Ауырғанда дәретСұрақ: Төсек тартып қалған науқас дәретті қалай алады, қалай намаз оқиды? Жауап: Дәрет алуы немесе біреу көмектесіп алдырылуы мүмкін болмаса, тәйәммум алып, намаздарын ишарамен оқиды. (Мәрақил фәлах)
Кесілген жерді жуады Сұрақ: Аяғы тобық сүйегінен кесілген адам, дәрет алғанда кесілген жерді жууы керек пе? Жауап: Иә.
Аяғында протезі бар Сұрақ: Аяғым тобық сүйегінен кесілгендіктен протез қолданамын. Протезді киіп шешуім қиын. Бұл үзір болып есептеледі ме? Жауап: Иә. Протездің үстінен мәсһ тарту жаиз.
Жел ұстай алмау Сұрақ: Ағынтысы бар және жел жіберіп қоятын, яғни желін ұстай алмайтын әйелдер де Маликиді тақлид ете ала ма? Жауап: Иә. Жел жіберу тек еркектерге ғана тән емес. Әйелдер де жел жібереді. Желін ұстай алмайтын адам Маликиді тақлид етсе дәреті бұзылмайды. Намаз оқып жатқанда осындай жағдай орын алса, намазды бітіргеннен кейін де дәретті болып есептеледі, намазы да бұзылмайды.
Дәретін бұзбайды Сұрақ: Бір адамның желін ұстай алмаумен қатар зәрге қатысты үзірі бар болса, яғни келген жел мен зәрін ұстай алмайтын болса, не істеуі керек? Жауап: Малики мазһабын тақлид етуі керек. Үзірі бесеу болса да, еш бірі дәретті бұзбайды. Яғни өз еркінен тыс, қолында болмай, ұстай алмай шыққан жел, зәр, ағынты (выделение), диарея, геморрой қаны, жарадан, сыздауықтан шыққан қан, ірің, мұрынның қанауы, көзден аурудың әсерімен шыққан жас т.б дәретті бұзбайды. Басқа дәретті бұзатын бір жағдай орын алмайынша, таңнан түнге дейін намаз, Құран кәрім оқи алады. Өйткені дәрет бұзылмайды. Бірақ, Ханафи мазһабында өзгеше, Ханафиде үзірлі адам әр намаз уақыты кіргенде жаңадан дәрет алуы керек болады.
Сұрақ: Зәр жіберіп қоятын, ұстай алмайтын үзірлі Ханафи, өз қалауымен азғантай болса да зәр шығарса, дәреті бұзылады ма? Жауап: Үзірлі болғаны үшін өз еркінде болмай онсыз да зәр тамшылайды, зәрін ұстай алмайды. Осындай кезде зәр шығаруы әдейі де болса дәреті бұзылмайды.
Сұрақ: Күніне бір рет немесе екі күнде бір рет зәр жіберіп қоямын. Кейде намазда жіберіп қойған шығармын деп ойлаймын. Намазым сахих бола ма? Жауап: Зәр жіберіп қоятын, бірақ, сіз секілді үзір иесі болмаған адам, таза күйінде қойған матада ылғалдылықты көрсе, қашан тамғанын білмесе, хайз қанында болғанындай, көрген уақытта тамды деп есептеледі. Күмәнданатын адам намазға бастарда матаға қарайды, ылғалдылықты көрсе, жаңадан дәрет алады. Намазда тұрғанда күмән келтірсе, сәлем бергеннен кейін, дереу қарап, тамғанын көрсе, намазын қайта оқиды. Сәлемнен кейін біренеше минут өткен соң қарап, байқаса, намазын дәретпен оқыған болып есептеледі. Мұндай жағдайға түскен адам, Ханафиде үзірлі болып саналмаса да, Маликиде үзірлі болып есептеледі. Сондықтан мұндай жағдайдағы адам Малики мазһабын тақлид етсе, зәр жіберіп қоюымен дәреті бұзылмайды және намазда тұрғанда матаға немесе іш киімге тамған зәр де нәжіс болып есептелмейді. Бұл рұқсаттан пайдаланып, өзімізді қиыншылыққа салмауымыз керек.
Нәжісті іш киіммен намаз Сұрақ: Зәр үшін катетер тағылды. Зәр бір ыдыста жиналады. Үсті басым нәжісті. Бұл жағдайда Малики мазһабын тақлид етіп, нәжісті іш киіммен намаз оқуым жаиз ба? Әлде оқымай, жазылғаннан кейін қазасын оқимын ба? Жауап: Қазаға қалдыру харам, басқа шараңыз болмағандықтан, сол күйіңізбен оқу жаиз. Маликиде нәжіс намазға кедергі емес.
Сұрақ: Хирургиялық жолмен асқазаныма тесік жасап, дорба жалғанды. Дорбадан кейде нәжіс ағады. Малики мазһабын тақлид етуім жаиз ба? Жауап: Иә.
Сұрақ: Зәр жолдарын суықтатып алғандығымнан, дәретханаға жиі шыққым келеді. Намаз оқығанымда бұл мені мазалайды, бұл жағдайда намаз оқуым мәкрух бола ма? Қаза намаздарымды оқуды жазылғанға дейін оқымай қоя тұрып, кейін оқығаным дұрыс болады ма? Жауап: Мәкрух болмайды. Малики мазһабын тақлид етсеңіз, зәр өздігінен ағып шықса дәретіңіз бұзылмайды. Қазаларды оқуды кешіктірмеңіз. Маликиді тақлид етіп, сол жағдайыңызбен оқыңыз.
Ауыздан шыққан қан Сұрақ: Тісін жұлдырған адамның қан ағуы тоқтамай жатса, уақыттың соңын күтеді ме, әлде сол мезетте оқи алады ма? Жауап: Уақыттың соңын күтудің қажеті жоқ, сол мезетте оқи алады. Өйткені, қан ауыздан шықпайынша, дәрет бұзылмайды. Ауыз тұзбен шайылғаннан кейін, мақта қойылады. Кейін дәрет алынып, намаз оқылады. Егер намаз оқып жатқанда ауыздың сыртына қан ағып шықса дәрет бұзылады. Дәреттің осындай себеппен бұзылмауы үшін, дәрет алғанда Малики мазһабы тақлид етіледі. Одан кейін тістен шыққан қан, ауыздың сыртына шықса да дәрет бұзылмайды.
Қызыл иектердің қанауы Сұрақ: Қызыл иектері қанайтын адам қалай дәрет алады? Жауап: Ханафи мазһабында үзірлі бола алу үшін, қанау бір намаз уақытының басынан соңына дейін жалғасуы керек. Кейінгі уақыттарда да, ең болмағанда бір рет қан ағатын болса үзірлі болады. Бір рет қан ағып шықпаса, үзір иесі бола алмайды. Ханафи мазһабында үзір иесі бола алмаған адам, Малики мазһабын тақлид етеді. Малики мазһабында тістің қанауы дәретті бұзбайды. Дәрет басқа бір себеппен бұзылмаса, бір дәретпен қалағанынша намаз оқи алады. Мысалы таңның дәретімен құптанды да оқи алады.
Көмекшісі болмаған науқас Сұрақ: Көмекшісі болмаған науқас, дәрет пен ғұсылды қалай алады? Жауап: Дәрет ала алмайтын науқас, көмекші таба алмаса, тәйәммум алып, намаз оқиды.
Қарт кісілердің дәреті Сұрақ: Қартайған ата-анам дәрет алуда қатты қиналады. Қандай кеңес бере аласыздар? Жауап: Қарт кісілер жалпылама үзір иелері болып келеді. Олар Малики мазһабын тақлид етсе ағынтылары, жел жіберулері яғни, келген желді ұстай алмаулары, зәр жіберіп қоюлары, қанаулары дәретті бұзбайды. Тіс пломасы үшін Малики мазһабы қалай тақлид етілсе, науқастық үшін де солай тақлид етіледі.
Харам істемеу үшін Сұрақ: Жұмыскер әйелмін. Оңаша орын тауып, дәрет алу қиынға соғуда. Ауруыма байланысты дәрі егіледі, қан шығу ықтималы бар. Осы жағдайыма байланысты Малики мазһабын тақлид етсем жаиз болады ма? Жауап: Иә, жаиз болады. Бөтен еркектердің жанында қолдарды ашу харам болып табылады. Харам істемеу үшін де мазһаб тақлид етіледі.
Жарадан қан ағып тұрса Сұрақ: Бір жеріміз қанады. Қан аз болса да ағып тұр. Намаз уақыты да шығайын деп тұрса немесе біраз уақыт бар болса не істеуіміз керек? Жауап: Жараның үстін таңу керек. Дәрет алып Маликиге ұйып намаз оқу керек. Таңғыштың үстін мәсһ етсе жеткілікті. Осы дәретпен, дәретті бұзатын басқа бір себеп болмайынша, қалағанынша намаз оқуға болады. Жарадан қан ағып тұр деп қайта дәрет алу қажет болмайды.
Қолында жарасы бардың дәреті Сұрақ: Қолында жара, есекжем (экзема) немесе қолы жарылған болса, дәрет пен ғұсылды қалай алады? Жауап: Қолындағы жараға, есекжемге (экзема) немесе жарылған жерге су тигенде зақымданатын, зиян тиетін болса, қолына қолғап киіп, қолғаппен дәрет ала алса, осылай дәрет алуы керек. Қолғап таба алмаса, қолдарына, бетіне, басына, аяақтарына су тигізе алмайтын болса, тәйәммум етеді. Жарасы бар жерлерді су тигізбей ғұсыл ала алмаса да тәйәммум етеді.
Қолдарын қолдана алмайтын адам Сұрақ: Екі қолы шолақ немесе параличтенген болып, қолдарын қолдана алмайтын адам тахаратын (іш дәретін) және дәретті қалай алады? Жауап: Қолдары шолақ болған, тахараттанбайды. Қолдарын топыраққа, бетін дуалға сүйкеп тәйәммум етеді.
Дәрет мүшелері жара болған Сұрақ: Дәрет мүшелерінің бір бөлігіне жара басқан адам қалай дәрет алады? Жауап: Дәрет мүшелерінің жартысынан көбі немесе төрт дәрет мүшесінен екеуі сау болса, дәрет алып, жара басқан жерлерді мәсһ етеді. Мәсһ зиян келтіретін болса, таңғыштың үстінен мәсһ етеді. Дәрет мүшелерінің жартысынан көбі жара болса тәйәммум етеді. Тәйәммум еткен адамның, тәйәммуммен қоса сау жерлерін жуып жүруі жаиз емес.
Басымен бетінде жарасы болған Сұрақ: Басым мен бетіме толығымен жара шықты. Денемді жуғанда бетіме де су шашырауы мүмкін. Дәрігер су тигізбеуді айтқан болатын. Бұл жағдайда дәрет пен ғұсылды қалай аламын? Жауап: Бастан мойныңызға дейін түссіз пакет өткізіңіз. Денеңіздің басқа бөліктерін жуасыз. Суланған қолмен басыңыз бен бетіңізді пакеттің үстінен мәсһ етесіз. Егер пакеттің үстінен басыңыздан төменге қарай су құйсаңыз мәсһтің орнына өтеді. Одан бөлек мәсһ етсеңіз де зияны болмайды.
Таңғыштың (бинт) үстіне мәсһ Сұрақ: Дәрет немесе ғұсылда су тигізілмеуі керек болған жерге оралған бинттің немесе пакеттің үстін мәсһ етсек, бұларды алғаннан кейін жуылмаған жерлерді мәсһ ету керек пе? Жауап: Жараның, сыздауықтың, жарылған терінің, тіліктің үстіне немесе ішіне жағылған дәрі, мазь, мақта, білте, дәке, бинт секілді нәрселердің алынуы, шығарылуы жараға зиян келтірсе немесе бұлар алынып, жуылғанда немесе мәсһ етілгенде зиян келтірілсе, бұлардың май, мазь, пакет сияқты су өткізбейтіндеріне су құйылады. Су өткізетіндердің үсті мәсһ етіледі. Зиян келтіру – емнің кешігуі немесе аурудың артуы деген сөз. Мәсһ еткеннен кейін, жаңағылар, жара жазылмай алынса немесе түсіп қалса, мәсһ бұзылмайды. Жара жазылып түссе, астын жуу керек болады. Бұлардың үстіне мәсһ тарту, астын жуудың орнына өтеді. Бұларға мәсһ еткендер үзір иесі болмайды. Олар дені сауларға имам бола алады. Салих және маман дәрігердің «су тимеуі керек» деген жері, жара сияқты болады. Ондай жерге мәсһ ету дәретсіздік пен ғұсылсыздық үшін бірдей. (С. Әбәдийә)
Гипстің үсті мәсһ етіледі Сұрақ: Оң аяғым шығып кеткендіктен гипстелді, еш қандай жара немесе қанаған жері жоқ, осыған байланысты әр намаз уақыты үшін дәрет жаңалауым керек пе, немесе бір дәретпен бірнеше намаз уақыттарын оқи аламын ба? Жауап: Иә, дәрет бұзылмаса бес уақытты да оқи аласыз. Бұзылып, дәрет алғанда гипстің үсті мәсһ етіледі.
Үзір иесі Сұрақ: Жол апатына ұшырадым. Бір неше апта гипстелген қолымды мәсһ етіп дәрет алудамын. Бір молда «Сен үзірлісің, уақыттың соңына дейін күтіп, әр намаз уақыты үшін бөлек дәрет алуың керек» деді. Осы дұрыс па? Жауап: Үлкен қате. Біріншіден, қолы бинтелген адам үзірлі болмайды, бір ағынтысы (қан, ірің т.б. ағуы) бар адам үзір иесі болуы мүмкін. Таңғы дәретпен, дәретті бұзатын басқа бір жағдай болмайынша, құптанды да сол дәретпен оқи алады. Екіншіден, үзірлі болған адам да уақыттың соңын күтпейді. Үзірлі болмай тұрып, ағынтысы алғаш рет пайда болған адам, уақыттың соңына дейін күтеді. Бірақ мұның гипстелген қолмен байланысы жоқ.
Спираль Сұрақ: Спираль қойдырылғанда бірнеше күн қанауы мүмкін екен. Бұл жағдайда тістегі пломба себебімен Малики мазһабын тақлид ететін адам, бұл мерзімнің ішінде намаздарын оқи алады ма? ЖАУАП: Өткен айдың тазарған және хайз күндері белгілі болуы керек. Өткен айдағы да истихазалы (үзiр қаны) болса, одан алдыңғы айдың таза және хайзды күндері білдірілуі керек. Белгілі болмаса жауап беріле алмайды. Егер 15 тазалық күндерінде спираль қойылған болса және қанаса, намаздарын оқиды. Спираль әдет тәртібін бұзуы мүмкін. Әр намаз уақыты үшін дәрет алып оқи алады. Маликиді тақлид етсе, әр намаз уақыты үшін дәрет алу қажет болмайды. Дәретті бұзатын басқа бір себеп болмайынша, спиральмен пайда болған қанау дәретті бұзбайды. Бірақ, 15 күннен кейін қан көрінген болса хайз болып есептеледі.
Жиі-жиі құсатын адамның дәреті Сұрақ: Науқастық немесе жүктілік себебімен жиі-жиі құсатын адамның дәреті бұзылыды ма? Жауап: Маликиді тақлид етсе бұзылмайды.
Мұрны қанағанның дәреті Сұрақ: Бір ауру себебімен анда санда мұрын қанаса дәрет бұзылады ма? Жауап: Мұрыннан қан ақса әрине дәрет бұзылады, бірақ Маликиді тақлид еткен адамның дәреті бұзылмайды, өйткені ағуы өз еркінде емес. Сәмәуи үзірмен аққаны үшін дәреті бұзылмайды. Мұрнын бір жерге ұрып алып қанатса, сәмәуи үзір болмағаны үшін дәреті бұзылады.
Намазда мұрны қанаса Сұрақ: Жиі-жиі немесе анда-санда мұрны қанайтын адамның, намазда тұрғанда, мұрны қанаса дәреті бұзылады ма? Жауап: Маликиді тақлид етсе, дәреті де намазы да бұзылмайды.
Маликиді тақлид еткен күтпейді Сұрақ: Бір уақыттың кіруімен қолы немесе кез-келген жері қанаған адам, парыз намазын оқитындай бір уақыттың ішінде қан тоқтамаса, уақыттың аяғына таман сол жағдайымен уақыттың парыз намазын оқи алғанына қарағанда, құптан уақыты кіруімен қолы қанаған және қаны тоқтамаған адам, құптан намазы мен үтір намазын оқу үшін, құптанның соңы болып есептелетін имсак ауқытына дейін күтуі керек пе? Жауап: Иә, бірақ Маликиді тақлид етсе, таңға дейін күтпей, сол кезде оқи алады.
Аяқтағы жарадан шыққан қан Сұрақ: Аяғында грибок немесе жарасы бар адамның, түрегеп тұрғанда қысымның әсерінен қан немесе ірің шығу себебінен, дәретін бұзып алмауы үшін, намазын отырып оқуы жаиз ба? Жауап: Иә, жаиз. (Хиндийә) Мұндай жағдайларда Малики мазһабын тақлид еткен жақсы болады. Малики тақлид етілсе, шыққан қан, ірің дәретті бұзбайды. Осы секілді себептермен немесе басқа бір үзір себебімен Малики мазһабын тақлид етенде, Ғұсылда, дәретте және намазда Маликидің парыздарына және мүфсидтеріне мән берілуі керек.
Геморройдан аққан қан Сұрақ: Геморройым бар, қанап тұрады, іш киімім кірлейді. Дәретті болып тұруым қиын. Мұндай жағдайда не істеу керек? Жауап: Малики мазһабын осы жағдайға байланысты тақлид етсеңіз, геморройдан аққан қан, дәретті бұзбағанындай, нәжіс те болып саналмайды. Яғни, намазда тұрғанда қан ақса, әрі дәретіңіз бұзылмайды, әрі іш киімге жағылған қан, нәжіс болып есептелмегеніктен сол күйіңізбен намаз оқи аласыз. Намаздан алдын қан шықса, ол кезде де дәретіңіз бұзылмайды бірақ, мүмкіндік пен уақыт бар болса іш киімді ауыстыру керек, өйткені мазһабымыздан шыққанымыз жоқ. Мүмкіндік болмаса, сол күйде оқу жаиз болады.
Күніне бір рет Сұрақ: Әйел күніне бір рет келген ағынты үшін, Маликиді тақлид етеді ма? Жауап: Иә.
Маликиде үзір иесі болады Сұрақ: Күніне 2-3 рет ағынтысы (выделение) болған әйел үзір иесі болып есептеледі ме? Ағынтысының қашан келгенін сезбейтін уақыттар да болады. Дәретінің бар-жоқтығына әрдайым күмәнданады. Осындай жағдайда не істеу керек? Жауап: Ханафиде үзірлі бола алу үшін екі намаздың арасында ең болмағанда бір рет ағынты келуі керек. Яғни, үзірлі бола алу үшін ағынты бір күнде бес рет келуі керек. Ал Маликиде күніне бір рет, тіпті үш-бес күнде бір рет келсе де үзірлі болады. Сондықтан Маликиді тақлид етсеңіз ағынтылар дәретті бұзбайды, намазда келсе де зияны болмайды.
Сұрақ: Врач гинеколог әйелмін. Әйелдерде менструалдық яғни айлық әдет уақытының кезеңдеріне байланысты мөлшері және қоюлығы өзгеретін физиологиялық яғни табиғи ағынты бар. Бұл ағынты мәселесі дәрет және намаз тақырыптарында әйелдердің өмірдегі ең үлкен қиыншылығы. Менің бірнеше оранған достарым бар және бұлардың ешқайсысының бұл нәрседен яғни Малики мазһабын тақлидтен хабарлары жоқ. Әйелдер Малики мазһабын неге тақлид етпейді? Жауап: Білмегендері үшін. Бәлкім тартынып сұрақ сұрай алмауларынан осы қиыншылықты шегуде. Маликиді тақлид етсе оңай болады. Бұл ағынтылар дәретін де намазын да бұзбайды. Сонымен қатар іш киімдері де былғанған болса, тазасын табу қиын болса, оны ауыстырмай намазын оқи береді. Маликиде нәжісті тазалау парыз емес. Қиын, зәру (мәжбүр) жағдайларда нәжіспен намаз оқу жаиз.
Сұрақ: Табиғи ағынты сары ағынты ма, түсі қандай? Күйеуге тигендермен бойжеткендерде өзгеше бола ма? Менопаузадан кейін де табиғи ағынты бола ма? Бұл табиғи ағынты дегеніміз не, басқалардан айырмашылын қалай ажыратамыз? Жауап: Әйел врач Гинекологтың айтуы бойынша: Табиғи ағынты (выделение) деген нәрсенің түсі негізінде мөлдір-ақ арасында. Бұл ағынтылар киімде немесе мақтада жиналғанда және біраз уақыт өткенде сарғыш түс алады. Сондықтан киімде көрінетін сары түс табиғи. Күйеуге тигендермен бойжеткендерде бірдей. Менопаузадан кейін болмайды, тек егер гармондық дәрі қолданып жүрсе, бір мазасыздық бар болса сонда болуы мүмкін.
Маликиде бұзылмайды Сұрақ: Әйелдердің хайзы біткеннен кейін, истихаза яғни, үзір жағдайы болады. Жай ағынтылары (выделение) да болады. Осыған байланысты Маликиді тақлид ете алады ма? Жауап: Иә, тақлид етеді және бұл жағдайлар дәретті бұзбайды.
Ағынтысы болған Сұрақ: 13 жасында балиғат жасына кірген қызым ағынтының себебімен Малики мазһабын тақлид ете алады ма? Жауап: Әлбетте. Тақлид еткенде келген ағынтысы дәретін бұзбайды. |