20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Инад және мукабара

Инад және мукабара

31 - Қырсықтық және өзін жоғары санау, хақты, туралықты естігенде қабылдамау. Әбу Жаһил және Әбу Талиб, қырсықтығынан Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” пайғамбар екендігіне сенбеді, қабылдамады. Қырсықтық – риядан (өзін көрсетуден), хиқдтан (кек сақтаудан), хаседтен (көре алмаушылықтан) немесе тамадан (ашкөздіктен) пайда болады. Хадис шәрифте: «Аллаһу та’аланың ең жаман көретін адамы, хақты қабыл етуде қырсыққандар!» делінді. Тағы бір хадисте: «Мүмин салмақты болады, жұмсақ болады» делінді. Салмақты кісі дүние істерінде жеңілдік көрсетеді. Ал дін істерінде тік құз сияқты болады. Тау уақыты келгенде тозуы мүмкін. Алайда мүминнің діні еш тозбайды.