Жүз шәһидтің сауабыӘһли хикмет ғұламалар былай деген: Сүйікті пайғамбарымыз: «Үмметім бұзылған кезде, бір сүннетімді орындағанға жүз шәһид сауабы бар» – деген. Яғни, халал-харам, жақсы-жаман, дұрыс-қате, күпір-иман бір-бірімен араласып кеткен ала-сапыран замандарда бір сүннетті орындаған адамға, орындатқан және орындаған адамға Аллаһу та’ала жүз шәһид сауабын береді. Егер бұл сүннет емес, уәжіп немесе парыз, тіпті иман болса, берілетін сауап бұдан мыңдаған есе көбірек болады. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарында иман ілімдерімен қоса бұлардың бәрі бар. Бұл құнды кітаптарды жаятын, оқитын, мойынсұнатын адам жүз шәһид сауабына қауышады. Тіпті бұл кітаптарды жайған адамның намазы уақытында оқылмай, қазаға қалдыру күнәсы бар болса, ол да кешіріледі, жазасынан құтылады. Бір намазды уақытылы оқымай қазаға қалдыру өте үлкен күнә. Қаза етсе де, бұл қазаға қалдыру, уақытында оқымау күнәсынан тек қабыл болған қажылықпен немесе осы кітаптарды жайып құтыла алады. Тікелей өзі істей алмайтын болса, істеп жатқандарға мал-мүлікпен қолдау көрсеткен адам да осы сауаптарға қауышады. Тіпті мужаһидтерден (жихадқа қатысушылардан) көбірек сауапты, мужаһидтерді жабдықтаған, қару-жарақтарын жетістірген адамдар алады. Бұлар болмаса, мужаһид несімен соғысады? Хазреті Османның үлкен дәрежесі де осыдан келеді. Тіпті ешқандай есепсіз жәннатқа кіреді. Мал-мүлкімен қолдау көрсеткені соншалық, пайғамбарымыз: «Йа Раббым, Османнан есеп сұрама!» деп дұға етті. Мұсылман істеген жақсылықтарын және өзіне жасалған жамандықтарды дереу ұмыту керек. Бірақ Аллаһу та’аланы және өлімді мүлдем ұмытпау керек. Шайтан адамдарды харам жолмен алдауға қарағанда ғибадат жолымен көбірек алдап құлатады, кібірлікке, ужбқа түсіреді, яғни ол адам өзін және ғибадаттарын ұнатады. Бір бай мұсылман қасиетті Рамазан айының әр күнінде өте үлкен дастархан жаяды. Сол аймақтың бүкіл кедейлері қолдарындағы ыдыстарымен келіп, тамақ алып кетеді. Намазын қалдырмай оқитын, аузы дұғалы бір қарт кісі бар екен, ол да тамақ алуға келеді. Шайтан адамдарына: «Бұл қарттың ғибадаттарын қалай жоқ қылатыныма қараңдар» – дейді. Бірден жас жігіт кейіпіне еніп, тамақ алу сылтауымен қолына бір ыдыс алады. Бірақ кезектің артына тұрмай, қарттың дәл алдына өтеді. Қарт: «Неге кезектің соңына тұрмадың?» – деп сұрайды. Жас жігіт: «Аға, аштықтан өліп барамын, мен бүгін ораза ұстадым, алға өтуге ақым бар ғой» – дейді. «Сен бір күн ораза ұстаған болсаң, мен үш ай бойы ораза ұстаудамын. Ол ақыға мен сенен лайықтырақпын» – дейді. Шайтан адамдарына көзін қысып, «Олай болса ақы әрине сіздікі» – дейді және қартқа осылайша елден жасырын орындаған нәпіл ғибадатын өз ауызымен айтқызып, оны рияға түсіреді... |