Оразаның парыздары
Оразаның парызы үш: 1. Ниет ету. 2. Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау. 3. Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.
Оразаға ниет: Рамазан және нәпіл оразаға ниеттің алғашқы уақыты күн батқаннан (ақшамнан) кейін басталады. Соңғы уақыты ертеңіне түскі намазға бір сағат қалғанға дейін болады. Ал қаза және кәфарат оразаларының ниеті ақшамнан имсак уақытына дейін жалғасады. Рамазанда оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «ертең ораза тұтуға», имсактан кейін «бүгін ораза тұтуға» деп айтылады. Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғаны үшін зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек бөлек ниет ету парыз болып табылады. Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ниет ету жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін жеп ішудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен ораза сахих болмайды.
Жауап: Имсак түннің біткенін, яғни ораза тұтқанда ішіп жеуді тоқтату уақытын білдіреді. Түркістан күнтізбесінде жазылған имсак уақытында жеп ішуді тоқтату керек. Қазақстанда бұдан 15-20 минут өткеннен соң таң намазын оқуға болады. Қате күнтізбелерге қарап азан айтылғанға дейін аузын бекітпеген адамның кінәні қате күнтізбеге жүктеуі, өзін жауапкершіліктен құтқармайды.
Жауап: Бақара сүресіндегі «Ақ жіппен қара жіп ажырағанға дейін жеп ішіңдер» деген 187-ші аяттағы жіп сөзі – күндіздің ағаруымен түннің қараюын білдіреді. Аят кәриманың мағынасы «Күндіздің жарығымен түннің қараңғылығы, жіп секілді бір бірінен ажырағанға дейін жеп ішіңдер» дегенді білдіреді. Бұл аят кәриманы естіген сахаба «Ей расулуллаһ, мен күндіздің түннен ажырағанын білу үшін жастығымның астына ақ жіппен қара жіп қойдым. Бірақ түннің біткенін ажырата алмадым» дейді. Сонда пайғамбарымыз «Ол жіптер күндіздің жарығымен түннің қараңғылығы» деп бұйырады. Егер пайғамбарымыз мұны түсіндірмегенде ақ жіптің күндіз, қара жіптің түн екенін қалай білер едік? Құран кәрімнен түсінгенімізге жүгініп мына жігіттің әкесі секілді, әсіресе бұлтты күндерде әлі дала қараңғы деп күн шыққанға дейін жеп ішер едік. |