Дүниелікке деген махаббат
25 – Харам жолмен табылған табыс мүлік болмайды. Қолданылуы харам болады. Халал мүлікті қажетті мөлшерінен артық жинау мәкрух. Зекеті берілмесе азапқа себеп болады. Хадис шәрифте: «Алтын мен күміске құл болған адамға лағнет болсын!» делінген. Құл әрдайым қожайынының көңілінен шығуға тырысады. Дүниелік мүліктің соңынан жүгіру, нәпістің шаһуаттарының (қалауларының) соңынан жүгіруден де жаман. Мал-мүліктің, ақшаның артынан жүгіру, Аллаһу та’аланың әмірлерін ұмытуға себеп болса, бұған «Дүние махаббаты» делінеді. Аллаһқа зікір (ойлау) болмаған көңілге (жүрекке) шайтан орналасады. Шайтанның ең үлкен айласы – адамға қайырлы істер жасату арқылы өзін салих (діндар), жақсы деп ойлатқызуы. Мұндай адам өз-өзінің құлы болады. Хадис шәрифте: «Өткен үмметтердің әр қайсысына фитналар берілген. Менің үмметімнің фитнасы – мал, ақша жинау болады» делінген. Дүниеліктің соңына түсіп, ахиретті ұмытады. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’ала адамдарды жаратқан кезде ажалдарын, өмірлерін және ризықтарын тағдырға жазған» делінген. Адамның ризығы өзгермейді, азаймайды, көбеймейді және уақытынан кері қалмайды. Адам ризығын іздегені сияқты, ризық та иесін іздейді. Көп кедейлер бар, байлардан да жақсы, әрі бақытты өмір сүреді. Аллаһу та’ала өзінен қорыққандарға, дініне мойынсұнғандарға күтпеген жерден ризық жібереді. Хадис құдсиде: «Ей, дүние! Маған қызмет еткенге қызметші бол! Саған қызмет еткенге қиыншылық көрсет!» делінген. Бір хадис шәрифте, «Йа Раббым! Мені сүйгендерге қайырлы мүлік бер. Маған дұшпандық еткендерге өте көп мал-мүлк және бала-шаға бер!» делінген. Бір яһуди өлді. Бір үйі мен екі баласы қалды. Үйді бөлісе алмады. Қабырғадан бір дауыс шықты. Мен үшін бір-біріңе дұшпандық етпеңдер. Мен патша едім. Ұзақ өмір сүрдім. Мазарда жүз отыз жыл болдым. Кейін топырағымнан ыдыс, құмыра жасалды. Қырық жыл үйлерде қолданылдым. Сындым. Көшеге лақтырылдым. Одан кейін менен кірпіш жасалды. Осы дуалдың құрылысында қолданды. Бір-біріңмен ұрыспаңдар. Сендер де мен сияқты боласыңдар, деді. Хасан Челеби “рахимә һуллаһу та’ала”, «Мәуақиф» кітабының түсініктемесінде былай деген: Хазреті Хасан мен Хазреті Хусейн ауырып қалды. Хазреті Әли мен Хазреті Фатима “радиаллаһу та’ала алейһум әжмаин” және қыз қызметшілері, балалар жазылса, үш күн ораза ұстайтындарын нәзір етті. Балалар жазылды. Ауызашарға жейтін ештеңе жоқ еді. Бір яһудиден үш са [1 са – 3,5 кг] арпа қарызға алды. Хазреті Фатима бір са арпадан ұн жасады. Мұнымен бес нан пісірді. Бір кедей келіп, «Маған жейтін бір нәрсе беріңізші» деді. Нандарды соған беріп, аш жатты. Ертеңіне бір жетім келді. Бұларды да соған беріп, тағы да аш жатты. Үшінші күні де, бір құл келіп тамақ сұрады. Мұны да соған берді. Аллаһу та’ала Расулуллаһқа “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” аяти карима жіберіп, бұлардың нәзірлерін және исарларын (жомарттықтарын) мақтады. Ризықты (яғни ақшаны, мүлікті) өзіне қажет мөлшерін алып, артығын таратуға «Зуһд» делінеді. [Бір адамның ақысын қайтару, оған болған қарызды өтеу, «Әділеттік» жасау болады. Ақысынан артық беру, «Ихсан» ету болады. Ризығының, яғни өзіне қажетті мүліктің барлығын басқаға беру «Исар» болады.] Заһид (діндар) болған ғалымның екі рәкат намазы, заһид болмаған адамның өмір бойы оқыған намазынан қайырлы. Сахабалардың кейбірлері “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин”, табииндердің кейбірлеріне, сендер Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” сахабаларынан көбірек амал (ғибадат) жасап жатырсыңдар. Бірақ, олардың зухдтері сендерден артық болғаны үшін, сендерден қайырлы еді, деген. Дүние махаббаты, яғни дүниелікке берілгендік – нәпістің қалауларын, нәпсіге жағымды нәрселерді және бұларға қол жеткізуге себеп болған ақшаны харам жолмен іздеу деген сөз. Дүниелікке берілу – қиялдың соңынан жүгіру деген сөз. Себебі, дүниелік ләззаттардың зияндары, пайдаларына қарағанда көбірек. Қолда қалмайды, тез кетеді. Ал бұларға қол жеткізу болса, өте қиын. Еш пайдасы болмағандарға «Ла’б», яғни ойын және «Ләһу», яғни көңіл көтеру делінеді. [Адамды өлуден, бір мүшесінің жоқ болуынан және қатты аурудан құтқаратын нәрсеге «Зәрурет» делінеді. Рухани және тәндік саулық үшін садақа беру, жақсылық жасау, зекет, қажылық, құрбандық, қарыз беру үшін қажет болған нәрселерге «Қажеттелік» делінеді. Қажеттілігінен артық болып, жағымды болған, ұнаған нәрсеге «Зинет» делінеді. Қажеттілігінен артық болған мүлікті, «тәкәппарлану» үшін, адамдарға көрсету (мақтану) үшін қолдану зинет емес, харам болады. Зәрурет мөлшерде ақша табу үшін жұмыс істеу парыз. Қажеттілік мөлшерде жұмыс істеу сүннет. Бұған «Қанағат» делінеді. Зинет болған нәрселерді табу мубах. Қажеттілік және зинет заттарды ислам дініне сай жолмен табу ғибадат болады. Бұларды табу үшін ислам дінінің сыртына шығу харам болады. Осындай харам жолмен табылғандар дүниелік болады. «Ахками исламийа» – Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдары деген сөз.] Хадис шәрифте: «Дүниелік болған нәрселер малғұн. Аллаһ үшін болған нәрселер, Аллаһу та’ала разы болған нәрселер малғұн емес» делінген. Дүниелік нәрселердің Аллаһу та’аланың алдында еш қадірі жоқ. Ахками исламийаға (Ислам дінінің үкімдеріне) сай жолмен табылған және қолданылған ризық дүниелік болмайды. Дүние ниғметі болады. Дүние ниғметтерінің ең қадірлісі – салиха әйел. Иманды және ислам дініне мойынсұнған адамға «Салих» (жақсы адам) делінеді. Салиха әйел күйеуін харам істеуден қорғайды. Жақсылық жасауына және ғибадат етуіне жәрдемші болады. Салиха болмаған әйел зиянды болады. Дүниелік болады. Хадис шәрифте: «Дүниелік ниғметтерінен маған әйелдерім және әдемі иіс ұнатылды» делінген. Хадис шәрифте, «Дүниелік болған нәрселердің Аллаһтың дәргейінде масаның қанатындай қадірі болғанда кәпірге бір жұтым да су бермейтін еді» делінген. Кәпірлерге дүниелікті көп беріп, оларды пәлекетке жеткізуде. Хадис шәрифте: «Мүминнің Аллаһ алдындағы қадірі, жинаған дүниелігі мөлшеріндей азаяды» және «Дүниелікке деген махаббат артқан сайын, ахиретте болатын зияны да арта береді. Ахирет махаббаты артқан кезде, дүниеліктің оған тигізетін зияны азаяды» делінген. Хазреті Әли “радиаллаһу та’ала анһ” былай деген: Дүниелік пен ахирет шығыс пен батыс сияқты. Біреуіне жақындаған адам, екіншісінен ұзақтайды. Хадис шәрифте: «Дүниенің соңынан жүгіру, су үстінде жүруге ұқсайды. Оның аяқтарының суланбауы мүмкін бе? Ислам дініне мойынсұнуға бөгет болған нәрселерге дүниелік делінеді» және «Аллаһу та’ала бір құлын жақсы көрсе, оны дүниеде заһид (діндар) және ахиретке әуес қылады. Айыптарын оған білдіреді» және «Дүниеге берілу – қателіктердің басы» делінген. Яғни, әртүрлі қателікке, күнәға себеп болады. Дүниенің артынан жүгірген адам, күмәнді нәрселерге, одан кейін мәкрухтарға, одан кейін харамдарға, тіпті күпірге түседі. Өткен үмметтердің пайғамбарларына “алейһимуссалауату уәттаслимат” сенбеулерінің себебі – дүниелікке берілгендігі еді. Дүниелікке деген махаббат шарапқа ұқсайды. Оны ішкен адам тек өлер кезде ғана есін жияды. Мұса алейһиссалам Тур тауына бара жатқанда бір адамның қатты жылағанын көрді. Йа Раббым! Құлың сенен қорқып жылап жатыр, деді. Аллаһу та’ала, қан жыласа да, оны кешірмеймін, деді. Өйткені, ол дүниеге берілген, деді. Хадис шәрифте: «Дүниелікті халалдан тапқан адамға ахиретте есеп бар. Харамнан тапқанға, азап бар» және «Аллаһу та’ала бір құлын жақсы көрмесе, мүлкін харамдарға жұмсатқызады» делінген. Тәкаппарлану үшін ғимарат соғу осыған жатады. Бір хадис шәрифте: «Бір адам, халалдан келген ақшасымен ғимарат соғатын болса, адамдардың бұдан пайдаланған мерзіміндей оған сауап беріледі» делінген. Дымқылдан құтылу үшін, таза ауа алу ниетімен биік ғимарат салу жаиз. Тәкаппарлану үшін, мақтану үшін, үлкен ғимарат салу харам. Имам Ағзам Әбу Ханифа былай деген: «Надандардың масқараламауы үшін және дұшпандарға қуатты, күшті болып көріну үшін ғалымдардың, әміршілердің киімдері мен үйлері сәнді болуы керек.» |