Намаз – діннің тірегіСұрақ: Намаздың дініміздегі орны қандай? Жауап: Намаз – өте маңызды, өте құнды ғибадат. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны секілді.» (Табарани) «Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат – намаз. Намазы дұрыс болса, қалған амалдары да қабыл болады. Намазы дұрыс болмаса, ешбір амалы қабыл болмайды.» (Табарани) «Намазын дұрыс оқыған адамның ағаштан жапырақтары төгілгендей күнәлары төгіледі.» (И. Ахмед) «Аллаһу та’ала былай деген: “намазын уақытында, дұрыс оқыған адамға азап бермеймін, ол адамды сұрақ-жауапқа тартпастан жаннатқа кіргіземін”.» (Хаким) «Әр пайғамбардың үмбетіне айтқан соңғы демдегі өсиеті – намаз.» (Ғунийа) Намаз оқу үлкен ғибадат болғандықтан тәрк ету де өте үлкен күнә. Ханбали мазһабында намазды тәрк ету күпір болатындықтан және Шафии мен Маликиде үлкен күнә жасағаны үшін өлім жазасы берілу керектігі фиқһ кітаптарында жазылған. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Намаз – діннің тірегі, тәрк еткен адам дінін құлатқан болады.» (Бәйһақи) «Намаз оқымайтын адамның діні жоқ.» (Ибн Наср) «Намаз оқыған адам қияметте құтылады, ал оқымаған адам опат болады.» (Табарани) «Қиямет күнi намаз оқымағандарға Аллаһу та’ала ашулы, қаһарлы түрде мәмiле жасайды.» (Бәззар) «Намазды әдейі тәрк еткен адамның ғибадаттары қабыл болмайды және намазын бастағанға дейін Аллаһтың қамқорлығынан ұзақта болады.» (Әбу Нуайм) «Бізбен кәпірдің арасындағы айырмашылық – намаз. Намазын тәрк еткен адам кәпір болады.» (Нәсаи) Жоғарыдағы хадис шәрифтерді әһли сүннет ғұламалары былай ашықтаған: Дінімізде ең үлкен күнәні істеген адам кәпір болмайды. Сондықтан намаз оқымайтын адамға кәпір делінбейді. Бірақ намаз өте маңызды ғибадат болғандықтан намаз оқымайтын адамның иманмен өлуінің ықтималы өте аз. Намаз оқымайтын адамның көңілі (жүрегі) қараяды және басқа күнәларды жасаудан тартынбайтын болады. Кейбір ғалымдар намаз оқымайтын адамның кәпір болатындығын білдірген. Сондықтан қандай жағдай болмасын міндетті түрде намаз оқу керек! Имам Раббани хазреті былай дейді: Намаз оқу және басқа ғибадаттарды жасау тек мүминдерге ғана оңай болады. Құран кәрімде: «Иман келтіру және ғибадат жасау – мүшриктерге қиын болады» және «Намаз оқу – мүминдерге оңай болады» делінген. Намаз оқымау иманның әлсіздігінен болады. Иманның қуатты болуының белгісі – дініміздің әмірлеріне қуана-қуана, оңайлықпен мойынсұну. (1/191, 289) Намаз оқумаудың қаншалықты үлкен күнә екендігін білетін адам түрегеп тұра алмайтын ауру болса да, міндетті түрде намазын оқиды. Тұра алмайтын адам отырып оқиды. Оттың өртейтінін білетін адам өзін қалай отқа тастайды? Жаһаннамнан қашатын, жаннатқа кіруді қалайтын адам қалай намаз оқымайды? Хадис шәрифте: «Жаннатты қалап, Аллаһу та’аланың тыйым салғандарынан қашпайтын адам қалауында өтірікші адам.» және «Жаннатты қалаған адам қайырлы, жақсы істерді істеуге асығады. Жаһаннамнан қорқатын адам харамдардан қашады» делінген. (Бәйһақи) Намазда тадил әрканға мойынсұну уәжіп. Намаздағы уәжіптердің бірі әдейі тәрк етілсе, ол намазды қайталап оқу уәжіп болады. Хадис-шәрифте былай делінеді: «Ұрлықшылардың ең үлкені – намазының ішінен ұрлағаны. Яғни намаздың тадил әрканына мән бермейді, рүку және сәжделерін толық орындамайды.» (Уәсиләт-ун Нәжат) «Адамдардың намазында көңілдің (жүректің) дайын болатын кездері ғана жазылады. Көңіл дайын болмаған намазға Аллаһу та’ала назар салмайды.» (Уәсиләт-ун Нәжат) Жамағатпен намаз оқу еркектерге сүннети худа. Яғни дініміздің шиары (белгісі) болып табылады. Үзірсіз (себепсіз) тәрк ету мүлдем жаиз емес. Әсіресе құптан және таң намазын жамағатпен оқу өте маңызды. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Құптан намазын жамағатпен оқыған адам түннің жартысын, таң намазын да жамағатпен оқыған адам түні бойы ғибадатпен өткізген болып саналады.» (Мүслим) «Мунафықтарға ең қиын намаз – құптан және таң намазын жамағатпен оқу. Бұлардың сауабын білген адам сүйретіліп келсе де жамағатке келеді.» (Бұхари)
Ең құнды ғибадат Сұрақ: Ғибадаттардың ішінде ең құндысы қандай? Жауап: Ғибадаттардың ішіндегі ең құндысы – намаз. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Намаз – Аллаһу та’аланың разы болған барлық амалдарының ішіндегі ең құндысы. Ризықтың берекесі. Дұғаның қабыл болуына себепші. Қабірде жарық. Сират көпірінен найзағайдай өткізуші. Жаннатта басыңа тәж. Иманның басы, көздің нұры және жаһаннамнан құтқарушы.» (Мифтах-ул-Жәннә) «Жаннаттың кілті – намаз.» (Дарими) «Ең құнды амал – уақытында оқылған намаз.» (Әбу Дауд) «Тұр, намаз оқы! Намаз әлбетте шипа.» (И. Ахмед, И. Мажә) «Намаздың парыз екендігін біліп, кемшіліксіз дұрыс оған адам жаннатқа кіреді.» (Хаким) «Үмбетім бұзылған кезінде сүннетіме жабысқан (яғни әһли сүннет болған) және бес уақыт намазды жамағатпен оқыған адамның амал дәптеріне күн сайын жүз шәһидтің сауабы жазылады.» (И. Насируддин)
Намазға мән беру керек Сұрақ: Уағыз-насихат айтушылар, хұтба оқитындар тек исламның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік саясаты жөнінде айтады да, неліктен намаздың маңыздылығы, сүннеттері, сәһу сәждесі жайында айтпайды? Қабірде, ахиретте нелер сұралады? Дұрыс мұсылман болу үшін не істеу керек? Кейбір діни газеттерде, басылымдарда да жағдай осындай. Намаз туралы айтуды төмендік деп санай ма? Жауап: Мұндай сұрақтарды иелерінен сұрау керек. Алайда сұрақ намаздың маңыздылығы жайында болғандықтан: «Намаз оқымаса да, жиенімнің иманы өте күшті. Нағашы әпкем де көшеде ашық-шашық жүреді. Бірақ иманы өте мықты» дейтін бір оқырманымызға осы арқылы жауап бергіміз келіп отыр. Намаз оқымайтын адамның, қорықпай күнә істейтін адамның иманы қуатты болмайды. Бір адам намазын қаншалықты дұрыс оқитын болса, оның иманы да соншалықты мықты, жарқыраған болады. Намаз оқымайтын және оқымағаны үшін қам жемейтін, өкінбейтін адамның иманы өте әлсіз, бәлкім көбісінің иманы жоқ. Пайғамбарымыз: «Иман – намаз деген сөз. Намаз – діннің тірегі» деген. Тірексіз, негізсіз дін бола ма? Хадис шәрифтерде былай делінген: «Иман – намаз деген сөз. Намазын ықыласпен уақытында сүннетіне және басқа да шарттарына сай оқыған адам мүмин.» (Ибн Нәжжар) Пайғамбарымыз алейһиссаламның соңғы сөздерінің бірі: «Намазға мән беріңдер!» еді. (Ибн Мажә)
Намаз – барлық жақсылықтардың кілті Сұрақ: Мен намаз оқымаймын. Бірақ, ешқандай күнә істемеймін. Ішімдік ішпеймін, құмар ойнамаймын, ұрлық жасамайын және басқа да күнәларды істемеймін. Осы да жеткілікті емес па? Жауап: Намаз оқымау өте үлкен күнә. Ұрлық жасаудан, құмар ойнаудан, ішімдік ішуден де үлкен күнә. Көптеген хадис шәрифте әдейі намаз оқымаған адамның кәпір болатындығы білдірілген. Амал иманның бір бөлшегі болмағанымен, намаз тақырыбында ғалымдардың мұндай ауызбірлігі болмады. Намаздың иманнан екендігін білдірген ғалымдар да болған. Осы тұрғыдан намаз оқымау өте үлкен қауіп-қатер болып табылады. Бір адам әр түрлі жамандықтарды істесе, бірақ намаз оқуын жалғастырса, намазын дұрыс оқыса, жамандықтарының көбін, тіпті барлығын тәрк етеді. Өйткені Құран кәрімде: «Намаз мүнкәрдан (Аллаһқа қарсы шығудан) және фахшадан (әдепсіздіктен, ақылға және дінге қайшы болған әр түрлі жамандықтардан, әр түрлі күнәлардан) сақтайды.» делінген. (Анкәбут 45) Намаз оқудың құндылығы өте зор. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Намаз – әрбір ізгіліктің, әрбір жақсылықтың кілті.» (Табарани) Осы хадис шәрифтерді оқығаннан кейін намаз оқымаған мұсылманға таң қалмау мүмкін емес.
Ғибадат және мұқтаждық Сұрақ: Нәпсіме еріп, намаз оқуды тастадым. Қазір күйзеліске түсіп, қиналып жүрмін. Достарым: «Мұндай кезеңде намаз оқыған абзал» дейді. Егер намазды қазір бастасам, мені Аллаһ өзіне мұқтаж болғандықтан, күйзеліске түскендіктен намаз оқып жатыр демей ма? Жауап: Олай ойлаудың өзі дұрыс емес. Бар болу үшін, бар болып қалу үшін және өмір сүру үшін әрбір сәтте Аллаһу та’алаға мұқтажбыз. Көзіміздің көруі, құлағымыздың естуі, сөйлеуі, дем алу, жүру, отыру, тұру үшін, әрдайым бәріміз Аллаһу та’ала мұқтажбыз. Мұқтаж болмаған сәтіміз жоқ. Аллаһу та’алаға тек қиналғанда ғана емес, барлық сәтте мұқтажбыз. Ал жасаған ғибадаттарымыздың бұл нәрсеге еш қатысы жоқ. Олар – біздің құлдық міндеттеріміз, Раббымыздың әмірі. Иман келтіруден кейінгі ең үлкен міндетіміз – бес уақыт намаз оқу. Сондықтан дереу намаз оқуды бастау керек. Дұғаларымыздың қабыл болуы үшін тек қиналған кездерде ғана емес, әрқашанда дұға ету керек. Аллаһу та’аладан кешірім сұрау керек. Хадис шәрифте: «Кімде кім қиын жағдайда дұғасының қабыл болғанын қаласа, жаны тыныш, рахат кезінде көп дұға етсін!» (Тирмизи)
Намазды өткізіп алмау керек Сұрақ: Жұмыстарымыздың қайырлы, жақсы нәтижелі болуы үшін не істеуіміз керек? Жауап: Намазға кедергі болған жұмыста ешқандай қайыр, береке болмайтынын жақсы білу керек. Мына үш нәрсеге берік байлану керек: 1- Намаздарды уақытында оқу. 2- Харамдардан сақтану. 3- Халал жолдан ақша табу. Осы үш нәрсеге кедергі болған нәрселерді тәрк ету керек. Намаздың маңызы зор Сұрақ: “Әр түрлі шүкір және ғибадаттар намаз ішінде жинақталған” деп айтылып жатады. Осы нәрсенің негізі не? Жауап: Ислам ғұламалары: «Әр түрлі шүкірді намаз өз ішінде жинақтаған» деген. Ұлы ғалым Абдуллаһ Дәһләуи де былай дейді: Барлық ғибадаттар намаздың ішінде жинақталған: 1- Құран кәрім оқу, 2- Тәсбих айту (субханаллаһ деу), 3- Расуллаллаһқа салауат айту (салли, бариктерді оқу), 4- Күнәларға истиғфар айту, 5- Мұқтаждықтарын жалғыз Аллаһу та’аладан сұрап, Оған шүкір етіп дұға ету (Фатиха оқу) намаздың ішінде. Одан басқа ғибадаттар да бар. Талдар, шөптер намазда тұрғандай тік орналасқан. Жануарлар рүку халінде, жансыз заттар да намазда қада отырысында отырғандай жерге төселген. Намаз оқитын адам осылардың ғибадаттарының барлығын жасауда. (Мәкатиби шәрифа 85 м.)
Қай кезде парыз болады? Сұрақ: “Кішкентай бала құптан намазын оқығаннан кейін жүніп болса және таң сәріден кейін оянса, құптан намазын қаза етіп оқуы керек” дегенді естідім, неге қазасын оқиды? Жауап: Балиғат жасына толмаған бала құптан намазын оқығаннан кейін балиғатқа толса (яғни бойынан балиғат жасына толғанын білдіретін осындай белгілер көрінсе), сол уақыттың намазын қайта оқуы парыз болады. Өйткені, алдыңғы оқыған құптан намазы нәпіл еді, балиғат жасына толмаған балаға парыз болмайды.
Адам алейһиссаламнан бері Сұрақ: Намаз қай уақыттан бері оқылып келеді? Жауап: Намаз – алғашқы пайғамбар Адам алейһиссаламнан бері оқылып келеді. (Мәуқуфат)
Әрбір дінде парыз еді Сұрақ: Адам алейһиссаламнан бері әрбір дінде намаз болған ба? Болған болса қанша уақыт оқу парыз еді? Жауап: Адам алейһиссаламнан бері әрбір дінде намаз бар еді. Әрбір үмбетке бір уақыт оқу парыз еді. Бірақ бір уақытта көп рәкат оқу парыз еді. Кейбір үмбетке таң намазы, кейбір үмбетке ақшам намазы парыз еді. Әрбір үмбетке бөлек-бөлек парыз болған намаздар біздің үмбетімізге барлығы бірден парыз болды.
Ақысын жеу Сұрақ: Германияда жұмыс істеймін. Намаз оқитындай уақыт жұмысты кешіктірсем, олардың ақысын жеген болмаймын ма? Жауап: Ақысын жеген болмайсыз. Ешкімнің намазға кедергі болуға ақысы жоқ.
Меккеде парыз болды Сұрақ: Неліктен намаз оқу Меккеде, ал дәрет алу Мәдинада парыз болды? Жауап: Екеуі де Меккеде парыз болды. Намаз Миғраж күні парыз болды. Алайда одан бұрын да намаз оқылынатын еді. Қияметке дейін үмбеттер арасында түсініспеушіліктер болмау үшін “Маида” сүресінде маңызы білдірілді.
|