Жубн19 – Жубн – қорқақтық дегенді білдіреді. Ашудың, қатал мәміленің қажетті мөлшеріне «Шәжаат» (батылдық) делінеді. Қажетінен аз болуына, әлсіз болуына «Жубн» (қорқақтық) делінеді. Жубн – жаман мінез. Имам Мұхаммед бин Идрис Шафии “рахимә-һуллаһу та’ала” былай дейді: «Шәжаат ету қажет болған жерде, қорқақтық еткен адам, есекке ұқсайды. Шын ниетпен кешірім сұрағанды кешірмеген адам, шайтанға ұқсайды». Қорқақ адам, әйеліне және туыстарына қамқор бола алмайды, оларды қорғай алмайды. Қорлыққа және зұлымдыққа мойын иеді. Харам істегенді көргенде үндемейді. Басқалардың малына тама (ашкөздік) етеді. Ісінде тұрақтылығы жоқ. Берілген міндеттің маңыздылығын түсінбейді. Аллаһу та’ала, Тәубе сүресінде шәжаатты (батылдықты) мақтайды. Нұр сүресінде, зина еткендерге хад жазасы берілгенде рақымдылық етпеуді әмір етеді. Хадис шәрифте: «Сүйікті қызым Фатима ұрлық істесе, қолын кесемін!» делінген. Аллаһу та’ала Фәтх сүресінде, Сахабаларға “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” «Кәпірлерге ғадаб етеді», соғыста қатаң мәміледе болады деп мақтайды. Тәубе сүресі жетпіс төртінші аятында: «Кәпірлерге қарсы қатаң бол!», яғни олар шабуылдағанда қорықпа. Бір хадисте: «Үмметімнің қайырлысы, темір сияқты төзімді болғандары» делінді. Исламға және мұсылмандарға дұшпандық еткендерге, шабуылдарына қарсы қатаң болу керек. Оларға қарсы қорқақ болу жаиз емес. Қорқып қашу Аллаһу та’аланың тағдырын өзгертпейді. Ажал келгенде, Әзрейіл алейһиссалам, адамды қай жерде болса да табады. Өзін қауіпке ату да жаиз емес. Қауіпті жерде жалғыз қалу, жалғыз жүру, күнә болады.
|