20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Мудахана және мудара

Мудахана және мудара

30 – Құдіреті, шамасы жете тұрып, харам істеген кісіні тоқтатпауды мудахана дейді. Бұл іс - харамды істегенге немесе оның жанындағыларға деген құрметтен немесе дінге болған байланысының әлсіздігінен туындайды. Фитна болмайтын, яғни дініне, дүниесіне немесе басқаларға зияны тимейтін кезде, харам мен мәкрух істеген адамға кедергі болу керек. Ондай кездерде күнә істелінуіне бөгет болмау, үндемей тұру харам болады. Мудахана ету, харам істелуіне разы болуды көрсетеді. Үндемеу көп жерде жақсы. Бірақ, хақты, ақиқатты, қайырды айтатын кезде үндемеу жарамайды. «Йа Расулаллаһ!  Өткен үмметтердің бір бөлігіне зілзаламен азап жасалып, жер жұтты. Олардың арасында салихтар [жақсы адамдар] да бар еді» делінгенде, «Иә, салихтар да бірге опат болды. Себебі, Аллаһу та’алаға мойынсұнбаушылық болған кезде олар үндемеген (қой демеген) еді. Күнәхарлардан бөлінбеген еді» деді. Хадис шәрифте, «Үмметімнен бір бөлігі, қабірлерінен маймыл немесе доңыз кейпінде тұрады. Бұлар Аллаһу та’алаға бағынбағандардың арасында болғандар, олармен бірге жеп ішкендер» және «Аллаһу та’ала бір ғалымға ілім бергенде, пайғамбарлардан алған сияқты, одан да уәдесін алады» делінді. Ілімін қажет болған кезде айтуға тартынбайтынына, жасырмайтынына уәде береді. «Бір адам, Аллаһу та'аланың берген ілімін, қажет болған кезде айтпаса, қиямет күні мойнына оттан жіп тағылады» хадис шәрифі және Ниса сүресінің, «Өздеріне ілім және хидаят берілген адамдар, ілімдерін адамдардан жасырса, Аллаһу та’аланың және лағнет етушілердің лағнеттері, осыларға болсын!» деген мағынадағы 36-шы аяти кәримасы Мудахана етудің харам болатынын көрсетуде. Мудахананың терісі, қарама-қайшысы «Ғайрат» және беріктік. Маида сүресінің елу төртінші аятында «Аллаһ жолында күреседі, жамандалудан қорқпайды» делінді. Дінде, ғайрат және бекем болғандардың мал-жандары, сөздері және қаламдары арқылы Аллаһ разылығы үшін жиһад етулері қажет екені, осы аяти кәримада білдірілуде. Хадис шәрифте: «Өте ащы болса да, хақты айтыңдар!» делінді. Бір заһид Әмәуи халифаларының төртіншісі, Мәруанның қасында музыкалық аспапты тартқандарды көргенде, аспаптарын сындырды. Мәруан оны арыстандардың арасына тастаңдар деп әмір етті. Арыстандардың қасында, әлгі кісі дереу намаз оқи бастады. Арыстандар, оны өлтірудің орнына үсті-басын жалай бастады. Бір күн өткен соң әскерлер оны арыстандардың арасынан шығарып, халифаға апарды. Халифа: «Арыстандардан қорықпадың ба?» деді. «Жоқ, олардан қорқу, ойыма да келмеді. Бір түнді ойланумен өткіздім» деді. «Не ойландың?» «Арыстандар мені жалағанда, сілекейі нәжіс бола ма, болмай ма соны ойландым. Аллаһу та’ала, намазымды қабыл етті ма? етпеді ма? деп ойландым» деді.

Өзіне немесе басқаларға зиян тию қауіпі болғандықтан жақсылықты әмір ету және харамнан қайтару мүмкін болмаса, мұндай фитнаға бөгет болу үшін үндемеуге, сабыр сақтауға «Мудаара ету» делінеді. Көңілі (жүрегі) харамды қайтаруды қалап, мудаара ету жаиз. Бұған тіпті садақа сауабы беріледі. Мудаара еткенде жылы сөзбен және күлімдеген жүзді болу қажет. Шәкіртке сабақ бергенде де, мудаара жасалады. Имам Ғазали “рахимә-һуллаһу та’ала” былай дейді: «Адамдар үшке бөлінеді: Біріншісі, азық сияқты.  Әркімге, әр уақытта қажет. Екіншісі, дәрі сияқты. Қажеттілік кезінде керек болады. Үшіншісі, ауру сияқты. Бұлар қажет болмайды. Бірақ, өздері адамдарға келіп жабысады, жұғады. Бұлардан құтылу үшін, мудаара ету қажет.» Мудаара жаиз. Кейде мүстаһаб болады. Үйінде, әйеліне мудаара етпеген, сабыр сақтап, кемшіліктерін көрмеген сыңай танытпаған адамның рахаты, тыныштығы қалмайды. Расулуллаһқа “саллалаһу алейһи уәсәлләм” бір қонақ келгенінде. «Ішке кіргізіңдер оны! Ол жаман адам» деді. Ішке кіргесін, онымен жылы және көңілді сөйлесті. Кеткесін, жұмсақ сөйлеуінің себебі сұралғанда, «Қияметте, ең жаман жерде болатын адам, дүниеде зиянынан қорғану үшін қонақ етілгендер» деді. Хадис шәрифте: «Қысылмай ашық түрде харам істейтін адамды ғайбат ету жаиз болғанындай, жамандығынан қорғану үшін бұларға мудаара ету де жаиз. Бірақ, мудаара мудаханаға айналып кетпеуі керек» делінді. Мудаара - мұсылмандығына немесе мал-мүлікіне зиянын тигізіп алмау үшін, дүниеліктен бір шама беру дегенді білдіреді. Ал мудахана болса -  дүниелікке қол жеткізу үшін мұсылмандығын беру деген сөз. Залымға мудаара етіп жатқанда өзін және зұлымдығын мақтауға болмайды.