданып жасырын істеп жүргендерін де ашықша істей бастайды. Істеген жаман істерінің зиянын өзіне жұмсақ тілмен түсіндіру керек, ескерту керек! Істелген іс дінге қайшы болса, ол істің зиянын, жамандығын және нәтижесін түсіндіріп, ондай жаман іске тосқауыл болу керек. Әке - өзінің әке екендігін, үстемдігін білдіруі керек. Анасы баласын әкесімен қорқытуы керек! Бала жалықпауы үшін күнде бір мезгіл ойнауына рұқсат беру керек. Жалығудан және ренжуден жаман мінездер пайда болады және адамның көңілі жүдейді. Баланың ешкімнен ақша сұрауына рұқсат бермеу керек. Көп сөйлемеуді, үлкендерге құрмет көрсетуді үйрету керек. Жақсы адамдардың жақсылықтарын айтып солардай болуға тырысуы керектігін және жаман адамдардың жамандықтарын айтып, ондай болмау керектігін үйрету керек. Баланың әр қалаған нәрсесін алып беру және сәнді, салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету дұрыс емес. Өйткені бала өскенде де әр қалағанына қол жеткізе алатынын ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл жүзеге аспай қалған кезде өмірге ренжіп, қиялдары қирап ешкімді тыңдамайтын құлақсыз қырсыққа айналады. Өзіміз халал тамақ жегеніміздей балаларымызға да халал тамақ беруіміз керек. Хараммен қоректенген баланың денесі нәжіспен иленген қамырдай болады. Мұндай балалар жамандыққа, опасыздыққа үйір болады. Балаға ысырап етпеуді, қанағатшыл болуды үйрету керек. Кейде құр нанмен де күнелтуді әдеттендіру керек. Жаман жерлерге баруына жол бермеу керек. Бала жаман адамдардың қасында жүрсе, әдепсіздікпен ұятсыздықты, өтірік айтуды үйренеді. Әке үнемі қатал болмауы керек, көп еркелете де бермеуі керек. Сөйлегенде айбаттылығын сақтауы керек. Балаға әкесінің байлығымен, лауазымымен мақтанбауын ескерту керек. Қарапайым және сыпайы болуды үйрету керек. Өзгеден бір нәрсе алудың масқаралық екенін, берген қолдың алған қолдан үстем болатындығын түсіндіру керек! Сараңдықтың жаман мінез екендігін үйрету керек! Басқа адамдардың қасында әдептілік сақтауды, аяғын айқастырып отырмауды, дөрекі болған іс-әрекеттерден аулақ болу керектігін айту керек. Баланы көп сөйлеуден қайтару керек. Көп сөздің ұятсыздыққа жол ашатынын, мылжыңдықтың жаман қасиет екендігін айту керек. Бала ертелі кеш сөйлеуді бәрібір үйренеді. Мақсат – оған қажет кезінде үндемеуді және үлкендердің сөзіне құлақ асуды үйрету. Дұрыс болса да көп ант ете беруіне рұқсат етпеу керек. Барға да, жоққа да ант ете беру жаман әдет. Үлкендерге құрмет көрсетудің, оларға орын берудің және барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың маңыздылығын түсіндіру керек. Баланы кішкентай кезінен бастап намазға дағдыландыру керек. Өскен кезде намаз оқуы қиын болуы мүмкін. Өзгенің мал-мүлкін тартып алуды, өтірік айтуды, харам нәрсе жеуді көз алдына жаман, жиіркенішті қылып түсіндіру керек. Осындай тәрбиемен өсіріп, балиғат жасына толғанда бұл әдептердің ерекшеліктерін, маңыздылықтарын үйрету керек. Әрбір істі әдет ретінде емес, игі ниетпен, ояу көңілмен, ықыласпен жасау керектігін түсіндіру керек. Мәселен ішіп-жеуден мақсат – құлдың Раббысына ғибадат ету үшін, адамдарға, отанына, еліне пайдалы қызметтер атқаруы үшін, адамдардың бақыты үшін еңбектену екендігін түсіндіру керек. Дүниеден мақсат – ахирет үшін азық жинау екендігі, дүниенің ешкімге қалмайтынын, өлімнің кенеттен, күтпеген жерден келетіні айтылу керек. «Дүниеде ахиреттік азығын жинап, жаннатқа және Аллаһу та’алаға қауышқан адам не деген бақытты адам» деу керек. Кішкентайынан осылай тәрбие көрген баланың мінез-хұлқы тастың үстіне қашалған жазудай болып сақталады және оңайлықпен өшпейді. Пайғамбарымыз былай деген: «Барлық балалар мұсылмандыққа бейім болып туылады. Кейін оларды ата-аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді.» (Табарани) Хадис шәрифте мұсылмандықтың адам санасында орнығып қалыптасуында немесе жойылуында балалық, жастық шақтағы атқарылатын істердің маңыздылығы білдірілуде. Олай болса әрбір мұсылманның бірінші міндеті – баласына ислам дінін және Құран кәрімді үйрету. Бала деген ниғметтің қадірі білінбесе, қолдан кетеді. Сондықтан да “педагогика”, яғни бала тәрбиесі өте құнды ілім болып табылады. Ислам дініне қарсы болғандар осы маңызды жайтты жақсы түсінгендіктен «Біздің басты мақсатымыз жастарды қолға түсіру. Мұсылман балаларды дінсіз қылып жетілдіруіміз керек» дейді. Ислам дінін жою үшін және Аллаһу та’аланың әмірлерінің үйретілмеуі және орындалмауы үшін «Балаларға діни тәлім беру, оларға белгілі бір дінді үйрету дұрыс емес. Бала өскеннен кейін өзі зерттеп қай сенімді ұнатса соны таңдасын» деп айтып жатады. Миссионерлер мұндай пікір таратқанымен өз балаларын туылғаннан бастап шіркеуге апарып діни рәсімдерге қатыстырады. Бүгін барлық христиан мемлекеттерінде дүниеге бір бала келгенде оған дереу өз діндеріне сай шоқындыру рәсімі жүргізілуде. Барлық жастағы адамдарға христиандықты үгіттеу істері белсенді түрде атқарылуда. Мұсылмандардың да имандарын ұрлау үшін, діндерін жою үшін, оларды христианға айналдыру үшін ислам мемлекеттеріне блок-блок кітап, брошюра және үнтаспалар жіберілуде. Олай болса мұсылмандар дін азғындарының айлаларына, өтіріктеріне алданбауы керек. Балаларымызға ие болуымыз керек. Оларға ие болуымыз, дініміздің әмірлеріне сәйкес жетілдіруіміз деген сөз. Мінез-құлықты өзгерту мүмкін болғаны үшін пайғамбарымыз «Мінездеріңді жақсартыңдар!» деп бұйырған. Онсыз да дін – көркем мінез дегенді білдіреді. Сондықтан діннің әміріне мойынсұнып, тыйым салғандарынан сақтанған адам мінезін өзгертіп жақсы мінезге ие болады. Жақсы мінезді адам екі дүниеде де бақытты болады. Ең жабайы жануар да тәрбиемен қолға үйретіледі. Еш уақытта алма дәнінен жүзім өсіп шықпайды. Бірақ алманың көшетін өсіріп, қажетті будандастыру және басқа да күтім жолдарын қамданып жоғары сапалы алма беретін ағаш етіп жетілдіруге болады. Сол секілді адам табиғатында да болатын кейбір қалаулары жойылмайды, бірақ оларды тәрбиелеуге болады.
Тәрбиеде ұруға болмайды
1- Баланы ұру мінез-хұлқының бұзылуына, ашуланшақ болуына себеп болады. 2- Таяқ жеп өскен бала жұмсақ мінезді болмайды. 3- Таяқ жеу балада әке-шешесіне қарсы ашу-ызаға жол ашады. Бала өзінің істегенін жаман нәрсе деп ойламайды, өзін кінәлі деп сезінбейді, керісінше өзін ұрған адамды кінәлі деп көреді. 4- Таяқ жеп өскен бала ашуланған кезінде ол да күш қолдануға кірісетін болады, басқаларды ұрады. Осылайша таяқ жеуі қызбалыққа себеп болады. 5- Сөз түсінетін жастағы баланы ұруға болмайды. Сөз түсінбейтін баланы болар-болмас қана ұру жеткілікті. Бастан, беттен ұру, таяқпен сабау өте зиянды. Баланы тәрбиелеу үшін ұру дұрыс емес. Тек қателік істейтін болса, жазалануы мүмкін екендігін сезіндіру керек. Пайғамбарымыз бала-шағаны ұрмауды әмір еткенімен, тәрбиелеу үшін жазаланатынын, ұрылатынын сезіндіру керек екендігін білдірген. Бұл тұрғыдағы хадис шәрифтердің бірі мынадай: «Үй халқын тәрбиелеу үшін таяқтарыңды олар көретін жерге іліп қойыңдар!» (Табарани)
Баланы қалай тәрбиелеу керек
Сұрақ: Балаларымызды қалай тәрбиелеуіміз керек? Тәрбиеде нендей нәрселерге мән беруіміз керек? Жауап: Тәрбиеде “былай істе, мұны істеме” деудің орнына жүріс-тұрысымызбен балаға үлгі болуымыз керек. Өйткені әл-әрекеттеріміз сөзге қарағанда көбірек әсер етеді. Мысал: Бір сауда керуені түнделетіп Мәдина қаласының сыртына қонақтайды. Әбден шаршаған жолаушылар қалың ұйқыға батады. Бұларды көрген халифа хазіреті Омар, Абдуррахман бин Ауфқа: «Бүгін түнде бір керуен келді. Барлығы кәпірлер екен. Бірақ бізге сенім артып келген екен. Олардың заттары құнды және көп екен. Қарақшылар немесе жат елдік адамдар бұларды тонап кетуі мүмкін. Сондықтан барып оларды күзетіп қорғап тұрайық!»,- дейді. Таңға дейін күзетіп, таң намазында мешітке кетеді. Керуендегі бір жігіт түні бойы ұйықтамай, бұларды аңдып шығады. Сұрастыра келе бұл екі кісінің біреуі халифа екендігін білгенде, достарына келіп болған жайды айтады. Халифаның бұл ісіне тәнті болған жолаушылар, ислам дінінің хақ дін екендігін түсініп, барлығы мұсылман болады. Әкесі темекі шегетін, құмар ойнайтын болса, баласына “бұларды істеме!” деп айтуы оншалықты әсерлі болмайды. Өйткені бала “бұлар жаман болса, әкем жасамайтын еді” дейді. Жақсы нәрселер жасалынса балаға үлгі болады. Балаға жақсылық жасаудың пайдасын түсіндіру керек. Осылайша бала өзімшіл (эгоист) болудан құтылады. Өзімшіл болып өскен балалар қоғамға үйлесе алмайды, тіпті салт-дәстүр, әдет-ғұрып және заңды да танымайтын болады.
Тәрбиедегі негізгі факторлар
Зеректік: Бала өзінің алғаш көрген нәрсесін білеуге, шұқылап көруге және сұрап үйренуге әуес болады. Сондықтан балаларға үнемі жақсы және әдемі нәрселерді көрсету керек және сұрақтарына дұрыстап жауап беру керек. Осылайша баланың зеректігі, сана-сезімі, түсіну қабілеті жетіледі. (3-6 жас аралығындағы балаларда осы нәрсеге қатты мән беру керек. Бұл кезең – баланың тілі, миы және зеректігінің қалыптасуы үшін ең маңызды кезең болып табылады.) Рух: Өте сезімтал және өкпелегіш балаларға ащы да болса шындықты айтуды және оған төзе білуді үйрету керек. Ал тас жүрек балаларға көңілін жібітетіндей өнегелі, ғибратты мысалдар айтып, сезімтал болуына тырысу керек. Қалау: Мықты қалауға, ерік күшіне ие болуына тырысу керек. Қалауы әлсіз балаларды біраз еркін жіберіп, өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Қалауы күшті балалардың тәрбиесі де қаталдау болуы керек. Алайда балаға мейірімділікпен және түсіністікпен қарау шарт.
Тәрбиеде маңызды болған нәрселер
Дін: Аллаһу та’аланың жақсы, еңбекқор және шыншыл адамдарды жақсы көретінін, оларды жаннатқа кіргізетінін, ал жаман адамдарды жек көретінін, оларды жаһаннамда жазаландыратынын үйрету керек. Сүйіспеншілік: Тәрбиеде өзара сүйіспеншілік, құрметтің маңызды болғаны секілді, салмақтылық, сабырлылық та өте маңызды. Отбасы ішіндегі берекесіздік, ата-ананың ұрыс-керісі, әсіресе ажырасуы бала психологиясында өте ауыр әсерін қалдырады. Жазалау және ынталандыру: “Мынаны жасайтын болсаң, мұны бермейміз, көшеге шығармаймыз” деген секілді кейбір жазаларды беру дұрыс болса да, қандай жағдай болмасын баланы ұруға болмайды. Жаза көңілін қалдыратындай болмауы тиіс. Ешкімнің, өзге адамдардың көз алдында да жасалмауы тиіс. Игі істеріне өз орнымен, жасына сай ойыншық немесе велосипед алып беру секілді сыйлықтар әперіп марапаттап тұру керек. “Бұл велосипедті әкем маған Құран кәрімді хатым еткенім үшін алып берді” деп айтатындай болуы тиіс. Ойындар: Жасына сай келетін түрлі спорттар баланың денсаулығына және сана-сезімінің дамуына ықпал етеді. Айнала: Хадис шәрифте: «Адамның діні – досының діні секілді.» делінген. Жақсы ортаға және жақсы достарға қол жеткізуге тырысуы керек. Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс – адам өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары. Әлемдегі барлық мемлекеттер өз балаларының, жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын қадірлей білетін адам ретінде тәрбиеленуін қалайды. Сондықтан осы жолда барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұны жүзеге асыра алған елдердің басқа да қиыншылықтары жеңіл және жылдам шешіледі. Өйткені барлық нәрсенің басы – адам. Адамның жақсы өсіп жетілуі үшін ешбір шығыннан және қиыншылықтан қашпағандар жетістіктің және мәдениеттің шыңына көтерілді. Османдықтар осылай жасаған еді. Қазіргі таңда Америка және Еуропа елдері де (Османдықтардың осы бағытын ұстанып) осылай жасауда. Мемлекетіміз жоғарыда аталып өткен адамның өсіп жетілуі үшін ең маңызды рөлді атқаратын факторларды әсте әсте қолға алуда. Әйтсе де балаларымыз әлі күнге дейін көп адамдық сыныптарда, лабораториясыз, компьютерсіз ортада білім алуда. Баста үлкен қалалардан бастап айналамыз тыныш емес. Яғни сыртқы әлем қауіптерге толы. Бейнелі, баспалы ақпарат құралдарының басым бөлігі зорлық-зомбылық және жыныстық тақырыптарға көбірек бағытталған... Адами қасиет, әдептілік, ұяттылық сезімдерді жоятын, әр түрлі жамандықтарды тартымды етіп жариялап жатқаны үшін көруі, оқылуы қауіпті болған көптеген ақпарат құралдары бар. Бүкіл ата-аналардың ортақ дерті балаларын жақсылап жетілдіру. Бұл тақырыпта бір өздерінің талыпыныстары жеткілікті емес. Балаларды жаман достардың және жаман бейнелі, жазбалы ақпарат құралдарының зияндарынан да қорғау керек. Оларға дінін, отанын, байрағын жақсы көргізетін, ата-анаға, адамдарға құрметті, елінің мәдениетін, құндылықтарын, жетістікке жетудің жолдарын үйрететін, патриоттық сезімін ұялататын пайдалы, жақсы ақпараттармен қамтамасыз ету керек. Баланы жалғыз жетілдіру де мүмкін емес. Жақсы ортада, жақсы адамдармен көрші болу керек. Барлық нәрсе терісімен, қарама-қайшылығымен қайтарылады. Жаман мінездерді жақсы мінездер жояды. Сол себепті өзімізді қинап болса да жақсы амалдар істеуге дағдыландыруымыз керек, бұларды әдетке айналдыруымыз керек. Бала әрекеттері және мінезі жақсы адамдармен дос болса, жақсы мінездер өздігінен оның табиғатына айналады. Балалар осы негіздер бойынша жетілетін болса дүние және ахырет бақытына қол жеткізіледі. Қиямет күні ата-аналар баласына үйретуі керек болған ілімдерден жауапты болады, міндетін атқармаған болса немесе құсыр еткен болса, жазасын көреді. Балаларын исламның мінез-құлқымен жетілдірмегендер дүние және ахирет пәлекеттеріне ұшырайды. Балаларын Ислам мінезімен тәрбиелегендер қандай бақытты адамдар...
Мінез өзгере ме?
Сұрақ: “Жан шығады, бірақ мінез шықпайды” деп айтылады, сонда жаман мінезді өзгертуге болмай ма? Жауап: “Жан шығады, бірақ мінез шықпайды” деген сөз, шәһуат, ашу секілді адамның жаратылысындағы қасиеттердің толығымен жойылмайтындығын білдіру үшін айтылған. Тәрбие ету басқа, жоқ қылу, жою басқа. Адам насихатпен тәрбиеленуі мүмкін. Құран кәрімде: «Насихат мұсылмандарға әрине пайда береді.» делінген. (Зарият 55) Мінез-құлықты өзгертуге болғаны үшін, бала тәрбиесі туралы айтылған хадис шәрифтерде былай деп бұйырылған: «Баланы жақсылап тәрбиелеу баланың әкесіндегі ақыларынан.» (Бәйһақи) «Балаларыңа ізет етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп жетілдіріңдер!» (Ибн Мажә) «Баланы тәрбиелеу тонналап садақа беруден де артық сауап.» (Тирмизи)
Бала тәрбиесінің маңызы
*Балаға дерт, қиындықтарымызды айтпау керек, қуанышымызды айтуға болады. *Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрысып жатса, басқасы оны жақтамау керек. *Оның қасында үнемі күлімдеген, жылы жүзді болуға тырысу керек. Көңіліміз жабырқаңқы болуы, балаға тез әсер етеді. *Оны өзге адамдардың алдында ұрыспау, жазғырмау керек. *Кемшіліктерін мойындауды үйрету керек. Кемшіліктерін біліп жөндеуге тырысуы - өмірде жетістікке жетуіне себеп болады. *Баланы өтірікшілікпен кінәламау керек. *Бауырларының арасында бөлмеу керек. *Тәкаппарлықтың (кібірдің) жаман қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек. *Баланың қателіктері болады. Дереу жазаландырмау керек. Қателігін, зиянын айтып түсіндіру керек. *«Сен адам болмайсың», «Сенен қойшы да шықпас» деген секілді айыптаулардан ұзақ болу керек. Бұлар баланың өзіне деген сенімділігін азайтып, адами қасиетін жоғалтады, ынжық болуына себеп болады. *Бала үлкендерден көргенін істейді. Сондықтан оларға жақсы үлгі болу керек. *Бала сүйікті болуға, ойнауға, сөйлесуге мұқтаж болады. Бала өзіне суық, қатал және қатты сөйлеген үлкендерді өзін жақсы көрмейді деп ойлап дағдарысқа ұшырайды. Сондықтан олармен мейірімді, күлімдеген жүзді, жылы сөзді мәміледе болу керек. *Балаға насихат берудің орнына, оған іс жүзінде көрсету, бірге істеу дұрысырақ болады. Мысалы: Астың алдында қолдарын жууы керектігін жүз рет айтқаннан, бір мәрте қанекей қолдарымызды жуайық деп бірге істеудің әсері көбірек болады. *Оған берілген істі, орындағанын немесе орындамағанын қадағалау керек, өзін бақылауда екенін білсін. *Балаға шамасы келмейтін жұмыс тапсырмау керек. Кері жағдайда қолынан келетін нәрселерді де істемейтін болады. *Әулие кісілердің өмірбаянын, ғибратты оқиғаларын айтудың бала санасының жетілуіне және бұдан үлгі, өнеге алуында да маңызы зор. Баланың түсінетіндей және тәрбиелік мәнді болғандарын таңдап айтып беру керек. *Орындай алмайтын нәрселерді айтып уәде бермеу керек. Бұлар айта береді, бірақ орындамайды дегізбеу керек. *«Кісінің діні – досының діні секілді»,- деген хадис шәрифті негізге алып, жақсы адамдармен дос болуын қадағалау керек. *Сыр, құпияларды балаға естіртпеу керек. *Балаға неғұрлым сабырлықпен, түсіністікпен қарайтын болсақ, соғұрлым болымды нәтиже аламыз. *Сөздеріне мән берілмейтін немесе үнемі сынға алынатын бала – тұйық, өзіне сенімсіз және қызба мінезді болады. *Баланың жанында басқаларды жамандамау керек. *Баланы күш қолданып, ұрып жөнге салуға тырысқан ата-ана, баланың қызба мінезді, мейірімсіз, жауыз болып өсуіне және өз қиыншылықтарын күштеп шешуге тырысуына себеп болады. *Баланың бетінен және басынан ұрмау керек. *Балаға айтылатын сөздің өзінен бұрын оның қашан және қалай айтылуы маңызды. *Жақсы істері мен сөздерін мақтап, марапаттау керек, ал жамандықтарының зиянын жұмсақ тілмен түсіндіру керек. *Сын айту дұрыс болмағанындай асыра мақтау да дұрыс емес. Тым қатты жақсы көру және мақтау – баланы еркелетіп жібереді. *Баланы кіналау, лақаб ат қою, мазақ қылу, қорқыту дұрыс емес. Бар! Кел! деген секілді бұйрық сөздердің орнына барасың ба? келесің ба? деген сөздерді қолдану керек. *Бала әдепті сөйлеу керек. “Өтініш, рахмет, кешіріңіз” деген секілді сөздер қолдануын үйрету керек. *Қателескен кезіміз болғанда қатемізді мойындап, кешірім сұраумыз, баланың да қатесі болғанда кешірім сұрауды үйренуіне жол ашады.
Балаларға дінін жақсы көргізу
Сұрақ: Кішкентай балаларға дінімізді қалай жақсы көргізе аламыз, қалай тәрбиелеуіміз керек? Жауап: “Былай істе, былай істеме” деудің орнына үлгі болуымыз керек. Өйткені әл-әрекеттеріміз сөзге қарағанда көбірек әсер етеді. Өзіміз халімізбен, әрекеттерімізбен жақсы үлгі, өнеге бола алсақ тәрбие ісі жартылай атқарылды деген сөз. Сосын пайғамбарымыздың, сахабалардың, дін ұлыларының, әулиелердің өмірбаяндарын айтып, ғибратты оқиғаларын айтып оларға деген сүйіспеншілікті ұялату керек. Бұл сүйіспеншілік берілсе олардың атын айтып Аллаһу та’аланы түсіндіру, дініміздің әмірлерімен тыйымдарына дағдыландыру оңай болады. Адам жақсы көрген адамдарына ұқсағысы келеді, жақсы көрген адамдарының сөздеріне мойынсұнады. Дін ұлылары шәкірттеріне ең бірінші намаздан, оразадан, харамдардан айтпайтын еді. Мәселен хазреті Имам Раббани өз ұстаздары туралы айтатын, соларды жақсы көргізетін. Одан кейін олар құрлықта да, теңізде де, ауада да яғни барлық жерде намазды, дініміздің әмірімен тыйымдарын ойлайтын еді. Дін ұлыларына деген сүйіспеншілік дәрі секілді. Олардың сүйіспеншілігімен, берекесімен дінімізге мойынсұну өте оңай болады.
Аллаһ жақсы көрмейді деп айту
Сұрақ: Баланы тәрбиелеуде “Ұрлық жасаған адамның басына Аллаһ тас жаудырады, өтірік айтқан адамды тозық отымен азаптайды” деген сияқты сөздер айту дұрыс па? Әлде мұның теріс түрін айту керек пе? Мәселен “Ұрлық етпеген адамды, өтірік айтпаған адамды Аллаһ жақсы көреді” деу керек пе? Қалай айтқан дұрыс? Жауап: “Ұрлық жасаған адамның төбесінен тас жаудырады” делінсе, бала ұрлықшыларды көргенде “неге бұлардың басына тас жаумады” деп ойлап әке-шешесіне деген сенімі қалмауы мүмкін. Оның үстіне Аллаһу та’ала шынында да жамандық еткендердің бастарына тас жаудырып жатқан жоқ. Сондай-ақ үнемі “былай етпесең Аллаһ сені жақсы көрмейді” деп айта бергенде де “жақсы көрмесе көрмесін” деуі мүмкін. Жақсылық істегендердің жаннатқа, жамандық істегендердің жаһаннамға түсетінін дұрыс сөздермен түсіндіру керек. Әрбір қате істеріне Аллаһ сені үйтіп жібереді, бүйтіп жібереді деп айту дұрыс емес. Жақсылық істегенінде марапаттау керек, ал жамандықтардың кей біреуін көрмегендей болу керек. Жамандығына шектен аспайтындай, көңілін түсірмейтіндей жаза беру керек.
|