Құран кәрімді қате тәфсирлеу37 - Тәфсир – баяндау, айқындау, ашықтап түсіндіру, білдіру, мағынасын ашу дегенді білдіреді. «Тәуил» - ружу ету дегенді білдіреді. Тәфсир – мағына беру, ал тәуил - әр түрлі мағыналар арасынан біреуін таңдау деген сөз. Аяттарды өз пікірімен, өз көзқарасымен тәфсирлеу жаиз емес. Тәфсир риуаятпен жасалады. Тәуил дираятпен (қабілетпен) жасалады. Хадис шәрифте: «Құран кәрімді, өз көзқарасымен ашықтаған адам мағынасын дұрыс тапса да қателескен болады» делінген. Расулуллаһтан “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” және сахабалардан “радиаллаһу анһум” келген хабарлар мен ғалымдардың тәфсирлеріне және тәфсир ілімінің усулына қарамай және мужмәл, муфассал және умуми және хусуси болғандарды бір-бірінен айырмай және аяттардың түсу себептерін және насих яки мәнсух болғандарын іздестірмей берілген мағынаны, Аллаһу та’аланың сөзі ретінде айту дұрыс емес. «Тәфсир» – кәлам-и илаһиден (Аллаһу та’аланың сөзінен) мурад-и илаһиді (Аллаһу та’аланың мақсатын) түсіну деген сөз. Адамның өз ақыл-ойымен берген мағынасы дұрыс болса да, мәшру (шариғи) жолмен шығарылмағаны үшін, қате болады. Ал егер берген мағынасы қате болса, кәпір болады. Хадис шәрифтерді де, сахих немесе қате екендігін білмей тұрып айту, сахих болса да, күнә болады. Мұндай адамның хадис шәриф оқуы жаиз емес. Хадис кітаптарынан хадис нақл ету (жеткізу) үшін хадис ғалымдарынан ижазат (бата-диплом) алған болу керек. Хадис шәрифте: «Ойдан шығарылған бір сөзді, хадис ретінде айтқан адам, жаһаннамда азап көреді» делінген. Құран кәрімді, тәфсир ғалымдарынан ижазаты болмағанның да, тәфсир кітаптарынан алып айтуы және жазуы, жаиз. Жоғарыда білдірілген, тәфсир ету шарттарына ие болған адам, жазылған ижазаты болмай тәфсир және хадис нақл ете (жеткізе) алады. Ижазат беру үшін ақша алу жаиз емес. Құқығы бар адамға ижазат беру уәжіп. Құқығы болмағанға ижазат беру харам. Хадис шәрифте: «Құран кәрімге, құқығы (маманы) болмай мағына берген адам жаһаннамда азап көреді» және «Білмегенін хадис ретінде айтқан адам жаһаннамда азап көреді» және «Құран кәрімге өз көзқарасымен мағына берген адам жаһаннамда азап көреді» делінген. Бидғатшылардың, өздерінің қате сенімдерін дәлелдеу үшін, аят пен хадис оқулары, осындай. [Шииттер, Уаххабилер, Тәблиғ-и жамағат, Мәудудишілер және Сейид Қутбшылар осындай. Юсуф Нәбхани “рахметуллаһи алейһ” осындай қате тәфсирлерді «Шәуаһид-ул хақ» кітабында ұзақ түсіндірген. Құран кәрімнің сыртқы мағынасы болғанындай, ішкі мағынасы да бар деп, аяттарды өз ойларынша бұрмалаған [зындықтар] да осындай. Аятта өткен сөздердің, өз замандарында, өз араларында қолданылған мағыналарына қарай, тәфсир жасағандар да осындай. Османлы мемлекетінің ғалымдарынан Нух бин Мустафа Конеуи “рахимә-һуллаһу та’ала” 1070 [м.1660] жылы Каирде қайтыс болған. Мұхаммед Шихристанидің “рахимә-һуллаһу та’ала” «Милел уә Нихал» кітабына жасаған аудармасында былай дейді: «Исмаилийә» ағымында болғандар, Имам Жафар Садықтың үлкен ұлы Исмаилдың жолындамыз дегендері үшін, осы есімді алған. Бұларға «Батиния» ағымы деп те айтылады. Себебі, Құранның заһир (сыртқы) мағынасы болғаны сияқты, батин (ішкі) мағынасы да бар. Заһир мағынасы, фиқһшылар қалыптастырған белгілі және шектеулі нәрселер. Батин (ішкі) мағынасы болса, Құранның ішкі мағынасы болып, ұшы-қиыры жоқ теңіз деді. Заһир мағыналарды тәрк етіп, батин деп атап, өздері ойдан шығарған нәрселерге сенді. Ал негізінде пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” Құран кәрімнің заһир, ашық мағынасын білдірді. Заһир мағынасын тәрк етіп, ішкі мағыналар ойдан шығару күпір болады, зындықтық болады. Олар осындай қулықпен исламды жоюға тырысты. Өйткені «мәжусилер», яғни отқа табынатындар, Исламның жайылуын тоқтату үшін, басшылары Хамдан Қурмут, осы арандатушылықты ортаға шығарып, «Қарамита» мемлекетін құрды. Қажыларды өлтіріп, Хажари Әсуадты Қағбадан шығарып Басраға алып келді. «Жаннат, дүние ләззаттары, ал жаһаннам болса діннің үкіміне ұю» деді. Харамдарға көркем өнер деп есім берді. Ислам дінінің жаман мінез, арсыздық деп білдірген әдепсіздіктерге мораль тәртібі деп жастарды азғындыққа итермеледі. Мемлекеттері Исламға көптеген зиян келтірді. 372 жылы [м. 983] Аллаһтың азабына ұшырап жоқ болды.] Тәфсирді нақл жолымен жасау қажет. Тәфсир жасай алу үшін, мына он бес ілімді білу қажет: Лұғат, нахв, сарф, иштикак, мә’ани, бәйан, бәди, қираат, усули дин, фиқһ, әсбабы нузул, насих уә мәнсух, усули фиқһ, хадис, илми қалб. Осы ілімдерді білмеген адамның тәфсирге кірісуі жаиз емес. Ислам үкімдеріне мойынсұнған, расиһ ілімді ғалымдарға Аллаһу та’аланың тікелей берген іліміне «Мәуһибе» немесе «Көңіл ілімі» делінеді. Хадис шәрифте: «Ілімімен амал еткен адамға Аллаһу та’ала білмегендерін білдіреді» делінген. Жоғарыдағы он бес ілімге ие болмаған адамның, тәфсир етуі жаиз емес. Жасаса, өз көзқарасымен жасаған болады. Жаһаннамда жануға лайықты болады. Хадис шәрифте: «Қырық күн ықыласпен Ислам дініне бағынған адамның жүрегін, Аллаһу та’ала хикметпен толтырады. Ол хикметті айтатын болады» делінген. Муташабиһ аяттарға мағына берген адам, өз көзқарасымен тәфсир жасаған болады. Бидғатшылардың тәфсирі осындай. Құран кәрімдегі мәліметтер үш бөлімнен тұрады: Бір бөлімін Аллаһу та’ала ешбір құлына білдірмеген; Затының және сипаттарының ақиқаты және ғайыптан хабар беру осындай. Екінші бөлімді тек пайғамбарына ғана білдірген сырлары. Бұларды, пайғамбары “алейһиссалам” жалғыз Аллаһу та’аланың рұқсат берген адамдарына білдірді. Үшінші бөлімдегі ілімдерді пайғамбарына “алейһиссалату уәсәлләм” білдірген және барлық үмметіне білдіруін әмір еткен. Бұл үшінші бөлім де екіге бөлінеді: Біріншісі, тек естумен үйреніледі. Қияметтің халі осылай. Екіншісі, көріп зерттеумен және оқып мағынасын түсіну арқылы үйреніледі. Иман мен ислам білімдері осындай. Мүжтәһид имамдар да, Насстарда (аяттар мен хадис шәрифтерде) ашық білдірілмеген Ислам ілімдерін нақты түсіне алмаған, ихтилафқа (әртүрлі үкімдер шығарған) түскен. Осылайша амал етуде әр түрлі мазһабтар шыққан. Жоғарыда білдірілген он бес ілімге ие болған адамның шығаратын мағыналарына тәфсир делінбейді, «Тә’уил» делінеді. Өйткені, бұл мағыналар да өз көзқарасы болады. Яғни түсінген әр түрлі мағыналарының бірін таңдауда өз көзқарасын қолданады. Таңдалған мағына аяттардың және хадистердің ашық мағыналарына немесе ижмаға сай болмаса, фасид болады (қабылданбайды). «Бәриқа» кітабының соңында, билеудің харам екендігі түсіндірілгенде былай делінеді: «Бізге тәфсир кітаптарында жазылғандарға қарап амал ету әмір етілмеді. Фиқһ кітаптарына бағынуымыз әмір етілді.»
|