Қиямет күні әлбетте келедіҚиямет күні әлбетте бар. Ол күн әлбетте келеді. Ол күні аспан, жұлдыздар, өмір сүріп жүрген әлеміміз, таулар, теңіздер, жануарлар, өсімдіктер, кен-қазбалар, бүкіл жаратылыстар жоқ болады. Аспан бөлшектенеді, жұлдыздар таралады, жер беті, таулар бөлшектенеді, шаңға айналады. Құран кәрім бұларды хабар берген және бүкіл мұсылмандар бұған сенеді. Бұған сенбеген адам кәпір болады. Тәкуир сүресінде: «Күннің жарығы қалмаған, қараңғы басқан және жұлдыздар сөнген уақыт», Әл-хаққа сүресінде: «Сур бір рет үрленген кезде жер беті мен таулар орындарынан көтеріліп сілкінеді. Ол күні қиямет қайым басталады, аспан жарылады және таралады» делінген. Бұл жоқ болу Сурдың алғашқы белгісінде болады. Сурдың екінші үрленуінде барлық нәрсе қайтадан жаратылып, адамдар қабірден тұрады, махшар алаңына жиналады.
Есептен кейін!.. Қиямет күні есептен кейін адамдардың бір бөлігі жаннатқа жіберіледі, бір бөлігі жаһаннамға тасталады. Жаннаттың ниғметтері және жаһаннамның азабы шексіз. Бұл туралы Құран кәрім мен хадис шәрифтерде анық білдірілген. Әнбия сүресінің 47-ші аятында: «Қиямет күніне тән әділдік мизандарын құрамыз. Ешкімге зұлымдық жасалмайды. Қыша данасындай (түйірдей, аз ғана) мөлшерде жақсылық жасаған адам нәтижесіне қауышады» делінген. Қиямет күні амалдарды, істерді өлшеу үшін біз білмейтін мизан атты өлшеу құралы, таразы құрылады. Жер мен көк бір көзіне сияды. Сауап көзі жарқыраған болып, Арштың оң жағында жаннат тарапында болады. Күнә жағы қараңғы болып, Арштың сол жағында, жаһаннам тарапында болады. Дүниеде жасалған істер, сөздер, ойлар, көзқарастар ол жерде кейіпке еніп, жақсылықтар жарық, жамандықтар қараңғы және жиіркенішті көрініп осы таразыда тартылады. Бұл таразы дүниедегі таразыға ұқсамайды. Ауыр жағы жоғарыға көтеріледі. Жеңіл жағы төменге түседі делінді. Ғалымдардың бір тобы әртүрлі таразылар болады деген. Көпшілігі таразылардың қанша және қандай болатындығы дінде нақты білдірілмеді, деді. Сырат көпірі бар. Сырат көпірі Аллаһу та’аланың әмірімен жаһаннамның үстіне құрылады. Барлық адамдардың осы көпірден өтуі әмір етіледі. Ол күні бүкіл пайғамбарлар: «Йа Раббым! Саламаттық бере-гөр!» деп жалбарынады. Жаннаттық болғандар көпірден оңай өтіп, жаннатқа кіреді. Бұлардың кейбірі найзағайдай, кейбірі желдей, кейбірі шапқан аттай өтеді. Сырат көпірі қылдан жіңішке, қылыштан өткір. Дұрыс жолда бола алу өте қиын болғаны үшін, «Сырат көпірі қылдан жіңішке, қылыштан өткір» делінген. Дүниеде Ислам дініне мойынсұну да осындай. Ислам дініне толық бағынуға тырысу, сырат көпірінен өту сияқты. Бұл жерде нәпсімен күресу қиындығына төзгендер ол жерде сыратты оңай әрі тез өтеді. Ислам дініне мойынсұнбаған, нәпістеріне берілгендер сыраттан қиын өтеді. Осы себепті Аллаһу та’ала Ислам діні көрсеткен тура жолға «Сирати мүстақим» атын берген. Бұл теңеу де Ислам жолында жүрудің сырат көпірін өту сияқты екенін көрсетуде. Тозақтық болғандар сыраттан өте алмай жаһаннамға түседі.
Махшар күні!.. Махшар күні сүйікті пайғамбарымызға тән болған Кәусар хауызы бар. Үлкендігі бір айлық жолдай. Суы сүттен ақ, иісі жұпардан да әдемі. Айналасындағы ыдыстар жұлдыздардан да көп. Бір рет ішкен адам жаһаннамда болса да ешқашан шөлдемейді. Шапағат хақ. Тәубесіз өлген мүминдердің кіші немесе үлкен күнәларының кешірілуі үшін пайғамбарлар, әулиелер, салихтер, періштелер және Аллаһу та’ала рұқсат берген адамдар шапағат етеді және бұл шапағаттары қабыл етіледі. Хадис шәрифте: «Қиямет күні алдымен пайғамбарлар, одан кейін ғалымдар, одан кейін шәһидтер шапағат етеді» делінген. Қорыта айтқанда, Аллаһу та’аладан басқа барлық нәрсе жоқ еді және қайтадан жоқ болады. Қиямет басталған кезде жұлдыздар орындарынан айрылып таралады, аспан бөлшектенеді, жер беті мен таулар да бөлшек-бөлшек болып, барлығы жоқ болады. Бұлай болатындығы Құран кәрімде нақты білдірілген.
|