Жетімдерге қамқорлық жасауСұрақ: Жетімге жақсылық жасаудың немесе оны ұрудың немесе хақысын жеудің діндегі орны қандай? Жетімдік қанша жасында бітеді? Жауап: Өсіп, есейген бала жетімдіктен шыққан болып саналады. Жетімге жақсылық жасау өте үлкен сауап. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Жетімге жақсы тәрбие беріп өсірген адаммен қияметте бірге боламыз» (Бұхари). «Туыс немесе бөтен бір жетімді өзін құтқарғанға дейін баққан адамға жәннат уәжіп болады». (Әбу Дауд). «Аллаһу та’ала жетім баққан және оған жақсылық жасалған үйді жақсы көреді». (Табарани). «Жетімге жақын бол, оған мейірімділік ет, басын сипа, онымен бірге тамақ же! Осылай еткен адамның көңілі (жүрегі) жұмсарады және қажеттіліктері орындалады». (Хараити). «Сабыр етіп, сауабын үміттеніп жетім баққан адаммен жәннатта бірге боламыз». (Табарани). «Жәннаттың есігін ең бірінші мен ашамын. Сол кезде бір әйел менен бұрын әрекет етеді, одан кім екенін сұраймын, ол: «Жетім қалған балаларыма қараған адаммын» деп айтады». (Әбу Йала). «Үйлердің ең жақсысы жетімдерге жақсылық жасалған үй. Ал ең жаманы жетімге жамандық жасалған үй». (Ибн Мажә). «Балаларының барлығына бірдей қарап, жетімге әділетсіздік еткен адам Аллаһтан алыстаған болады». (Ибн Асакир). «Жетімдердің, кедейлердің тіршілігін өз мойнына алған адам Аллаһ жолындағы мүжаһид сияқты болады немесе күндіз саим (ораза тұтқанның), түнде қаим (ғибадат еткеннің) сауабына қауышады». (Бұхари). «Жәннатқа «Дар-үл-фәраһ» деген сарайға тек мүминдердің жетімдерін қуантқан адам кіреді». (Нәжжар). «Көңіліңнің жұмсаруын және қажеттілігің орындалуын қаласаң, жетімге мейірімділік етіп басын сипа және жегеніңді оған да жегіз». (Табарани) (Жетімнің басын сипаған адамға қажылық сауабы берілетіні де білдірілген). «Жетімді жылатудан сақтаныңдар». (Исфахани). «Мына екі әлсіз жайлы Аллаһтан қорқыңдар! Тұл (күйеусіз, жесір) әйел және жетім бала». (Бәйһақи). «Жетім шәкіртіне шамасы жетпейтін істі істеткен ұстазға өте ауыр азап бар». (И.Рафии).
Жетімді қуанту Сұрақ: Жетімнің басын сипаған адамға көп сауап берілетіні білдірілген. Жас шектеуі бар ма? Жауап: Иә, жас шектеуі бар. Өсіп, есейгенде жетімдік аяқталады. Жетімнің басын сипаудың мақсаты – оны қандай да бір жолмен қуанту. Міндетті түрде басын сипау керек деген нәрсе жоқ. Мысалы оның бір қажеттілігін алып беру арқылы оны қуанту керек. Басын сипап тұрып «Сен өзің қандай тентек баласың» деп оған ұрсатын болсақ, басын сипаған боламыз, бірақ қуантқан болмаймыз. Хадис шәрифте былай делінген: «Тек Аллаһ разылығы үшін жетімнің басын мейірімділікпен сипаған адам қолы тиген шаштарының санындай сауапқа кенеледі». (И.Ахмед). Демек, оның шашын сипаған кезде Аллаһ разылығын ойлау керек. Әркімді қуанту сауап, бірақ жетімді қуанту одан да үлкен сауап. Әркімді ренжіту күнә, ал жетімді ренжіту одан үлкен күнә. Әркімнің мүлкіне әділетсіз түрде қол салу, хақысын жеу харам, бірақ жетімнің хақысын жеу одан да үлкен күнә болады. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Үлкен күнәлар жетеу, олардың бірі жетімнің мүлкін жеу». (Бәззар). «Қияметте Аллаһтың құзырында үлкен күнәлардың ең үлкенінің бірі – жетімнің мүлкін жеу». (Ибн Хаббан). «Аллаһу та’ала жетімнің мүлкін жеген адамды жәннатқа кіргізбейді». (Хаким). «Қияметте бір қауым ауыздарынан от шашып қабірлерінен тұрады. Аллаһу та’ала (Ниса сүресінің оныншы аятында) «Жетімнің мүлкін әділетсіз жеген адамдар іштеріне от салған болады. Олар жалындап жанған отқа тасталады» деген». (Әбу Йала). Жетімдерге жақсылық жасалуы және нафақа берілуі әмір етілді. (Бақара 83, 215). Жетімді ұрсып қуып жіберіп, хақысын күшпен тартып алған адамға өте ауыр азаптар бар. (Маун 2).
Хазреті Яқуб және жетім Бір адам Яқуб алейһиссаламнан сұрайды: - Көзің не үшін көрмейді, белің не үшін бүкір болып қалған? - Көзім Юсуфқа жылағаным үшін көрмей қалды. Бүняминге ренжігенім себепті белім бүкірейіп қалды. Осы кезде Жәбрейіл алейһиссалам келіп былай деді: - Жағдайыңа шағымданып жатырсың ба? - Мен тек қайғы-қасіретімді Аллаһу та’алаға білдіріп жатырмын. Йа, Раббым, көзі көрмейтін, белі бүкірейген мына кәрі шалға мейірімділік ет! Екі баламды маған қайтарып бере гөр! Жәбрейіл алейһиссалам: - Аллаһу та’ала сәлем айтып жатыр және былай деді: «Екі ұлың өлі болғанда да сені қуанту үшін оларды тірілтірер едім. Көзіңнің көрмеуі және беліңнің бүкіреюінің себебі мынау: Бір күні ораза тұтқан, қарны аш, кедей бір жетім саған келген еді. Кейін қой сойып отбасыңмен жеген кезде оған да жіберуді есіңе түсіре алмадың. Мен жетімдер және кедейлерді жақсы көргенімдей еш нәрсені жақсы көрмеймін. Кәне, ас дайындап, кедейлерді шақыр!». Яқуб алейһиссалам ораза тұтқандарды кешке, ораза тұтпағандарды таңертең асқа шақырды. (Хаким). Белгілі болғанындай, ақыры екі баласына қауышты. Олай болса, жетімге мейірім ету керек, зұлымдық жасамау, ақысын жемеу керек! |