20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Кешірімді қабылдамау

Кешірімді қабылдамау

36 - Мұсылманның кешірімін қабылдамау мәкрух. Хадис шәрифте: «Мұсылман бауырының кешірімін қабыл етпеу күнә болады» делінген. Кешірімді қабыл ету және құсыр, кемшіліктерді кешіру – Аллаһу та’аланың сипаттарынан. Мұндай болмаған адамға Аллаһу та’ала ашуланады және азап етеді. Кешірім сұрау үш түрлі болады: Не үшін жасадым? Немесе мына нәрсе үшін жасадым. Әттең жасамағанымда ғой деу. Немесе жасадым, енді қайталамаймын деу. Немесе жасамадым деп мойындамау. Жасадым, енді қайталамаймын деу, тәубе болады. Мүмин кешіруі үшін кешірім сұрауын күтеді. Мұнафиқ болса айыптарының, кемшіліктерінің айқындалуын, жариялануын қалайды.

Хадис шәрифте: «Пәк болыңдар. Жаман нәрселер жасамаңдар. Әйелдерің де таза болсын» және «Пәк болсаңдар, әйелдерің де пәк болады. Ата-аналарыңа жақсылық жасасаңдар, балаларың да сендерге жақсылық жасайды. Дін бауырының кешірімін қабыл етпеген адам, кәусар хауызынан ішпейді» делінген. Бұл хадис шәриф, дін бауырының жамандық жасағанын және кешірімінің өтірік екенін білмеген адам үшін. Себебі, оның кешірімін қайтару мұсылманға су-и зан ету болады. Өтірік екенін біліп кешірімін қабыл ету, кешіріледі. Кешіру, кешірімін беру уәжіп емес, мүстаһаб.