Хикметтен туындаған жақсы мінездерЕКІНШІ БАП
Бұл жерде төрт негізгі жақсы мінездің бөлімдері жайлы айтылады. Осы негізгі төрт мінезден тарайтын жақсы мінездер, санай алмайтындай дәрежеде көп. Бұлардың әрбірін түсіндіруге адамның күші жетпейді. Бұл бөлімде ислам ахлақымен айналысқан ғалымдардың тоқталып өткен мәселелері баяндалады. Хикметтен жеті жақсы мінез туындайды: 1) Біріншісі «Зеректік». Қабілет, икем, әдет, дағдылық. Мұның жәрдемімен адам мәлім нәрселерден беймәлімдерін шығарады. Дәлелдерді бір араға жинап, іздеген нәрселерін табады. Бұған қол жеткізу үшін, белгілі нәрселердің жәрдемімен белгісіз болған нәрселерді табуға талпыну, математикалық және геометриялық есептерді шешу қажет. Адамдардың зеректігі әр түрлі дәрежеде болады. Зеректіктің ең жоғары дәрежесіне «Дaха» (Данышпан, кемеңгер) делінеді. Зеректік «тест» әдісімен өлшенеді. Жиырмасыншы ғасырдың атақты психологтарынан aмерикалық Терман[1] былай дейді: «Зеректікті тест әдісімен өлшеу, алғаш Османдықтарда жасалды. Осман әскерлері Европада ілгеріледі. Вeна қолдан кетіп жатыр еді. Вeна берілсе, бүкіл Европаның мұсылмандардың қолына өтуі өте оңай болатын. Османдықтар, Европаға Ислам мәдениетін алып келді. Исламның ілім, жаратылыстану, ахлақ нұрлары, христиандықтың қараңғылатқан, тұмшалаған жерлерінің орнына, әділдік, адамгершілік, тыныштық пен бақыт шашты. Ғасырлар бойы, диктаторлардың, капиталистердің, поптардың зұлымдығы астында езілген, варварланған Европа ислам әділдігімен, Ислам ілімдерімен, ислам ахлағымен, адами құқықтарына қауышып жатыр еді. Европа диктаторлары және ең алдымен христиан шіркеулері, Осман әскерлеріне қарсы соңғы күштерін жұмсап жатты. Бір түнде Стамбулдағы ағылшын елшісі Лондонға тарихи хатын жолдады. «Таптым... Таптым!.. Осман әскерінің ілгерілеу, жеңістен-жеңіске ұластыратын сырын-себебін таптым. Оларды тоқтатудың жолын таптым» дейді. Былай жазады: Османдықтар жеңіске жеткен барлық жерлерінде дініне, ұлтына, нәсіліне қарамай балалардың зеректігін, зейінін өлшейді. Зейіні жақсыларды бөліп, медреселерде оқытып, ислам тәрбиесімен жетілдіреді. Олардың арасынан жақсы деп шешкендерін, сарайдағы Андарун деп аталатын жоғары оқуда, сол заманның ең озық білімдерін береді. Міне, Османдық саясат адамдары, басқарушылары, осылай іріктеліп, дайындалған өткір зейінді тұлғалардан тұрады. Соколлу паша [Бойко Соколович] және Көпрулу сияқты іріктелген саясат және әкімшілік адамдары осылай шығуда. Османдықтар ағымын тоқтатып, христиандықты құтқарып қалудың жалғыз бір ғана шарасы - Aндaрун мектептері мен медреселерін таратып жіберу, оларды іштей құлату». Осы хаттан кейін, Англияда «Отарлау министрлігі» құрылды. Ол жерде дайындалған тыңшылармен христиан миссионерлері және масондар, өтірік пропагандалары мен алтынмен апталған уәделері арқылы тұзақтарына түсірген сауатсыз және тексіздерді Осман мемлекетінің [және барлық мұсылман елдерінің] маңызды лауазымдарына отырғызуды және осы куклалардың қолымен, медреселерден жаратылыстану, ахлақ сабақтарын, тіпті, жоғары діни білімдерді алып тастап, мұсылмандарды сауатсыз қaлдыруға тырысты. Осы зымиян жоспарларын, 18 ғасырда жүргізілген саяси реформалар аркылы жүзеге асырды. Соңында Ислам мемлекеті құлады. Исламның дүниеге жайған бақыт, тыныштық нұрлары сөнді. 2) Сурат-и Фәһм. Бұған «Сурат-и интиқал» да делінеді. Керек кезде, қажетті нәрсені дереу, дер кезінде түсіне білетін қабілет. Бір нәрсе естігенде, оның терісін, қарама-қайшылығын да дереу түсінеді. Зеректік - ойлауда және зерттеуде, яғни пікірде және назарда болады. Білінген нәрселерді зерттеп, олардан білінбеген бір нәтиже шығарады. Сурат-и Фәһм болса, пікірден және назардан басқа нәрселерде болады. 3) Зейіннің ашықтығы. Қалаған нәрселерді дереу түсіну, қолға түсіру. 4) Мұқият болу. Ойлар кедергі болмай, қалаған нәрсеге бет бұру, жылы шырай таныту. 5) Тә’аққул. Қажет нәрселерді үйреніп жатқанда, барлық нәрсенің шегінен аспау, шамадан тыс кетпеу. Яғни ондай қабілет иелері қажет болғанды тәрк етпейді, қажетсіз болғандармен де айналыспайды, уақытын өлтірмейді. 6) Тахаффуз, яғни ұмытпау. Рухтың, ақыл жеткізген, түсінген білімдерді ұмытпауы. 7) Тәзәккур. Мидағы білімдерді, қалаған уақытында еске түсіру. ______________________
[1] Терман х.1380 [м. 1960] ж. әлі өмірде еді.
|